2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет11/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
Бас қорғау амалы 
Обласной  қазақ  комитеті  екі  жүз  винтовка  (мылтық)  алып,  Алаш  дуанында 
бақылаушылыққа жазылғандарды үйретуге кіріспек болды. 
 
Кештік курс 
Павлодарда  бірінші  октябрьден  бастап,  орысша-мұсылманша  ноғайлар  тарапынан 
ашылған  курста  қазақтан  10  жігіт,  бір  қызы  оқиды.  Оқу  аяғы  майға  дейін  созылады.  25 
сом ақы төленеді. Сабақ кешкі алты мен сегіз сағаттың арасында. Оқытушы: бір мұғалім, 
бір учитель. 
Ғабдолваһид Нұрғожин 
 
Қымбатшылық 
Ақмешіттен жазады: кесекті ұнның пұты 75 сом, бидай пұты 65 сом, илеген ұн пұты 100 
сом,  қой  еті  ақшаға  табылса  пұты  130  сом,  түйенің  соғымдығы  1700  сом,  соғымдық 
жылқы 700 сом, құнан қой 120 сом, ісек 90 сом, сиыр 400 сом, ешкі 65 сом деп. 
 
Басшы іздейді 
Бұрын  Том  қазір  Алтай  гүбірнесі  Славгород  үйезі  Құлынды  даласында  өсіп-өнген, 
қоныстарын қимай хохол арасында қалған 550 үй қазақ 5 болыс мұжық ішінде бытыранды 
болып,  ескі  хүкімет  кезінде  жеке  болыс  болмаққа  сұранса  да,  дәті  жетпей  жүреді  екен. 
Еркіншілік  болғаннан  бері  мұжық  болыстарынан  бөлініп,  жеке  болысной  земствоны 
кіргізіп, «Құратал» атап, өз тізгініміз өз қолымызға тиді ме деп тұрса керек. Өз іштерінде 
көзіқарақты кісілері болмағандықтан қолдарына тиген тізгінді жөндеп ұстай алмай, тағы 
мұжыққа  қарап  кетеміз  бемен  қорқады  екен.  Реті  табылса,  Семей  облысына  қосылуды 
қалайды екен. Земствоның жайын білетін бауырымыз болса, ішімізге келсе, жалованьені 
аямай берер едік дейді. 
Жәрдем керек 
Биыл ноябрь ішінде Баянауылда ашылған высшие начальные училищаға қызым Мәликені 
оқытып жүрген учителі һәм басқа зиялылардың айтуы бойынша және қызым да оқыт деп 
тынышымды ала берген соң әкеліп бердім. Сенгенім оз күш-қуатым емес, көптің жәрдемі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет