2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет44/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Әлімхан 
 
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ 
Орынбор қаласында өткен декабрьдің 5-14-не дейін созылған екінші жалпы қазақ-қырғыз 
сиезі  бір  айдан  соң  жерлік-ұлттық  алаш  автономиясын  жұртқа  жария  қылуға  қаулы 
қылысып,  қазақ-қырғызға  хүкім  жүргізуге  ортасынан  15  кісілік  Уақытша  Хүкімет  — 
Алашорда  сайлап  тарқасты.  Не  себепті  бір  ай  уақыт  кескендігін  газетіміздің  өткен 
нөмерінде жазғанбыз. 
Бұл  мақалада  автономияның  қысқаша  мағынасын,  не  себепті  автономия  қылуға  бел 
байлағанымызды, қайтсе автономияны іске асыру жатын жазбақпыз. 
Автономия  —  юнан  (грек)  тілі.  Қазақшаға  аударғанда  өзін-өзі  билеу,  өз  тізгіні  өзінде 
деген  сөз.  Автономиялы  жұрт  өз  тізгінін  өз  қолына  алып,  тек  шылбырының  ұшын  ғана 
кіндік  хүкіметке  ұстатпақ  (кіндік  хүкімет  мағынасы  төмендегі  жолдардан  көрінеді). 
Мұның  мағынасы  біз  автономия  болып,  Россия  мемлекетінен  мүлде  жырылып  кетпекші 


37 
 
емеспіз.  ...Және  де  автономия  алған  жұрт  конституциясының  ауданына  қарай  болмақ. 
Конституция деп екі арадағы қатынас шартын, бекіткен заңдарды айтады. 
Мемлекет  билеу  түрі  туралы  жұрттың  ауызында  жүрген  сөз  федеративная 
демократическая  республика  болу.  Мұның  мағынасы  ұйымдардан  (автономиялардан) 
матасып құралған жалпы жұрт билігі деген сөз. Біздің жалпы қазақ һәм облыс сиездерінде 
де мемлекет билеу түрі туралы істеген қаулы осы болатын-ды. Әлі де болса пікіріміз сол 
және  сол  болады  деп  сенеміз.  Мемлекет  билеу  түрі  федеративная  демократическая 
республика болса, ол кезде Россия мемлекеті өз тізгінін өзі қолына алған, өз билігі өзінде, 
өз  соты  өзінде,  өз  парламенті  өзінде  (парламент  деп  еуропа  тілінде  заң  шығаратын 
орынды  айтады.  Орысша  государственный  дума),  жер-суына  өзі  ие  автономиялардан 
құралып мемлекет болмақ. Мысал үшін алалық, Швейцария мен Американы. Швейцария 
22 автономиялы кантоннан (аудан), Америка 47 автономиялы штаттан құралып, мемлекет 
болып  отыр  (штат  деп  бірнеше  облыстың  басын  қосқан  ұйымды  айтады).  Әрбір 
кантонның  я  штаттың  өз  билігі  өзінде.  Өз  ішінде  сайлап  қойған  министрлері, 
парламенттері,  соттары  бар.  Өзара  билігі  өздерінде  болғанымен  бұл  кантондар,  штаттар 
одақтасып, сырт мемлекеттер көзіне бір ғана маңызды мемлекет болып, бірі Швейцария, 
бірі  Америка  аталып  отыр.  Одақтасқандағы  ара  қатынас  шарттарды  бекіткен  заң 
(конституция)  бойынша  штаттар,  кантондар  үлкен  келелі,  бәріне  бірдей  ортақ  жұмыстар 
кез келсе, (мысалы сырттан келген жау  сияқты) бір кісідей қимылдап, бір тудың астына 
жиылмақ.  Міні,  осындай  жалпыға  бірдей  жұмысты  атқарып  отыру  үшін,  ортақ  істер 
туралы  заң  шығару  үшін,  араларындағы  дау-шарды  бітіріп,  билік  ету  үшін  штаттардың, 
кантондардың  ортақтасып,  сайлап  қойған  кіндік  хүкіметі,  кіндік  заң  шығаратын  орны 
(парламенті),  кіндік  соты  бар.  Осы  себептен  олар  сырт  көзге  бір  тана  мемлекет  болып 
көрініп отыр. 
Россия  мемлекеті  Америка  мен  Швейцария  сияқты  автономиялы  штаттардан  құралып, 
біздің алаш автономиясы сол штаттардың бірі болады деп сенеміз. 
Жоғарыда  жазылғаннан  көрінеді,  автономия  кішкене  бір  мемлекет  екендігі:  ауданды, 
астында  жері  бар,  сайлап  қойған,  әмір  жүргізетін  министрлері  бар,  заң  шығаратын 
парламенті  бар,  заң  қалпымен  жұртты  жүргізу  үшін  қарауылда  тұратын  соты  бар.  Осы 
айтылған  негіздерге  бүкіл  мемлекет  ісі  құрылмақ.  Сондықтан  автономия  жұмысы  жеңіл 
емес,  ауыр.  Бірақ  дүниеде  ең  қиын  жұмыс  өмір,  тұрмыс  ісі  һәм  соның  тізесі.  Тәрбие, 
мәдениет жүзінде болған неше түрлі өзгерістер  — өмірдің салған соқпағы; өмір  — жұрт 
жетекшісі.  Өмір  құрығынан  ешкім  қашып  құтыла  алмақ  емес.  Бірақ  жұрт  сол  өмірдің 
ағысына  қарай  тұрмыс  шартын  өзгертіп,  заң  қалпына  түсірмек.  Заң  өмір  киімі.  Заман 
өзгерген сайын өмір ағыны да, заң қалпы да өзгермек. Сондықтан өмір тұрмысына, ғұрып-
әдетіне, рәсіміне үйлесетін заңды жұрттың өзі шығаруы керек. Бір жұрт үшін бір жұрттың 
заң  шығаруы  сырттан  біреуге  тон  пішкенмен  бірдей  емес  пе?  Міні,  автономия  бізге  сол 
үшін керек. 
Бас  бостандығы  табылғанмен  жұрт  бостандығы  табыла  қоймақшы  емес.  Сондықтан 
мәдениетімізді  күшейтіп,  ұлтымызды  сақтау  үшін  басымызға,  жер-суымызға  ие  болып, 
жұрт қатарынан орын алып, ұлт мақсатына жету үшін бізге автономия керек. 
Кеше жұртым қандай едің? 
«Қазақ деген халық едің: Еділ, Жайық, Есіл, Нұра, Арқа, Сыр, Ертіс, Орал, Алатау, Алтай 
мекенің еді; осылардай ұжмаққа меңземес жерлерің бар еді; ... көлдерің бар еді; ту ұстап, 
тұлпар мінген ерлерің бар еді; дұшпан күндерлік күйлерің бар еді; ердің құнын екі ауыз 
сөзбен беретін билерің бар еді; ел бастайтын көсемің бар еді; сөз бастайтын шешенің бар 
еді; ақ киізге ораған хандарың бар еді; ізгі қария шалдарың бар еді; сауық-сайран жиының 


38 
 
бар еді; кедейің жоқ, бай едің, төрт түлікке сай едің». Осының бәрінен жұртым айырылып 
едің!! 
«Мойныңа  бұғалық  түсті,  бұлқынбадың;  құрық  көтеріп  еді,  колға  турдың;  арғымақ  едің, 
жабы болдың; жүгенсіз мінді, қақпалап жүрді, ерқашты қылды, көне бердің; баяғы дәурен 
көзіңнен пыр-пыр ұшты; қамықтың, жабықтың, көзіңнің жасын қудай иіді!» (Мадияр). 
Автономия  мәселесі  аяқ  астынан  туып  отырған  жоқ.  Бұл  екі  жалпы  қазақ  топтарында,  9 
облыс,  бір  гүбірне  қазақтардың  жеке-жеке  топтарында  неше  рет  өлшеніп,  неше  рет 
кесіліп,  шешілген  мәселелердің  бірі.  Кеше  Сібірге  қосылмақшы  болғанымызда  да  сол 
алаш  уранды  қазақ  баласының  басын  бір  жерге  қосып,  өзімізге  жеке  автономия  алмақ 
мақсат еді. 
Қай жағын қарастырған күнде де жырылып, өз бетімізбен автономияны жасамақшы емес 
едік. Мемлекет иесі құрылтайдан бата алып барып, автономияны іске асырмақ едік. Бірақ 
ол кездегі ойымыз бұл күнде орнынан шықпады: заман күн сайын жаңғырды, саясат ауасы 
сағат  сайын  құбылып  өзгеріп,  мемлекетті  қара  бұлт  тұман  басты.  Жаңбыр  орнына  қар 
жауды,  қар  орнына  мұз  жауды,  мемлекет  іші  қырғын  қырылысқа,  талау-таранға  толды. 
Қан  су  есебінде  ақты.  Жерге,  суға,  мал-мүлік,  басқа  ешкім  ие  бола  алмайтын  халға 
ұшырады.  Бар  сенгеніміз  құрылтай  болса,  ол  қуылды;  депутаттар  абақтыға  салынды. 
Мемлекет  денесі  ішінен  іріп-шіріп,  арса-арса  болуға  айналды.  Жүгенсіздік  көбейіп, 
хәкімшілік жоғалып, бас қайтысы зорайғандай күн туды. Міні, осындай хал кімді болсын 
ойға  қалдырды:  біреу  мүлде  жоғалып  кетуінен,  аяқ  астында  тапталып  шіруінен;  біреу 
олжа  болып,  қанжығада  кетуінен  қорықты.  «Пәледен  машайық  да  қашады»  дегендей  әр 
жұрт  өз  бетімен  күн  көруге  кірісті.  Финляндия,  Украина,  Латвия,  Литва,  Молдавия, 
Кавказ, Башқұртстан, Түркістан, Сібір тағы кімдер өз тізгініміз өзімізде деп автономиясын 
жариялап отыр. 
Біздің қазақ  ежелден  жаяу,  мешеу  жұрт.  Қол  қусырып,  тектен  тек  отырсақ,  ана  қатердің 
біріне ұшырауымыз ап-анық тур. Оның бер жағында үш жүздің балалары бет бетімен әр 
автономияның  қолтығында  бытырап  кететін  болды.  Әнеугі  өткен  жалпы  қазақ-қырғыз 
тобында  қазақ-қырғыз  болып  қосылып,  автономияны  жарияламасақ,  әр  облыстың 
қазақтары әрбір жарияланған автономияға кіріп кететіндігін ашып айтты. Ең үлкен қатар 
осы  дейді.  Алты  алаштың  баласының  басы  енді  қосылмаса,  мұнан  былай  автономия 
болсын, ұлт мақсаты, өсетін өркен үрім-бұтағымыздың қамы болсын, жерге көмгенмен бір 
есеп. Мұнан былай біздің басымыз қосылмайды. Күш біріктіріп, жұрт болатын заман нақ 
осы уақыт. Міні, осыны һәм жоғарыдағы себептерді ойлап, мемлекет жұртынан елдің бәрі 
көше  бастағаннан  кейін  біз  алаш  ұранын  шақырып,  біз  де  өз  тізгініміз  өзімізде  деп 
автономияны  жария  қылуға  кірісіп  отырмыз.  Сөйтіп,  алаш  туын  көтеріп,  алаш  ордасын 
тігіп отырмыз. 
Жә, қайтсе біздің автономия іске асады? Қай істің болсын ұшығы жұртта. Жұрт жұмылып, 
анау бай, мынау кедей дегенді қойып, сексендегі шал, сегіздегі балаға дейін тік көтеріле 
жұмысқа кіріссе, автономия аяғынан қаз тұрып кеткені. Жабыла жұмылғанның белгісі не? 
Біз  бұрын  біреуге  қоңсы  қонып  отырып,  қазына  жинай  алмаған  жұртпыз.  Сондықтан 
әзірше автономия жолындағы салықтан үстіндегі киімін сатса да ешкім бас тартпау керек. 
Түскен салықтың тездікпен жиналуына себепші болып, біреудің жоғын біреу беру керек. 
Ел  басынан  милиция  қызметіне  алынатын  жігіттердің  ат-тонын,  сайманын  тездікпен 
дайындап, айтқан жерге жеткізу керек. Қазақ-қырғыздың уақытша хүкіметі — Алашорда 
да Алаш қаласына келіп, алаш автономиясын жариялағаннан кейін қазақ-қырғыз балалары 
бағынған  хүкіметіміз  осы  деп  сеніп,  ант  беріп,  басқа  хүкіметті  танымай,  өз  хүкіметінің 
әмірін  екі  қылмай  орындау  керек.  Жұрт  жұмылуының  белгісі  осы.  Бұл  жұрт  намысына, 
арына тірелетін нәрсе.  Жұрт намысының алаш аруағының  сыналатын жері  нақ осы жер. 


39 
 
Қазақты  жұрт  қатарына  қосамын  десе  де,  жоқ  қара  қазан,  сары  баланы  біреудің 
босағасына  апарып  үйемін  десе  де  бұл  жұмыс  енді  жұрттың  өз  қолында  болды.  Біз 
сенеміз,  ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама,  неше-неше  қиын-қыстау  жерлерден  бұл 
күнге  дейін  аман  өтіп,  тарих  жүзінде  жоғалмайтын  беріктігін  көрсеткен  алаш  уранды 
қазақ-қырғыз балалары жұртқа түскен мына өмір сынынан да аман-есен аяғын шалдырмай 
өтер деп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет