2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет195/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
ОБА АУРУЫ 
Ташкентте  жақын  арада  оба  ауруы  біліне  бастады.  Бірталай  адамдардың  обамен 
ауырғандығы және ол  аурудан өлгендердің барлығы анықталған соң қаланың денсаулық 
ісін қарастыратын ұйымдары бұған қарсы әр түрлі амал қылуға кірісіп жатыр. 
«Бірлік туы» 
 
 
 
 


161 
 
Семей хабарлары 
ОРЫСТАН ШЫҚҚАН «КӨЛБАЙЛАР» 
Қызыл  жұмыртқа  мейрамының  3-ші  күні  көшеде  мастықпен  мылтық  атып,  елдің 
тынышын  кетіріп,  әркімді  абақтыға  жаба  берген  Военно-революционный  Комитет 
бастығы  Ситников,  қызыл  гвардия  бастығы  Алексеев,  следственный  комиссияның 
қаулысы  бойынша  абақтыға  алынды.  Следственный  комиссия  жоғарғы  екі  «мырзаның» 
үйлерін тінтіп, көзге түсерлік ақша және қылмысты іске кіріптар қыларлық  документтер 
тапқан. Қорқытып әркімнен пара алғандығы және бұл іске басқалардың да қатынасы бары 
осы документтерден білінген. Сондықтан следственный комиссия жоғарғыларға қосарлап, 
4 кісіні де абақтыға жапты. Олар обласной совет бастығы Чугаев, комиссар Лягин, әскери 
бөлімнің бастығы Молостов, банктердің бастығы Салов. 
Басқарма:  осылардың  бәрі  қай-қайсысы  болсын,  сөзіне  қарағанда  «қара  қылды  қақ 
жаратын»  әділ,  жер-су,  мүлікті  кедейге  бөліп  беретін,  нашарды  жақтайтын  қамқор;  ел 
жейтін жуандар, байлар, парақорларға жаны, тәні қас «социалист большевиктер» еді. 
Барлық  ынтасымен,  ақ  жүрегімен  қызмет  қылатын,  жұрт  қамқоры  шын  социалистерге 
ешкім  де  қарсы  болмайды.  Мұндай  социалистердің  ұстанған  жолы  құқыққа  (правоға, 
еңбекке,  еңбектің  құралына,  жемісіне)  бірдей  ортақ  болу.  Капитал  бұғауынан  қара 
бұқараны  құтқару.  Қысқасы,  көздейтіні  —  жалпы  жұрт  бақытты  болуы.  Социализмнен 
үміті бар адам бұлардың нысан-мақсатына қарсы болмақ емес. Бар талас олардың пікірін 
іске  асыру  жолында  ғана  тумақ.  Осы  күні  большевиктер  көздеген  мақсатына  Россия 
ішінде  күні  бүгін  қол  қойып,  орнына  келтіреміз  деп  арпалысып  отыр.  Социалист 
партияларының басқа таптары бұл пікір бірте-бірте ресімге, заңға айналып барып орнайды 
деп  отыр.  Талас  осында  ғана.  Тұла  бойымызды  тік  тұрғызатын  шын  социалист-
большевиктер  емес,  күлге  аунап,  арамза  туған  Көлбайлар  жоғарыдағы  мырзалар  сияқты 
бояма, жалған «социалистер». Бұлар ешкімге опа бермейді. Жұрттың шырқын бұзып, ірткі 
орнатқаннан  басқа  хәкімшілікті  жоғалтып,  жүгенсіздік  тудырғаннан  басқа  жалған 
социалистердің  жұртқа  көрсететін  жақсылығы  жоқ.  Бұларға  хәкімшілік  жұрт  пайдасы 
үшін  керек  емес,  жұртты  жеңіп,  өзінің  құлқынын  тойдыру  үшін  ғана  керек.  Бұлар 
хәкімшіліктің  тамырына  жабысқан  құрттар.  Хәкімшілікті  жоғалтып,  жүгенсіздікті 
туғызып, лай судан балық ұстайтын қулар осылар. Жалған социалистер іс басынан кетпей, 
жұртқа жарған сәуле жоқ. 
* * * * * 
Апрельдің  28-індегі  обласной  советтің  қаулысы  бойынша  облыстан  военное  положение 
алынды. Жалғыз Семей қаласы ғана военное положение халында қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет