2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет19/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Жас Алаш 
 
БІР СЫН 
Алаштың азаматтары, тоғыз ай толғап күткен учредительное собрание сайлауы басталды. 
Тіліміздің  келгенінше,  біліміміздің  жеткенінше  сайлау  жайын  түсіндіріп,  кімге  тас  салу 
керегін айтайық. Бұл сайлау алаш багы жарысқа түскен сайлау, алаш арын, алаш намысын 
үстін  қылсақ  та,  жерге  көмсек  те,  тетігі  өзімізде  дедік.  Алдауға  еріп,  алалыққа  кіріп, 
болмаса  бізге  барып  керегі  пе  деп  жалқаулыққа  салынып,  тасымызды  бөлсек,  кемітсек, 
одан алашқа қандай зиян болатынын зарладық. Білмей қапы қалдық деуге орын жоқ. 
Атаққа,  баққа  қызығып,  өз  басының  қамын  ойлап,  сайланбақшы  жігіттер  болса, 
тасымызды салмалық. Ондай өзімшіл мырзаларға бізден дәме қылма, аулақ жүр, шіріген 
жұмыртқа  делік.  Жоқ,  шын  қамқор  жігіттеріміз  болса,  алаш  үшін  арқа  етін  арса 
қылатынына көзіміз жетсе, өткен һәм қазіргі заманда «Алаш» партиясына қызметі сіңген 
болса,  жол  беріп,  жоба  ұсынып,  тасымызды  берелік.  Жұрт  жұмысын  қолыңа  ал  деп 
ұсыналық. 
Қандай  ер  елі  үшін  құрбан  болар  дерті  болса  да,  сүйеуші  ел-жұрт  болмаса,  қажыры 
қайтып, жігері сөнетіні анық. Елі еріп, еңбегі жанса, жігері өсіп, өрге қарай сүйрейтіні һәм 


17 
 
анық. Сонда жұрт та көгереді, гүлденеді бұл һәм анық. Олай болса, азаматтарыңды ылғи 
сынай  бермей,  ел  де  сыннан  өтіп,  сыналатын  орны  бар.  Сол  сыннан  өтіп,  елдің  де 
көрінетін  жері  осы  26-ші  декабрь  мен  31-ші  декабрь  дің  арасындағы  алтын  күн. 
Азаматтардың  көптен  бері  айтқанын  жұрт  далаға  жіберді  ме,  жоқ  ойына  тұтты  ма, 
сынайтын  кезең  осы  алты  күн.  Әуелі  оқыған  азаматтар  соңынан  ел  сынап  таразыға 
тартылатын көпір осы алты күн. Әсіресе, елдегі атқа мінген ағаларды сынап беретін жер 
осы алты күн. 5-ші нөмердегі азаматтардың пул боларын, күл боларын һәм елдің де, елдегі 
ағалардың да кім боларын, құдай жеткізсе, көрерміз. 
Алаш саған бір сын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет