2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет12/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Мұхтар Кәрібасов 


12 
 
 
АЛЫНДЫ МА, ЖОҚ ПА? 
Октябрьдің  6-сында  Қызылжардағы  қазақ  жастары  қырғынға  ұшыраған  Жетісу 
қазақтарына деп құрбан айтта жинаған 992 сом ақшаны телеграм арқылы жіберіп едік һәм 
алғандығыңызды  білдір  деп  Алматыдағы  обласной  комитетке  телеграм  да  соқтық.  Сол 
ақша алынып, тиісті орнына табыс қылынды ма, жоқ па, біле алмай тұрмыз. Соның үшін 
Алматыдағы Жетісудің обласной комитетінен таты өтініп сұраймыз: жоғарыда  айтылған 
ақша алынды ма, жоқ па? Жауабы «Сарыарқа» арқылы берілсе екен. 
«Талап» қауымының председателі — Б.Малдыбаев, 
Секретары — Әбуһарире Жүсіпұлы 
 
ОПАТ 
Өткен  сентябрьдің  басында  Павлодарға  қараған  Басқұдық  болысының  қазағы 
Мұхамедғалым хазірет Рамазанов опат болды. 
Оқуды  Қазанда  атақты  Смағұл  әл-Қашқаридың  медіресесінен  оқып  шытып,  елде  40 
шамалы жыл мешіт-медіресе ұстап, бала оқытып тұрды. 
Марқұм  өзі  қарт  (79  да)  бола  тұрып,  жаңалықты  ұнатуы,  газета  оқуы  («Тәржіманды» 
шыққаннан  бері  алдырып  турды),  қазақтың  партиясына  қатыспауы  һәм  бала  секілді  ақ 
жүректігімен «сәлделілерге» өрнек боларлық адам еді. 
Жасаған топырағын жеңіл қылып, жақындары жолын жоғалтпауға жазсын. 
Байымбет 
* * * * * 
Октябрь айының орта кезінде Көкпектіде тұрушы фелдьшер Хасен дүниеден қайтты. Көзі 
ашық,  аз  оқығандарымыздың  ішінде  бар  білімін  аямай,  жұртқа  қызмет  қылған  адам  еді. 
Бостандық  туғаннан  бері  жатақтарды  бірлестіріп,  теңдікке  жеткізіп  отырған  басшымыз 
еді. Марқұмның иманы жолдас, топырағы торқа болсын. Қалғандарына алла көркем сабыр 
берсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет