2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет108/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
ХАТ 
31 январь күні күндізгі сағат 2-де Қоқан большевиктерінің бізге тапсырған ультиматумын 
сөз  қылып  отырғанымызда  тасыр-тұсыр  атылған  мылтықтың  дауысы  шықты.  Бақсақ, 
мылтық атысып, соғыс бастаған большевиктердің солдаттары екен. Большевиктердің бұл 
ісі  өздерінің  ультиматумында  қойған  шартнамасына  қарсы  келді.  Олар  ультиматумда 
мәміле шарттарын кеңесуге үш сағат срок қойған еді. Һәм ол сроктың уақыты сағат екіден 
20 минут өткенде ғана бітетін еді. 
Сөйтіп большевиктер өз серттерін өздері бұзып, мәміле сөздің жолын бөгеді... 
«Шура  и  исламия»  үйінде  жиналып  отырған  хүкімет  адамдары  бар  һәм  басқалар  бар 
большевик солдаттары жақындап келе жатыр деген хабарды айтысып, жан-жаққа тарасып 
кетті. Сонан хүкімет адамдарына енді қайтып екінші бас қосуға ешбір түрлі жол қалмады. 
Себебі большевиктердің мылтық атқан дауысын естіген соң мұсылмандар қолдарында бар 
қару-жарақтарын  алып,  көшеге  шығып  қалды.  Алдында  хүкіметтің:  «Большевиктерге 
қарсы  қару-жарақ  алып  шықпаңдар,  әлі  де  болса  мәмілеге  келерміз»  деген  сөзіне  олар 
құлақ қоймады. Өйткені олар большевиктердің мәміле сөз бітірместен мылтық атуға бас 
салғанын  көрген  соң  бұлар  жалғыз  хүкіметке  емес,  бәлки,  бүкіл  мұсылман  халқына  жау 
болды деп өз беттерімен қимыл қыла бастады. Сонан соң-ақ хүкіметтің ол арада істейтін 
қызметі қалмады. 


96 
 
Қоқанда  болған  бұл  көңілсіз  оқиғаның  саяси  себептерін  бастан-аяқ  түгел  жазуға  әзір 
замана көтермейді. Соның үшін мен бұл жерде бұл оқиға басталғаннан кейін өз басымнан 
өткен ахуалды ғана көптің алдына ұсынғым келеді. Аудара қарап, ақтара түсінген адамға 
бұл жазғандарымнан да бірсыпыра саяси қыртыстар көрінер. 
Большевиктердің  оғынан  қашып,  Қоқан  қасындағы  қышлақтардағы  сарт  ағайындардың 
ішінде 5-10 күн жүрдім. Сол азғана күннің ішінде көрген жәбір-жапамды дұшпан да болса 
Құдай большевиктерге көрсетпесін... 
Ергеш  қарақшы  бас  болып  Қоқанда  сарттар  большевиктермен  соғыс  бастағанда  оларда 
жеңілеміз деген ой тіпті болған жоқ. Соның үшін олар:  «Енді сарт заманы болып қалды, 
Ергешті  хан  көтереміз,  Ферғанада  сарттардан  басқа  жан  қалдырмаймыз,  қазақ  пен 
большевиктердің  ешбір  парқы  жоқ;  ноғай  болса,  ол  мұсылман  емес.  Себебі  Қоқанда  бір 
ноғай мұғалімнің аяғын құбылаға беріп ұйықтап жатқанын көрдік» деп қышлақ сарттары 
үрген  местей  көмпиіп,  сарттан  басқа  жанның  бәрін  қырып  жібермекке  бел  байлап, 
қолдарына пышақ, балта, шот, кетпен, орақ, арқан-жіп, қанжарларын алып, көшеге симай 
күмпілдесіп кетті. Большевиктен қашып паналап, мұсылман баласын дос көріп, заманасы 
тасыған сарттардың ішіне нағыз сол кезде мен де келіп қалып едім. 
Көрген-білгеннің  бәрін  бұл  арада  тегіс  айтып  болмайды.  Оның  бәрі  жаза  берсе,  қағаз 
бетіне  де  сыймайды.  Соның  үшін  бір  жолы  басымнан  өткен  оқиғалардың  да  ең  орасан 
көзге түскендейлерін айтып өтемін. 
20  (7)  февраль  сәрсенбі  күні  Гаухана  деген  қышлақтан  бүкіл  Ферғанаға  белгілі 
Муймүбәрәк  дейтін  қышлақта  тұратын  Мұсажан  қажы  деген  ишанның  (ғалым)  баласы 
Ғұмархан төремен бірге Илеш қышлағының үстін басып, Қомбасты қышлағына келдік. 
Жолдасым  атты,  мен  жаяу.  Сарттар  жалдап  мінуге  көлік  бермеді.  Үстімдегі  киген 
киімдерім сарт киімдері: аяқта кебіс мәсі, үстіде ала шапан, баста қазандай ақ сәлде. 
Барар  жерім  белгісіз  болған  соң  Қоқандағы  соғыс  басылғанша  өзіміздің  сарттардың 
ішінде  қауіп-қатерден  жырақ  жүре  тұрармын  деген  ой  ғой  мені  бір  қышлақтан  бір 
қышлаққа тентіретіп жүрген. 
Қомбастыға келген жерде шетінен қару-жарақ асынған 20 шақты сарттар келіп, мені шап 
беріп ұстай алды. 
— Сән кимсән? 
— Мұсылманмын. 
— Қайсы мұсылмансың? 
— Қазақпын. 
— Қазақ қашаннан бұян мұсылман? 
— Әлімсақтан бері мұсылман. 
— Шу қазақтың мұсылманлығыға бізнің шекиміз бар? 
— Сендердің шектерің болса, біздің қазақтың шаһды бар. 
— Шаһды нимә? Қаны айтың? 


97 
 
— Шаһды — шиш кәлиме диние. Ол шиш кәлима динәні маған бастан-аяқ түгел айтқызып 
шықты.  Құдай  бақ  беріп,  жас  күнімде  жаттап  алғандарымның  ұмытылмағаны  мұндай 
әбиур болар ма! 
Осындай  тергеу  қылып  болған  соң  менің  мұсылман  екендігіме  сарттар  анық  сенгендей 
болса  да,  онымен  қоймай  тұс-тұстан  анталап,  ол  жер  бұл  жерімді  шұқылап, 
мұсылманшылықтың онан да гөрі көзге көрінетін «нышанын» іздей бастады. Сол уақытта 
қасымдағы менімен бір жетіден бері таныс жолдасым Ғұмархан төре ат үстінде маңқиып, 
тамаша қылып тұрғаннан басқа ешбір жәрдем көрсете алмай, ол бүкіл Ферғанаға атақты 
бір  ишанның  баласы  болғандықтан  маған  жәрдем  қылайын  десе  бір  ауыз  сөзі  ем  еді. 
Ақырында  мынау  сарттардың  жуық  арада  мені  жібермейтініне  көзі  жеткен  соң  атын 
борбайға бір салып, «шу» деп жүріп кетті. 
Сарттар менің мұсылмандық жағымнан ешбір кінә таба алмаған соң: 
—  Сен  қазақ  бұл  жақта  қайдан  жүрсің?  —  деп  сұрады.  Мен  өтірік  қоспай,  жайымды 
айттым  һәм  Мұсахан  қажы  ишанның  үйінде  бірнеше  күн  мейман  болып  жатқанымды 
сөйледім. 
—  Мұсахан  қажы  ишанның  үйінде  жатқаның  рас  болса,  оның  баласы  сені  неге  тастап 
кетеді?  —  дейді  сарттар.  Мен  олардың  бұл  сауалына  не  деп  жауап  берерімді  білмедім. 
Жолдасым  молла  Ғұмархан  көңіліне  ғылым  толып,  онда  жолдас  хақылыққа  да  орын 
қалмаған екен. 
Енді сарттар мені осы жерден ұстады. «Бәрібір бұл кім болса, ол болсын; қайдан шықса, 
онан шықсын, әйтеуір, сарт емес екендігі ақиқат. Онан өзі де танбады. Мұны өлтіру керек. 
Енді  заман  —  сарттікі.  Бізге  қазақ  та  бір,  большевик  те  бір»  деп  қолымнан  жетектеп, 
қышлақтың  шетіне  қарай  көшеменен  «қазақ  ұстадық»  деп  айқайлап,  тұс-тұстан  адам 
шақырып, алып жөнелді. 
Мені өлтіруге жиналған адамның саны 70-80-дей болды. Бәрінің қолдарында қаруы бар: 
мылтық, айбалта, қанжар, пышақ, келтек, сота, шоқпар... Менде өлмеймін деген ойға орын 
қалған  жоқ.  Ақыры  өлтіреміз  ғой  деп  сарттар  мені  ұрып-соғып  әуре  де  болған  жоқ.  Екі 
көшенің  айырылатұғын  жерінде  үлкен  бір  ағаштың  түбіне  отырғызып,  сарттар  мені 
өлтірудің жабдығына кірісе бастады. 
Екі қолым артыма таңулы, екі көзім байлаулы. Мойнымда қара қайыстан тұзақ — ажалды 
күтіп  мен  отырдым.  Сарттардың  ниеті  мені  екі  аяғымнан  ағашқа  асып  қойып,  атып 
өлтірмекші. Өзгелерден көрі маған рақым қылған сарттар бытырамен атса, жаны қиналар 
деп мылтыққа жалғыз оқ салдырды. Құдайдың ғажап құдіретіне, әділдігіне күмән келтіріп 
болмайды. Дәл осы тайғақ кешу, тар жолда Алла әділдігі алдымнан шықты. 
Енді  асамыз  деп  даярланып  отырғанда  бір  сарт  келіп,  «Сендер  мұны  қазақ  дейсіңдер, 
қазақтың  да  неше  түрлісі  болады.  Бұл  өзі  қандай  қазақ  екен,  көрейік»  деп  көзімді 
шешкізді.  Ол  сарт  көзімді  шешкен  соң,  бетіме  тура  қарап  жіберіп:  «Ассаламуәлейкум, 
Мұстафа  әфенді»  деп  жалма  жан  байлаулы  қолымды  босата  бастады.  Екі  көзі  жасқа 
толып, мойнымдағы тұзақты пышақпен қиып жіберіп, отырған орнымнан тұрғызып, өзге 
сарттарға  менің  кім  екенімді  баян  қылып,  көп  сөз  сөйледі.  Сонан  соң  есірген  сарттар 
өздері  өлтіруді  қойып,  мені  Қоқанға  Ергеш  қарақшының  алдына  жібермекші  болып, 
шаһарге бара жатқан адамдардың біреуінің артына мінгестіріп жөнелтіп салды. 
Енді  әлгі  мені  өлімнен  құтқарған  сартқа  келейін.  Бұл  сарт  (атын  білмеймін)  былтыр 
мердікер болып, соғыс тарапына барған көп сарттың бірі екен. Ол былтыр жұмыс басында 
жәбір  көріп,  Ферғанаға  қашып  бара  жатқанда  Петерборда  маған  кез  болып,  менен  жол 


98 
 
қаражаттық  пұл  алып,  қажеті  шыққан  екен.  Һәм  былтыр  мен  биыл  менің  Петерборда, 
Түркістанда қылып жүрген қызметтеріме де сырттан қанық екен. 
Қомбастыдан  шығып,  айдалған  арыстанға  ұқсап,  кейін  оралып,  жоғарыдағы  айтылған 
Илеш қышлағын басып, Гауханаға жөнелдік. Илеш һәм Гаухана қышлақлары арасында бір 
сай  бар  екен.  Сол  сайдың  басында  олай-бұлай  өткен  сарттан  басқа  жанның  бәрін  ұстап, 
тергеп  тұрған  мылтықты  үш  сарт  кез  болды.  Менің  бөтен  екендігім  һәм  ықтиярсыз 
шаһарге  айдалып  бара  жатқанымды  білген  соң  олар  сөзге  келмей  мені  атып  өлтірмекші 
болды. 
Аттан  түсірді.  Жар  басына  отырғызды.  Мені  бастапқы  тозақтан  шығарған  сарт 
Қомбастыда  қалған.  Енді  бұл  оқыстан  мені  кім  құтқарар?  Әйтеуір,  көп  қиналмай, 
жылдамырақ өліп кетсем екен деп көзімді басып отыра бердім. 
Сарт өзінің мергендігіне сеніп (менің жүрекке тигізе атсаң қиналмай бірден өліп кетемін 
дегеніме болмай), көздеді ме, көздемеді ме — тарс еткізіп атып салды. Құдай сақтады. Оқ 
тимей  зу  етіп  жанап  кетті.  Сонан  соң  сарттар  «Бәдбақыттың  бақыты  бар  екен»  деп 
қайтадан атқа мінгестіріп жөнелтіп жіберді. 
Гауханаға  жеткен  жерде  әлгі  қышлақтардың  болысы  (Қайнар  болысы)  Хазымқұл 
Мұхаммедқұлұлы кез бола кетті. Ол мені бұрыннан таниды екен, жайымды сұрап білген 
соң жанымдағы мені алып келе жатқан сарттарға келіп, өздеріңді атып өлтіремін деп ашу 
қылып,  оларды  қайырып  жіберді.  Хазымқұл  болыс  мені  өз  үйіне  алып  барып,  қонақ 
қылған  соң,  өзімнің  айтуым  бойынша  қасыма  жігіт  қосып,  Құдаш  болысына  қарай 
шығарып  салды.  Куназар  деген  қышлақта  Құдаш  болысына  жолығып,  оның  да  мені 
пәлендей құтқара алмайтынына көз жетіп, қайтып айналып Гауханаға келіп, Қоқан соғысы 
бір жайлы болғанша сонда жатып алдым. 
Қоқан соғысы тоқтады. Ергеш қарақшы қашып кетіп, шаһар большевиктер қолында қалды 
деген  хабар  келді.  Сонан  соң  «сарт  заманы»  да  жоғалғанын  сезіп,  сарттар  ішінен  желі 
шығып, солған қарындай жым болды. 
Қышлақ сарттарының пейілін білген соң ертерек бұлардың арасынан шығып кетпекке қам 
қылдым.  Бірақ  көлік  жоқ.  Ақшаға  я  салт  ат,  я  арба  табылмай,  жол  бастауға  жолдас 
шықпай  жаман  қиналдым.  Заманасы  көшкен  сарттар  тым  болмаса  жөн  сілтеп, 
қышлақтарының атын айтпай, жаяу жүріп, шаршап келгенде таңдай жібітуге шай бермей, 
талай қорлықтарды көрсетті-ау! Алдында екі күн бұрын сарттан басқаның бәрін қырамын 
деп үрген местей кеуіп жүрген сарттар «қазақсың» деп өлтірмек болып бір қинап еді, енді 
большевиктер  жеңген  соң  хан  көтеретін  Ергештері  қашып  кетіп,  солған  сарттар  жөн 
сілтеп, жол көрсетуге кежірлік көрсетіп тағы аза қылды. 
Екі  күн  жаяу  жүріп,  осындай  бейнеттер  шегіп,  Дағыстан  деген  қышлаққа  келдім.  Сонда 
тоғыз жүз тоқсан сомға жолдас жалдап, «қазақ-қырғыз қайдасың?» деп қарлы таулар асып
жөнеп кеттім һәм сарттарға сол арада «қош» айттым. 
Көргендерім  көп  еді.  Өзім  осы  күні  көшпелі  салтқа  түсіп,  атүсті  болғандығымнан 
орнығып  отырып,  толықтырып  жазуға  уақытым  жоқ,  шырақтарым.  Жеке  жүрген 
бауырларыңның дос тұтқан халқынан дұшпандық көріп, көңілі қапа болып тұр. Сөйтсе де 
Қомбастыдан  басқа  жер  көрмеген,  сарттан  басқа  ел  көрмеген  ғуамдардың  маған  қылған 
жаманшылығын бүкіл сарт халқына жапсырғым келмейді. 
«Бірлік  туы»  арқылы  Алаш  азаматтарына  сәлем.  Құдай  тірлікте  күліп-ойнап 
жолықтырсын. Жатқан жерім белгісіз, жария қылып болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет