2 ҚҰЛАҚтандыру


Мұғалімдер ұйымы атынан: М. С



Pdf көрінісі
бет184/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Мұғалімдер ұйымы атынан: М. С. 
 
Ел хабары 
ОМБЫДАН ТЕЛЕГРАМ 
Мұқан  Әйтпенов  босатылды.  Көлбай  Төгісовтың  абақтыға  жабылғаны  халық 
комиссарларының советіне білдірілді. Көлбайды тінткенде подлог (қолдан жасатып алған) 
мөр табылды. Ақмола облысының сиезі 7 майда болмақ. 
 
ҚАРҚАРАЛЫДАН ТЕЛЕГРАМ 
«Қарқаралының партиясы басылды. Бұрынғы Степной союз бен қазақ комитетінің орнына 
үйезный қазақ советі сайланды. Ақаев пен Сәрсенов келе жатырмыз» деген. 
Қарқаралыда үйезный қазақ соты ашылды. Председателі — Нармамбет Ормамбет баласы, 
орынбасары — Мұхамедия Оспан баласы, мүшелер: Сыздық Тұтқыш баласы, Қайырберді 
Оспан баласы, Бекіш Серғазы баласы, Омар Төлебай баласы. 
Басқарма:  неше  жылдай  ұласып,  асқынып,  мерездей  шірітіп  жүрген  Қарқаралының 
әркелкі партиясын жойып, араздың, өкпені қойып, адамдары бас қосып, татулық істеп, 
еліне  береке,  тыныштық  орнатқанына  қатты  қуанамыз.  Қанша  қырқысып,  кескілесіп 
отырсын,  Алаштың  аты  мен  аруағы  шақырылғанда  бұрынғының  күллісін  естен 
шығарып, ұмытып, майдай болып кететін қазақта ұлт намысы, жұрт бірлігі деген рух 


155 
 
күшті  екеніне  көзіміз  жетеді,  сенеміз.  Тілегіміз:  Құдай  тек  Алаш  баласын  береке-
бірліктен айырмасын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет