156
өтті. Кештің нағыз пайдасы — 1600 сом, шығыны 400 сомдай болса керек. Кештің
жасалуына басшылық еткен Бибіғайша бикеш Бобкинаға ойынға қатысушылар атынан
тәңір жарылқасын дейміз.
Хафиз Сәрсекей
Павлодар үйезі Басқұдық болысында ел ішінде қазақ әдебиет кеші жасалды. Кешті
жасаған «Өрнек» ұйымы. Кеште қойылған нәрселер осы күнгі әдебиетіміздегі жақсы
сөздер, өлең, әндер. Жәлелдин ақсақал кешті жасауға медіресесін берді. Жастардың
тілегіне жолбасшылық қылған ақсақалға рахмет айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: