2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет181/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
БҰХАРА ОҚИҒАЛАРЫ 
Большевиктер  Қоқанда  қылған  қырғындарын  Бұхарада  да  қылды.  Бұхараға  қараған 
бірнеше  шаһарларды  талап  алып,  халқын  топқа  ұстады.  Қоқандағы  сияқты  Бұхара 
өлкесінде  де  есепсіз  көп  мұсылман  бала-шағалары  большевиктердің  жыртқыштарына 
құрбан болды. 
Бұхарада  болған  бұл  қырғындардың  себептерін  іздеп  әуре  болуға  қажет  жоқ. 
Большевиктердің кімдер екенін һәм оның басқа жерлерде неше айлардан бері қылып келе 
жатқан істерін білген адамға оның себептері ап-ашық белгілі. 
«Бұхара  контрреволюцияға  жәрдем  етіп,  большевиктерге  қарсы  болған  офицерлерді 
қорғады.  Бұхара  азық-түлік,  мата  жинап  жасырды.  Бұхара  большевиктерге  қарсы  әскер 
жинады».  Мінеки,  большевиктердің  жұртқа  айтатын  себептері  осы.  Соның  үшін  олар 
Бұхараға соғыс ашқан. Бұхарадағы кінәсіз құрбан болған қанша халықтың дариядай аққан 
қанын большевиктер сондай себептерге артып отыр. 
Бұхара  өлкесінде  бір  айға  жақын  сондай  қырғын  болғаннан  кейін  ақырында  большевик 
әскерлері басым келіп, 25 мартта Қызылтепе деген жерде бітім жасалған. 
Бітім мәжілісінде екі жақтың өкілдері төмендегі шарттарға қол қойған: 
1.  Бұхара  хүкіметі  болып,  большевиктер  болып  Бұхара  халықтарының  қолындағы  қару-
жарақты тартып алуға. 


152 
 
Бұған  қырдағы  халықтың  малын  қорғау  үшін  қару-жарақ  керек.  Соның  үшін  олардағы 
қару-жарақтың жартысы өздерінде қалсын деген сөз қосылған. 
2. Штаттардағы тәртіпті әскер бұрынғы қалпынша қалар. Бірақ олар отпен атылатын құрал 
сатып алмасын. Мәжіліс мұны 12 әскер бастық пенен 12 мың әскер қалдырыл деп түзетіп 
қабыл  еткен.  Бұхараның  бақырдан  жасалған  ескі  төптері  өзінде  тұра  берер,  бірақ  жаңа 
төптер мен полисмендер болса, олар Россияға тапсырылар. 
3.  Бұхара  хандығында  жасырынып  жүрген  орыс  контрреволюционерлері  һәм  орыс 
офицерлері қолға алынар. 
4. Бұзылған темір жолдарын түзетуге һәм Бұхара майданында соғысып өлген әскерлердің 
бала-шағасына,  онан  соң  соғыстан  зиян  көрген  бейбіт  халықтарға  Бұхара  хүкіметі  пұл 
берер. Ол орындарға берілетін пұлдың шамасын белгілеу үшін әдейі тексеру комиссиясы 
жасалар. Соның үстіне Бұхара комитеті комиссарлар советіне бір жүз вагон астық берсін. 
5.  Мұнан  соң  Бұхара  хандығындағы  темір  жолдардың  һәм  ондағы  қызметкерлердің 
бейбітшілігін сақтауға екі жақ шартнама жасап, қабыл етер. 
6. Бұхара һәм Орта Азия темір жолдарында орыс әскері жүруге бөгет болмас. 
7. Екі жақтың тұтқындары шығынсыз өзді-өзіне қайтарылар. 
8. Бұхара хүкіметі советтер хүкіметі қойған елшіні ешбір шартсыз қабыл қылар. 
9.  4-ші  пункттегі  шығын  пұлдарды  төлегенде  Бұхара  хүкіметі  ол  пұлдарды  жарлы 
халықтан алмасын. 
«Бірлік туы» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет