2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет28/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Тілші 
 
Газеттерден 
ТЕНТЕК КІМ? 
Семейге  телеграмды  соға-соға  түк  өнбейтін  болған  соң,  Қарқаралы  Семейден  тайып 
шығып, бетін Томға қарай сілтеді. Қарқаралының сырын білмейтін Том қайдан тексерсін, 
тепкі көрген сорлының өзі ғой деп аяп, газетке басатын болды. Жалт беріп, тыңнан тесік 
таппас па екем деп мүләйім, момын сорлы болуды Көлбай барып ауыздарына түкірген бе 
қалай, Қарқаралыдағы орыс, қазақ арасына іріткі отын шашып, ала жаздай аты шыққан үш 
кеселдің  бірін  қылығы  ішінен  асып,  бүлдіріп  бара  жатқаннан  соң  обласной  комиссар 
бұйрық  салған:  мировой  судья  Лисенковты  тұтып,  Семейге  жеткіз  деп.  Бұл  бұйрық 
орындалды ма, жоқ па мына телеграмнан көрінеді. 
«Қарқаралы  (өз  тілшімізден).  Обласной  комиссар  Лашкевич  судья  Лисенковты  ұстап, 
Семейге  жібер  деп  бұйрық  қылды.  Себебі  белгісіз.  Мұны  екінші  судья  Збокин  законсыз 
тауып,  босат  десе  де,  милиция  бастығы  Лашкевичті  жоғарғы  хәкім  деп  босатпады.  Тек 
казактардың  қажыры  һәм  «Степной  союдың»  көнбегені  арқасында  босатылды. 
Лашкевичтің  мұнысы  судья  Лисенковты  жаппаққа  қылған  екінші  рет  дәмесі.  Судья 
Уақытша  Хүкіметке  мойынсұнған,  хүкімет  ісі  сот  ісіне  қатынаспауға  қарсы  тұратын 
белгілі жұрт адамы» 
(С. Ж.) 
«Судъялардың» Уақытша Хүкіметті жақтап, жолмен іс қылатындығы қалай, Хүкімет 
бекіткен,  халық  тілеп,  сайлап  қойған  обласной  комиссарға  қарсы  келгені  қалай?  Түсіне 
алмадың. 
Себепсіз  зорлық  болса,  законмен  іс  қылып,  басын  неге  босатпайды?  Жолсыздыққа 
жүгенсіздік  қылған  судья  законшыл-ақ  екен.  Үнемі  қолқанаты  «Степной  союз»  болып 
тұрса, жарайды-ау, жалт берген күні тепиіп қалып жүрмесең не қылсын. 
«Шын  жыласа,  соқыр  көзден  жас  шығады».  Судъяларға  шын  бет  алса,  бірдеме  болар. 
Сірә, «айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды» болмаса не қылсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет