2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет21/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Мәннән Тұрғанбаев 
 
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ТҰ3 
Біздің  қазақ  жерінде  тұзды  көл  толып  жатыр.  Бұл  -  жерде  жатқан  үлкен  байлық,  үлкен 
қазына.  Бүл  қазынаның  қадірін  орыстар  біліп,  патшалықтан  жалға  алып,  пайдаланып 
сатып отыр. Бұрынғы жер иелері босқа қалып, өзіне керек туз ала алмай отыр. Жеріміздің 
пайдасын келімсек пайдакүнемдер көріп отыр. 
Бұрын біздің қазақ зорлықтың бәріне көнген. Сол дағдымен әлі де тұз турасын ойланбай 
тек жатыр. Сондықтан бүл туралы шыққан низамды жұрттың есіне салмақпыз. 1916 жылы 
кен туралы шыққан низамның (горный уставтың) 637-ші бабында айтады: «Орал, Торғай, 
Ақмола һәм Семей облыстарындағы тұзы бар қазына меншікті қазақ отырған жерлер екіге 
бөлінеді: бір түрлісін қазақ тегін пайдаланады; екінші түрлісін бос пайдалануға болмайды, 
қазына көлденең кісілерге жалға береді. Жалға алғандардан бұрын тұз алып, пайдаланған 
қазақ  тұзды  тегін  алуға  ерікті,  не  белгілі  мөлшермен  туз  алады,  не  тұз  шығатын  жерден 
бөліп, енші алады» деп. Бұлай болғанда тузды көлді жалдаған пайдакүнемдер сол араның 
халқына  тұзды  тегін  беру  керек.  Тұз  шығарып,  пайда  қылып,  қол  жал  ал  тұрғандар  осы 
күнге дейін мұны қазаққа қыла қойды ма екен? Әрине, жоқ. Сондықтан тұз маңайындағы 
қазақтар  һәм  бұрынғы  иелері  жер  комитетіне  арыз  беріп,  тегін  туз  алуға  һәм  бұрынғы 
жылдарда кеткен үлестерін жоқтап, іздеп, жұрт пайдасын далаға жібермеуге тиіс. 
Бұдан  былай  осындай  жұртқа  пайдалы  тұз  арасан,  тұз  көл  болса,  жергілікті  мекемелер 
(земстволар) қолына алып, тәртіпке салу міндет. Ел сайлаған адамдар мұндай пайдалы істі 
аяқсыз тастамай, есіне алу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет