21
тұрғаны болмаса, театр шеберлігіне келгенде қазақтың қаражаяу емес, жорғалығын
жастардың мына жасаған кеші көрсетті.
Семейде бұрын бір әдебиет кеші жасалған. Оның қандай болғанын естімесем, көрмедім.
Мына жасалған кеш жастардың тұңғыш кеші. Мұнан соң да үзілмей жасалып тұрса,
бірінші, халықты театрға үйретіп, екінші, Абай атына шығармақ журналдары аяқтанып,
пул жағынан жүріп кетуге тәуір болар еді.
Кеш жасалған үй приказчиктер клубы еді. Қойылған орындық мыңға жақын еді. Халық
аса көп келді, соң келгендеріне орын да, белет те жетпеді. Көп жан қабырғаларда, жүретін
жолдарда тік тұрды. Ноғайдан да, бірсыпыра орыстан да бірлі-жарым келгендер болды.
Ойын басталарда орыс-ноғайлардың кейбіреулері «суфлер (тасада көрінбей отырып,
ойнаушылардың ауызына сөз салушы) қоймапсыңдар, жаңылып, масқара боласыңдар»
деп келемеж қылса да, табадан аман, таңданарлық болып, қателеспей шығаруы қазақтың
зейіні қандай екенін корсетті. Кемшілік бұрын мұндайды көрмеген қараушы қазақта
болмаса, ойнаушыларда болмады. Алдырған қымыз аз болып, халық шөлдегенін кінә
қылмаса, ойын ойлағаннан артық мақтаулы болып тарқады.
Достарыңызбен бөлісу: