2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет176/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Жиенғали 
 
СЕМЕЙ ХАБАРЫ 
Семейдің обласной советі облыстағы байларға түгел алым салудың жобасын жасап жатыр. 
Семейдің  үйезный  советі  елдің  мазасын  кетіріп  жүрген  бейбастақ  ұрыларды  ұстауға 
Қызыладыр болысына солдаттар жібереді. 
Майдың  екісінде  (жаңаша)  ескіше  19  апрельде  Алаш  қаласының  сайлауы  болады.  Бұл 
сайлауда халық қалаған кісілерін өзі сайлайды. 
 
ҚЫМБАТШЫЛЫҚ САЛДАРЫ 
Бұл  заман  сағат  сайын  құбылған,  айнымалы  ауыр  заман  екендігі;  ұлтымыздың  үстінен 
жайыла  бастаған  қаһарлы  қара  бұлт  сағат  сайын  түнеріп,  жалынды  топан  шашып, 
жалмауға  тұрған  заман  туа  бастағандығы  аңғарғанға  сан  айтылған  ащы  зар.  Зарлағанға 
құлақ салмай, жанап өтетін, төңірекке көз салмай, өз алдын ғана көретін заман емес. Неге 
дерсіз. Естеріңізге ескіні салсақ түсінікті болар. Айталық: 
Өткен  жыл  өзгеріс  басталды.  Николай  түсті.  Хүкіметі  жойылды.  Бостандық  туды.  Жұрт 
тізгіні өз қолына тиді. Осы өзгерістің себебі не еді? Қамыт киіп қажыған жұрттың «бізді 
баяғыдан  бері  құлдықта  ұстағаның  жетерлік  болды»  деп  қозғалғаны  емес  те, 
қымбатшылық  қысып,  жеуге  наны  болмай,  аштық  айдаған  жұрттың  көшеге  шыққаны 
болатын.  Сол  аштық  әлі  жойылған  жоқ.  Күннен  күнге  күшеюде.  Солтүстік  Россия  мен 
Орталық Россиядағы халықты асырап, астық беріп тұратын Украина бөлініп, бір түйір нан 
бермей  қойған  соң  ондағы  ашыққан  халық  біздің  жаққа,  қазақ  тұратын  жерлерге  лек-
легімен шұбырып, жөңкіліп келіп жатыр. 
Оның  саяси  сасық  тұманы  аршылмай,  тұншықтырмақ  жайы  тағы  бар.  Сөйтіп,  бір 
толқыннан шықпай жатқанда екінші толқын келіп киіп кететін түрі бар. Біз талқыға түсіп, 
өзгеріске  үйренген  жұрт  емеспіз.  Ерте  сақтанып,  не  болса  да  көріп  аламыз  деп  ерлік 


148 
 
қылатын  да  ел  емеспіз.  Басымызға  тақ  еткенде  ғана  бажылдайтын  халықпыз.  Алыстан 
көріп,  «қам  қыл,  ана  жолмен  жүр,  құтыласың»  деген  сақ  күзетші  —  газет  сөзін  жүре 
тыңдаймыз, елең қағып, селт етпейміз. Бізден гөрі көзі ашық жұрттар газетті көз-құлағы 
біліп, айтқанын сынап, іс қылу қамына кіріседі. Халқы үшін шын қызмет қылатын газетін 
ардақтайды,  күтеді,  көмектейді.  Әрбір  азаматы  алғанымен  қоймай,  неғұрлым  көбірек 
таратуға  тырысады.  Бізде  ондайлар  бірен-саран  болмаса,  көп  ауқымы  олай  емес.  Біздің 
көбіміз  ынтасыз,  бедел  үшін  алғандай  болады.  Ынтасыз  іс  қашан  болсын,  ілгері  басып 
кетпейді. 
Газет  алуға  бір  жағынан  халқымыз  ынтасыз  болса,  екінші  жақтан  қымбатшылық  деген 
қосылып, газет алуға халықты тым кежір қылып қойды. 
Елдің  көбінің  кетеуімен  алады;  керектіктен  құлшынып  алмайды.  Сондықтан  біреудің 
ұсынуымен  алғандар  күні  біткен  соң  іріктеп  «жинақылық»  қылады.  Газет  алушылардың 
көбі бағасы көтеріліпті деп қынжылады. Газеттің бағасы көтерілсе, қымбатшылық себепті 
болып  отырған  іс.  Газет  шығарушылардың  тудырған  ісі  емес.  Оны  халық  көзімен  көріп, 
қолымен ұстап отыр. Қымбатшылық, қымбатқа да табылмайтындық себептері «Сарыарқа» 
бетінде жазылып келеді. Оларды қайта теріп отыруға қажеті де жоқ. 
Газетке  керек  нәрселердің  аздығы,  фабрикаларда  жасалуы  тоқталғандығы,  дүниенің  мол 
кезінде  шықпаған,  тапшылық  тамырын  жайып  келе  жатқанда  туған  «Сарыарқа»  секілді 
буыны  қатып,  қаз  тұрмаған  жас  газетке  өте  ауыр,  өте  қиын  болып  тұр.  «Сарыарқаның» 
шыға  бастағандағы  шығыны  мен  осы  күнгі  шығынын  салыстырсақ,  қымбатшылықтың 
қабырғамызды қандай қайыстырып тұрғанын көрерсіздер. 
Былтыр «Сарыарқаның» бір шыққан нөмірі тұрушы еді: 
Қағаз: 81 сом; 
Қаріп тізуі: 37.50 сом; 
Басуы: 42 сом; 
Қаріптің, машинаның тозуы: 23. 150 сом; 
Алушыларға жіберілуі: 60 сом; 
Хатшыларға: 75 сом; 
Барлығы: 327. 65 сом. 
Осы күні бір басылған нөмері тұрады: 
Қағаз: 393 сом 75; 
Қаріп тізуі: 98 сом 75; 
Басуы: 52 сом 50; 
Қаріптің, машинаның тозуы: 54 сом 50; 
Алушыларға жіберілуі: 360 сом; 
Хатшыларға: 75 сом; 
Адресі: 20 сом; 


149 
 
Барлығы: 1054 сом 50. 
Сөйтіп, былтыр алғашқы кезде бір шығатын нөмері  327 сом 65 тиын еді. Осы күні  1054 
сом 50 тиын болып тұр. 
Былтырғы  есеп  бойынша  айына  төрт  шыққанда  «Сарыарқаның»  бір  жылда  шығатын  48 
нөмері 14 мың 727 сом 20 тиын болмақ еді. Бұған басқарма тұратын үйдің пәтері, отыны, 
шамы,  өзге  шығындарын  қосқанда  31  мың  алты  жүз  дана  шығатын  «Сарыарқаның» 
алушылардан  түскен  ақшасы  апыл-тапыл  жетпек  еді.  Бірақ  қымбатшылық  өсе-өсе,  осы 
күнде  шығатын  бір  нөмері  1  мың  54  сом,  50  тиын  түсіп  тұр.  «Сарыарқа»  жетісіне  екі 
шығатын болды. Айына 8 шыққанда жылына 96 нөмер таралмақ. Бір нөмері жаңа есепше 
1  мың  54  сом  50  тиын  болғанда,  96  нөмер  101  мың  272  сом  болады.  Былтырғы  есеппен 
осы күнгі есепті салыстырғанда газеттің бағасы 6 есе көбею керек. Жұмыскер ақысы болса 
да,  қағаз  газет  жіберу  бағасы  болса  да  бір  күнде  қымбаттап  ыршып  түсіп  отырған  жоқ. 
Қымбатшылық әлі өсуде. Аяғы жерге тиетін емес. 
Бұрыннан  жиналған  қоры  жоқ  газетіміз  дүниеге  былтыр  келген  жас  газет.  Сондықтан 
керекті  жабдықтарын  арзанында  алып  қалуға  қолымызда  пұл  болмады.  Барынша 
алғанымыз көпке бармай, сарқылып, тақылдады да отырды. 
Өзін-өзіне  жалғап,  жыл  шығарып  келеміз.  Енді  газетіміздің  бағасын  бұрынғыша 
қалдыруға  шыдай  алатын  емеспіз.  Алты  Алаштың  анасындай  болған  «Қазақ»  болса 
жабылып қалған. Егіздің сыңары «Сарыарқаның» бағасын көтерсек, қымбатсынып алушы 
азаятынын білеміз. Сонда да шығарамыз. 
Пайда да, зиян да көрмей  «Сарыарқаны»  шығарып  отырсақ, жылдығы  — 28 сом;  жарты 
жылдығы — 15 сом; үш айлығы — 8 сом болмақ. 
Әр  жердегі  өкілдеріміз,  өз  бетімен  газет  алушылар,  жаңадан  жазылушылар  осы  жаңа 
бағамен жіберулерін өтінеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет