Әбушаһ Ботаев ЖҮГЕНСІЗДІК Атбасар қаласынан 80 шақырым жерде Новый-Колотон деген орыс қаласының 70 шамалы
орыстары 6 шақырымдағы көрші казак ауылына келіп: «Біздің 1910 жылдан бергі
жоғалған 40 атымыз бар, соны төлейсіңдер, егер төлемесеңдер өз қолымызбен аламыз»
деп қорқытқан. Оған сол елдің қазақтары қарсы тұрып, зорлықтарыңа мал бермейміз деп
жүз шамалы жігіт жиналып, елдік көрсетіп, орыстарды дарытпай қайырған. Осы сияқты
оқиғалар көпшілді арқаланған бұзақылардың ішінен көп табылатын көрінеді. Қоныстас
қазақтар не айла қылады? Алаш туының астында ғана жұрт болатындығы байқалар...