Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында, мысалы, ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. жағдайлар бойынша шығарылады.Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін. Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жатқан түрлі мәселелеріне байланысты, мысалы, жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөнінде шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |