ОРЫНБОР ХАБАРЫ Апрельдің 4-і күні түнде казак-орыстар, офицерлер бірігіп, ондағы Совет Хүкіметіне
қарсы ұрыс ашқан. Таң атқанша екі жақ соғысып, ақырында қызыл гвардия жеңген. Екі
жақтан бірсыпыра адам өлген, жараланған.
Январь айында абақтыға жабылған башқұрт жұртының азаматтары, бастығы Ахметзәки
Валиди соғыс уақытында босанып, қашып құтылған.
КАВКАЗ ҚҰРЫЛТАЙЫ Тбилиси шаһарында Кавказдағы ұлттар құрылтайы ашылған. Құрылтай төбе ағалығына
бұрынғы Дума депутаты атақты Шаһидзада сайланған. Кавказ ұлттарының құрылтайы
осы күнгі большевик хүкіметінің тұтқан саясатына қарсы қаулылар шығарып һәм
Германия одақтарыменен жасалған бітімге де наразылықтарын білдіріп, бұл туралы орта
Еуропа хүкіметтеріне хабар жіберуді ұйғарысқан.
«Бірлік туы»