2 ҚҰЛАҚтандыру


АСҚЫНҒАН АУРУ ДАУАСЫ — АЩЫ ДӘРІ



Pdf көрінісі
бет17/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
АСҚЫНҒАН АУРУ ДАУАСЫ — АЩЫ ДӘРІ 
Мен қайткенде де әзірге қазақ көпшілігінің бойы ержетсе де, ойы ержетпегендігіне қарап, 
газеттер  елдің  жақсылығын  асырып,  жамандығын  жасырып,  өзіне  қарай  үйір  қылып 
отырса екен деймін. Мысалы, газетте: «...нің былтыр призывтан қалдырам деп жігіттерден 
ақша  алғаны  басылды;  ...нің  нашарларды  жеріңнен  көшпейсің  деп  көгендегені  басылды; 
...нің ұрлық қылдыратыны, ел жейтіні басылды; ...нің 14 жастағы қызды 60 жастағы шалға 
бергені  басылды;  ...нің  75-ке  келіп,  не  мұсылманша  әліпті  таяқ  деп  білмей  отырып,  10 
мыңдап  ақша  шашып,  болысной  комитетке  секретар  болғаны  басылды;  ...нің  қашаннан 
сытылған  қара  халық  жағына  шықпай,  жастарды  ұйымдастырмай,  күш-қуат  әлде  болса 
байлар мен ауыл болғандар қолында, солар разы болса, болғаны деп елдегі піспек аңдыған 
қошеметшіл  ақсақалдардың  тонын  киіп,  дәнеме  бітіре  алмай  отырғаны  басылды». 
Осындай  ел  адамдарының  кемшіліктері  басылып  барады.  Сол  басылғандардың  алды  бір 
дуан,  арты  бір  болыс  елге,  ең  болмағанда,  қорқытып  болса  да  қадірін  жүргізе  алатын 
адамдар.  Осылар  жазылған  мінін  көріп,  айнаға  қарап,  беттің  күйесін  жуғандай  жуып 
тастай қойса, жақсы, болмаса пайда орнынан зиян шығып жүрмесе деймін. 
Газет айна болғанда беттегі күйесін жуып тастауына себеп болғандығы үшін қайта рахмет 
айтатын  жөні  бар  емес  пе!  «Жуандардың  мінін  жазба,  шын  шытады»  дегенге  түсіне 
алмаймын.  Газетті  «айна  еді»  деп  өкпелемей  отырған  кісі  көргенім  жоқ.  Беті  жаманның 
айнаға  өкпелейтін  жөні  жоқ;  ниеті  жаманның  құдайға  өкпелейтін  жөні  жоқ.  Беті  жаман, 
пұшық,  мерездерге  қарап,  айна  жасалмайды.  Оларға  жақпайды  екен  деп  дүниеден  айна 


15 
 
құрымақшы  емес.  Пұшықты  сау,  қаражүзді  ақ  қылып  көрсететін  айна  айна  болып  та 
жарытпақшы емес. Ондай айнаның барынан жоғы жақсы. Ондай айнаны жасау жалғыз-ақ 
Көлбайдың қолынан келеді. Пұшықтар сау көрінгісі келсе, қара жүздер ақ көрінгісі келсе, 
заказын  Көлбайға  бере  берсін.  Басқа  айнада  түзу  көріну  үшін  бетін  жуып,  мерезінен 
емделіп  қараудан  басқа  шараны  білмеймін.  «Асқынған  ауру  дауасы  —  ащы  дәрі»  деген. 
Тегінде  қазақ  дәрігерлері  «ашытады  екен»  деп  қазақтың  «асқынған  ауруын»  емдемей 
қоймақшы  емес.  Емдесе,  ашытады;  емдемесе  өледі,  жұғып  қазақтың  тұқымын  құртады. 
Осы екі жолдың қайсысын ұстау керек? Ашытса да емдеу керек. Емдегенде қас болса да, 
жазылғанда дос болар. 
Және  елдің  бәрі  пұшық  пен қарабеттің  соңынан  жүреді  деуге  болмайды.  Жүрсе,  пердесі 
ашылып,  қарабеттігі  көрінбегендігінен  жүреді.  Ой,  тәңір-ай,  азар  болса  Николайдай-ақ 
болар! Пердесі ашылып, қарабеттігі көрініп еді, артынан кім жүрді?! 
Газеттің  көп  мақсатының  біріншісі  —  пердені  ашып,  сол  қарабеттерді  халықтың  көзіне 
түсіріп, ақтық, адалдыққа қарай бұрып алу. 
Газет  айна  бола  алмаса,  сол  беті  жаман,  пұшық,  мерездерге  айна  бола  алмай  отыр: 
көрсеткендігі  үшін.  Елдің  бәрі  пұшық,  мерез  емес  қой.  Күнде  айнаға  қарап,  «ананың 
бетін» деп күліп, өз бетінің саулығына шүкірлік қылып отырғандар да коп шығар. Тегінде 
«рас  сөз  жағымды  болмайды,  Жағымды  сөз  рас  болмайды»  деген  бар  той.  Жағымды 
болуға газет растықтан пұшықтар өкпелейді екен деп айырыла алмаса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет