Қарқаралы, Кент елі,
бірінші ауыл қазағы
44
Тілеген Іңкарбаев
Басқарма: Сөзіңіз ісіңізге үйлес болса, сәт тілейміз. Медіресе-школ салуға ешкімнің
рұқсаты керек емес. Медіресе ашып, бала оқыту түгіл, қазақ-қырғыз осы күні жеке
патшалық (автономия) жасаймыз деп жатыр. Кімнен болса да өтіл сұрамайды.
ҰЗАҚ ҮМІТ
Көкшетау. Өткен августе болған молла-мұғалімдер сиезінде курс ашпаққа қаулы қылынып
еді. Одан бері неше ай өтті, курс әлі ашылған жоқ. Бірақ зиялыларымыз іске асырмай
қоймас деген үмітіміз бар.
Жақып Сыдық
ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ СИЕЗІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
Сиез Орынборда 5-13 декабрьде болып өтті.
Бөкейліктен: Fұбайдолла Мұқашұлы, Мәуби Жұмалыұлы, Айжан Көшекұлы, Ибраһим
Мөлкешұлы һәм Сейітхан Әжікерейұлы.
Орал облысынан: Дәулетшаһ Көсемғалиұлы, Нұрғали Ипмағамбетұлы, Хасен
Нұрмұхаммедұлы, Тағыберген Жамашұлы, Керей Есенқұлұлы, Ғұбайдолла Досжанұлы,
Аспандияр Кенжеұлы, Нұрмұхаммед Кәлменұлы, Ғұбайдолла Әлібекұлы һәм Дәулетжар
Айсарыұлы.
Торғай облысынан: Сейдәзім Кәдірбайұлы, Ғұмар Алмасұлы, Намазбай Шәуменұлы,
Сағынай Елшіұлы, Сұлтанғазы Ысқақұлы, Керім Бәтішұлы, Хасен Бекентайұлы һәм
Әбубәкір Алдиярұлы.
Ақмола облысынан: Жаналы Мырзалыұлы, Жәнібек Исаұлы, Иса Малдыбайұлы, Балға
Көрлеуітұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Сейітжан Жақанұлы, Есет Жанбайұлы, Камалалдин
Ғұбайдоллаұлы һәм Құл Бәуенұлы.
Семей облысынан: Жүміке Оразалыұлы, Тұрағұл Ибраһимұлы, Әлімхан Ермекұлы, Халел
Fаббасұлы, Ахмет Шегірұлы, Қабыш Бердалыұлы һәм Ахметолла Барлыбайұлы.
Жетісу облысынан: Өмірәлі Айдабосынұлы, Жарылғасын Отарбайұлы, Мәнке
Смайылұлы, Иса Тергеусізұлы, Сатылған Сабатайұлы, Тәжип Хамитұлы һәм Нүсіпбек
Жақыпбайұлы.
Сырдария облысынан: Әзімхан Кенесарыұлы, Имамбек Сарымсақұлы, Имамберді
Ержігітұлы, Серіқұл Алдабергенұлы һәм Мәуленқұл Байрақұлы.
Самарқант облысынан: Сағадат Шаһмарданұлы.
Сиез шақырушылар: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы,
Сағындық Досжанұлы һәм Міржақып Дулатұлы.
45
Түрлі ұйымдардан һәм газеттерден: Мәрзи Нұрсейітұлы, Ғабдалрахман Мәрзиұлы,
Ғабдолғазиз Үлкешұлы, Бернияз Күлейұлы, Ғабдолхамит Жүндібайұлы, Ғабдолғазиз
Мосыұлы, Қошмұхаммед Кемеңгерұлы һәм Хайретдин Болғанбайұлы.
Арнап шақырылғандар: Бақыткерей Құлманұлы, Жиһаншаһ Досмұхаммедұлы, Ғұмар
қазы Қарашұлы, Ғұбайдолла қазы Ешмұхаммедұлы, Маһди қазы Мақұлұлы,
Хайыршаһқазы Ахметжанұлы, Халел Досмұхаммедұлы, Ишанғали Арабайұлы,
Ахметкерей Қосуақұлы, Уәлитхан Танашев, Жанқожа Мергенұлы, Салих Қарпықұлы,
Отарбай қажы Қондыбайұлы, Мұстафа Шоқайұлы һәм Ілияс Жанқараұлы.
Сиез бастығына сайланғандар: председатель — Бақыткерей Құлманұлы; серіктері: Әлихан
Бөкейхан, Халел Досмұхаммедұлы, Әзімхан Кенесарин, Ғұмар Қарашұлы; секретарлар:
Дәулетшаһ Көсемғалиұлы, Міржақып Дулатұлы, Сейдәзім Кәдірбайұлы. Мәжіліс ашылар
алдында Әлихан былтырдан бері шаршы топта сөйлеп, бәйге алған, осы сиезге де
шақырылған ардақты шешен Ораз ақсақал Тәтіұлы опат болды, мәжілісті марқұм Оразға
дұға қылып басталық дейді. Жиылған жұрт марқұм Ораздың рухына дұға қылып, кеңеске
кірісті.
Мәжіліс ашылған соң, өкілдер елдерінде болып жатқан оқиғалар жайынан мағлұмат беріп,
мұнан кейін түрлі жерден сиезді құттықтаған телеграмдар һәм Орынбор мүфтиі Fалымжан
хазіреттің құттықтау хаты оқылды. Жер-жерде болып жатқан оқиғалардың түрі мынадай
екендігі білінді: қазақ халқы земство һәм учредительное собрание сайлауына артықша
көңіл қойып кірісіпті. Көп жерде үйезный земство сайлаулары біткен, көп үйездерде
учредительное собрание сайлауы да біткен. Сырдария облысының қазақтары
учредительное собрание сайлауы тақырыпты біріге алмапты. Партияға бөлініп, бірнеше
список кіргізген. Сондықтан Сырдария облысынан қазақ депутаты біреу-ақ болатын түрі
бар. Былтырғы 25-ші июнь жарлығы тақырыпты ескі хүкіметке қарсылық қыламын деп
жанжал шығарып, босқан Жетісудің қазақ-қырғызының күйі нашар. Аштан қырылып,
қатын-баласын сатып жатыр екен. Әулиеата һәм Пішпек үйездерінде ашаршылық (ұнның
пұты 125 сом). Бұлар астықты Ақмола облысының жақын үйездерінен алады екен. Бірақ
тасуға көлік жетпей, қиын болып тұрған көрінеді. Хиуа қоластындағы қазақтар да
түрікмендерден шапқыншылық көріп, ашаршылықтан Темір һәм Ақтөбе үйездеріне ауып
келіпті. Жәрдемге өте мұқтаж Жизақ үйезінде тәртіп жоқ: қазақтың өзі бір-біріне шауып,
малдарын қуып алысып, бөлініп жатыр. Жергілікті хәкімдердің тоқтау салу қолынан
келетін емес. Жизақ үйезіне қараған арғындар Түркістан автономиясынан шығып, Алаш
автономиясына қосылуды тілейтіндігі мағлұм болды.
Башқұрт өкілі Ахметзәки Валиди, Орынбор мұсылман әскері шура өкілі прапорщик
Бәшіров, «Жаңа уақыт» газетінің бас жазушысы Фатих Каримов, Орынбор әскери
округінің өкілдері Тимофей, Сейделников, Ғабдалзақ Бағдатов һәм басқалар сиезді
құттықтап, қазақ халқын бірлікке үндеді.
Жер-жерде болған оқиғаларды тексергеннен кейін, сиез мынадай қаулылар шығарды:
I
Халық арасындағы алалық, партиялықты жою үшін бірлікке үндеуге сиез атынан жұртқа
баспасөз таратылсын. Мұны жазуды сиез Міржақып пен Ахметке тапсырды.
ІІ
Бүліншілікке, ашаршылыққа ұшыраған Жетісу қазақ-қырғызына һәм түрікпеннен талан-
тараж көрген қазақтарға бүкіл қазақ облыстары болып жан басы бір сомнан жәрдем
46
берсін. Бұл ақша байға байша, жарлыға жарлыша әділдікпен бөлініп жиналсын. Бүл
ақшаны тез жиып тапсыру жергілікті управаларға міндет.
III
Ақмола облысынан астық тасу үшін Пішпек һәм Әулиеата үйездерінің қазақтарына
көлігінің майын алып, Қарқаралы, Ақмола, Атбасар, Көкшетау һәм Қызылжар үйездерінің
қазақтары түйе берсін.
IV
Жизақ үйезіндегі бүліншілік, тәртіпсіздікті тоқтатсаңыз екен деп Түркістан
автономиясының хүкіметінен өтінуге.
V
Учредительное собрание сайлауында бір ғана списокке тас салуды өтініп, Сырдария
облысының халқына телеграм беруге.
VI
Жизақ үйезіндегі арғындардың Алаш автономиясына қосыламыз деген тілегін мақұлдап,
бүл туралы Түркістан автономиясының хүкіметімен сөйлесуге қазақ-қырғыз істерін
билейтін ұйымға тапсырылатын болды.
VII
Түркістан автономиясын құттықтауға һәм Орынбор мүфтиінің сиезді құттықтаған хатына
қарсы телеграм беруге.
Сиезде қаралуға қойылған мәселелер:
1. Сібір, Түркістан автономиясы туралы һәм Юго-восточный союз туралы.
2. Қазақ-қырғыз автономиясы.
3. Милиция.
4. Ұлт кеңесі.
5. Оқу мәселесі.
6. Ұлт қазынасы.
7. Мүфтилік мәселесі.
8. Народный сот.
9. Ауылный управление.
10. Азық-түлік мәселесі.
Әлихан Бөкейхан Сібір, Түркістан автономиясы һәм Юго-восточный союз туралы доклад
қылды. Әлихан докладын тексеріп, һәм бұл туралы сөйлеушілерді тыңдағаннан кейін сиез
қаулы қылды: Әлихан докладын, қазақ автономиясы, милиция һәм ұлт кеңесін құру
мәселелерін қарауға 7 кісілік комиссияға беруге; бұл комиссия өзіне тағы да мағлұматты
адамдар қосып алуға ерікті делінді.
47
Мұнан кейін оқу мәселесі қаралды. Бұл туралы Міржақып Дулатұлы доклад қылып,
қазіргі уақытта қазақ-қырғыздың мектеп-медіресесі, оқытушы һәм әдебиет құралы
аздығын айтып, ұлт мектебін көбейту һәм оқытатын құрал молайту керектігін көрсетті.
Сиез Міржақып докладын бап-бабымен тексеріп, ұлт мектебін көркейтуге ешкімнің
таласы жоқ екенін еске алып, алдымен қазақ тілінде бастауыш һәм орта мектепте
оқытатын оқу құралдарын жетістіру үшін білікті адамдардан айырықша оқу комиссиясын
құруды мәслихат көріп, һәм бүл туралы сөйлеушілердің пікірін айтып, қаулы қылды:
қазақ-қырғыз тілінде бастауыш һәм орта мектептер үшін оқу құралдарын шығаруға 5
кісіден комиссия құрылсын; шет кісіден комиссия өзіне жолдас қосып алуға ерікті
болсын. Комиссия ұлт кеңесі қайда болса, сонда тұрсын. Оқу құралдарынан басқа
комиссияның істейтін істері:
1) Ұлт мектептеріне программа жасау.
2) Мұғалімдерге қалай оқыту тәртіптерін үйрететін жолбасшы кітаптар жазу.
3) Тәрбие жайынан кітап жазу.
4) Бүкіл қазақ-қырғызға оқу ісін қалай жүргізу туралы жоба шығару.
5) «Қазақ» емлесін тексеріп, түзету.
6) Қазақ-қырғыз тіліне пайдалы кітаптарды тәржіме ету.
Комиссия 1918 жылдың басында іске кіріссін. Комиссия жиналысы мен істейтін істеріне
толық программа жасап, мәтбұғат арқылы жария қылсын. Комиссия іске кіріскен күнінен
бастап, әрбір жарты жылда мәтбұғат арқылы не істегені туралы халыққа есеп беріп
отырсын. Әрбір жазылып, даяр болған кітап тоқтаусыз басылып отырсын. Жазылған
кітаптардың неше дана басылатынын һәм оларды бастыру үшін қанша ақша керек
болатынын комиссия мөлшерлесін. Кітап басу үшін комиссия керек қылған мөлшердегі
ақшаны обласной земстволар тоқтаусыз жинап тапсыруға міндетті болсын, яки бұл ақша
халық қазынасынан алынатын болсын. Комиссия ағзаларынан басқа өзге кісілердің жазған
оқу кітаптары комиссияның ұнатуымен ғана мектептерде қолданылсын. Шет кісілердің
мұндай ұнамды кітаптарын жазушылардың ризалығымен комиссия алып бастырсын. Шет
кісілердің кітаптарын комиссия ұнатпаса, не себептен ұнатпағандығын газет жүзінде
жария қылсын. Шет кісілердің кітабын комиссия тексергенде мәжіліске жазушының өзі де
ағза есебінде болып, кіріссін. Комиссия шығарған кітаптар алғашқы үш жылда неше рет
басылса да халық мүлкі болсын. Үш жылдан кейін жазушылардың өз мүлкі болсын.
Комиссия программадағы міндетті қызметтерін бітіргеннен кейін халыққа есеп беріп,
тарасын. Тарарда қолындағы кітаптарын һәм қалған ақшасын бүкіл қазақ-қырғыз істерін
басқаратын мекеменің көрсеткен орнына тапсырсын.
Комиссияның 1918 жылғы шығыны мынадай: бес ағзаның әр қайсысына айға 800 сомнан,
бәріне бір жылға 48 мың сом, жылдық пәтеріне 1800 сом, материал үшін 6000 сом, кеңсе
шығыны 2400 сом, барлығы — 58 мың 200 сом.
Достарыңызбен бөлісу: |