95
Періште боп көкке ұштың.
Қандай жанға қастық қып,
Кіммен баққа таластың!
Жат жігерің жастық қып,
Қаһарманы Алаштың!
Ойлатып хал, шағыңды,
Таңба салдың жүрекке,
Бірақ
сенің бағыңды,
Таппас ешкім тілеп те.
Әрі тұңғыш, әрі тақ,
Күнәсі жоқ меймандос!
Қонағыңды күтіп ап,
Ұлттың ұлы, қош бол!
Табыт
МҰСТАФА ХАТЫ
«Бірлік туының» 24 нөмерінде басылған төменгі «Мұстафа хаты» деген мақаланы біз де өз
тұсымыздан жұртқа естіртуді лайық көрдік. Бұл хат туралы «Бірлік туы» мынаны жазады:
«Аттың сыры шапқанда білінеді, жолдастың сыры сасқанда білінеді. Енді Алаш халқы
мынау бір азаматының жолдасынан көрген «игіліктерін» өз хатынан оқып көріп сынасын.
Бауыр қандай, жат қандай, Алаш қандай, сарт қандай екені осы хатты оқыған адамға ап-
айқын-ақ көрінер. «Өз өлтірмейді, жат жарылқамайды» деген атамыздың терең мағыналы
ескі мақалы осындайда амалсыздан еске түседі...»
Достарыңызбен бөлісу: