150
Осы
сықылды нотаны Франция, Америка өкілдерінің алдына да салып отыр.
Мәскеудегі Жапон елшісіне халық комиссарының орынбасары соңғы нотаны қойып отыр.
Жапонияның консул өкілдері һәм басқа да адамдары Россияға қастық жасаған істері һәм
документтері жария болған себепті Жапония хүкіметіне мына сөзді жеткізуіңізді өтінемін:
әлденеше қабат Петроградта һәм Мәскеуде болған Жапонияның елшілері Жапония
Россияның ішкі жұмысына қол сұқпайды деп сендіріп еді. Мәскеуде Жапония консулы
Синтару да осыны айтып еді. Ол болмады. Уағданы бұзып, Россияның ішкі жұмысына
қатысып, бостандық дұшпаны контрреволюционерлерімізбен қол ұстасып, әмпейлесіп,
өзімізбен соғысқан бірнеше көп адамдарын туралы өкілдеріңе неше қабат айтып едік. Ең
соңғы кезде біздің нағыз жауымыз жасауыл Симоновтың жасағының ішінде сендердің
зеңбіректі әскерлеріңнің, қару-жарақтарыңның жүргенін де айтып, ескертіп едік. Және
Владивостоктағы Жапония консулы біздің революционный соттың жұмысына кірісіп,
қиқарлық қылғанын да құлақтарыңа салып едік. Енді әшкере болған дәлелдерге қарағанда
Жапония өкілдері Россия хүкіметіне қастық жасағандығы сайрап көрініп отыр. Сол
себепті Жапония хүкіметінен сұраймын: Россия Республикасына не көңілі барлығын айтса
екен. Біздің бостандық жауларымызды қолтықтап, бізбен жауласпақшы ма екен, жоқ
сұғанақтық қылып жүрген өкілдерін,
адамдарын тексеріп, тиып, бір тәртіпке сала ма екен?
* * * * * *
Эсер (социалист революционер) партиясының сол қанаты большевиктермен әдістес,
амалдас екені газет оқушыларға белгілі.
Совет хүкіметінің жасаған бітімін Россияға ауыр санап, эсер партиясы кіндік хүкіметтегі
азаматтарын қайтарып алғанын газетімізде жазған едік. Апрельдің басында болған Эсер
партиясының сол қанатының сиезі бас адамдарының шыққанын дұрыс тапқан. Және
мұнан былай да совет хүкіметімен бірлесіп қызмет қылмасқа қаулы қылысқан.
Достарыңызбен бөлісу: