2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет111/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
А. Б. 
 
 


102 
 
МЕМЛЕКЕТ КҮЙІ 
Саясат  майданында  жарысқа  түсіп,  ел  тартарда  большевиктердің  ұстанған  іргелі  іс, 
тартқан  шырғасының  бірі:  «Соғысты  дереу  тоқтату,  есепсіз-қисапсыз  жалпы  жер 
жүзіндегі  жұрттың  бүтіндігіне  ірге  боларлық  бітім  жасау,  әр  жұрттың  бас  билік  тізгінін 
өзіне алып беру» еді. 
Жер  жүзінде  соғыс,  қантөгіс  жоғалса,  әр  жұрттың  бас  билік  тізгіні  қолына  тисе,  мал 
талаудан,  жан  қамаудан  көз  ашып,  сөз  бостандығы  орналса,  жұрттың  іздегені  не?  Қой 
үстіне  бозторғай  жұмыртқалайтын  қызық  заман  сол  емес  пе?  Бұл  ұранға  кім  иімес,  кім 
ермес?! 
Жалпы  жұрт  бүтіндігі  табылмады:  соғыс  бір  жерде  тоқталса,  басқа  жерде  өрбіді.  Соғыс 
тоқталған жерде бітім негізі айыпты-қиыпты болды, дегенімізге жете алмадық. Кісідегінің 
кілті  аспандағыға  ұшырадық.  «Санасымен  байыған  сартқа»  ұқсадық.  Араны  ашылған 
немістер бітім шарттарын өздері жасап, «Қашқан жауға қатын — ер» дегендей көк сауыт, 
балта-шоқпарды салдырлатып келіп, бізге тек қол ғана қойғызып отыр. Көмек күтіп, бар 
сенгеніміз  Еуропа  пролетариаты  (еңбегін  сатып  күн  көргендер)  селт  етіп,  ұранға  қызып, 
дөң басына шығуға жарай алмады. Бүгін болмаса ертең, я арты күні Еуропа пролетариаты 
көтерілер,  өз  ішіндегі  жауынгерлердің  аптығын  басар,  қарындастан  ауысқан  жер-суды 
қайтарар деп сеніп, сағым үміттің үстіне мініп біз отырмыз. 
Бұл турада совет хүкіметіне кінә қоюға болмайды. Себебі, әлінше тартысты, алысты, бірақ 
шамасы  келмеді.  Бітім  кілті  біреудің  қолында  болды.  Біздің  айтпағымыз  —  бітімнің 
екінші қабаты әр жұрттың бас билік тізгіні өзіне тию. Россия ішінде іске асырамын десе, 
бұл совет хүкіметінің қолынан келетін іс. 
Өткен  жылғы  июнь  айында  Петроградта  болған  советтер  сиезінде  «Россиядағы 
жұрттардың  бас  билік  тізгініне  ие  болуға  хақы  бар»  деп  қаулы  қылған  еді.  Октябрьде 
болған советтердің 2-ші сиезінде жоғарыдағы қаулыны екінші рет бекітіп, бұлтақсыз іске 
асыру керек деп тағы да қаулы қылған еді. Осы екі қаулыға сүйеніп, совет хүкіметі өткен 
декабрьдің  ішінде  бүкіл  Россиядағы  жұрттарға  «Бас  билік  тізгінің  өзіңде.  Мейлің 
Россиямен  қанаттас  автономия  болып  отыр,  мейлің  Россиядан  бөлініп,  өз  алдыңа  жеке 
мемлекет бол, ерік өздеріңде» деп жария қылған еді. Бұл жоба заңдарға қоса тіркелген еді. 
Кіндік совет хүкіметінің босаң ұстағанынан, я болмаса бергі жердің советтерінің жоғарғы 
советке  мойынсұнбай  бетімен  іс  қылғандығынан  ба,  я  басқа  себептерден  бе,  қайсысы 
болса да жоғарғы заң бұл күнге шейін іске аспаған еді. 
Бостандық туып, түрлі тіл, түрлі дінді Россиядағы бұратаналардың неше жүз жылдан бері 
байланған  шерін  тарқатты.  Көміліп  тот  басқан  асыл  ұлт  мақсаттарын  ашты.  Әр  жұрт 
жыртылғанын  бүтіндеп,  ескіргенін  жаңғыртып,  жоғалғанын  іздеп  жұмылып,  ұлт 
жұмысына  кірісіп,  бөлек  ауыл  болу  ниетінде  автономияларын  жариялап,  хүкіметтерін 
көтерген еді. Сібір, Түркістан, Башқұртстан, Кавказ, Украина тағы сол сияқтылар. 
Саяси ауасымен ағып автономия жарияламасақ та, біз де сол нысанаға бетті байлап, 2-ші 
қазақ-қырғыз сиезінің қаулысын іске асыруға қам қылуда едік. 
Автономиялардың  көбі  іске  аспады:  большевиктер  бұларға  қарсы  тұрып,  көбінің 
«ойламаған  жерінен  оңқа  шығарып»  кетіп  отыр.  Әуелгі  большевик  хүкіметінің  орыс 
патшалығының  ішінен  ірге  теуіп,  орын  алған  уақытындағы  комиссарларының  «Әр 
жұрттың  жұртшылық  теңдігі  өз  тізгінін  өзі  алуымен  білінеді.  Сол  себепті  әр  жұрттың 
еселі  сыбағасына  қол  сұғу  ел  қорғаны,  адамшылық  қорғаны  болатындардың  ісі  емес, 
«міне, жұрт, елдігің, міне, теңдігің» деген тәтті сөздер жұртқа мәлім шығар. Астаң-кестең 


103 
 
болып  жатқан  Россия  мемлекетінің  ішінде  бір  шетте  отырып  айтылған  бұл  сұлу  сөздер 
ұзап  ешқайда  бара  алмай,  орын-орнында  қалды.  Халық  комиссарлары  сөзімен  жұртты 
қуантып отырса, жергілікті советтер ісімен қуаныштың бетін қанға былғап отыр. Мұндай 
күйге қай халықтардың ұшырағаны газетіміздің өткен нөмерлерінде жазылды. 
Ол  оқиғалардың  бәрі  де  іс  пен  сөздің  қайшы  келгендігін  көрсетіп  отыр.  Бұл  неден? 
Еуропаның ежелден тұтынып келе жатқан «істі мақсұт ақтайды» деген саяси үлгісінен бе, 
я басқа себептен бе, ол ашылмайды. 
Осымен  бұл  уақыттағы  өзіндігін  аңсаған  жұрттардың  бәрінің  де  маңдайы  тасқа  тиіп, 
дағдарып  тұр  еді,  жақын  арадағы  хабарлар  ол  үмітті  қайта  тірілтіп  отыр:  Украина 
автономия  алып,  кешегі  қайтер  екен  деп  жұрттың  көз  тіккен  Башқұртстан  да 
автономиясын  иғлан  қылып  отыр.  Күйі,  мұңы  бір  башқұрт  бауырларымыздың  мұндай 
сағынған  күніне  қолы  жетіп  отырғанына  қуанамыз.  Көп  өмір  жасауына  тілектеспіз. 
Башқұрт  бауырларымыздың  басына  келген  қызықты  күн,  Башқұртстанға  ғана  туған  күн 
емес, бұл бәрімізге бірдей атқан таңның белгісі деп білу керек. Бұл біз секілді жұрттардың 
бәрінің тілегін өмірге шақырған үміт. 
Жоғарғы  Алаш  автономиясы  туралы  хабарды  бұл  мақала  теріліп  қойғаннан  кейін  алып 
едік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет