1.8. Ата-аналармен, қоғамдастықпен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, демеушілермен жұмыстың талдауы. Лицейдің тәрбие жұмысының тиімділігі отбасымен қарым-қатынас жасауға тікелей байланысты. Лицей ата-аналар қоғамдастығымен белсенді жұмыс жүргізуін жалғастыруда. Мектепте «Техникалық лицей» қоғамдық қоры және Қамқоршылық кеңесі жұмыс істейді. Жалпылицейлік және сыныптық ата-аналар жиналыстары өткізіледі. Оқыту және тәрбие мәселелері бойынша жеке жұмыстар жүргізіледі.
Лицейдегі ата-аналармен жұмыстың мақсаты – ата-аналарды білім беру үрдісіне тарту, бала тәрбиелеуде лицей мен отбасының өзара іс-әрекеттерін қамтасыз ету. Білім беру ұймының отбасымен барлық жұмысының негізіне лицейдің, отбасының және баланың әлеуметтік өзара іс-әрекеті қағидасы енгізілген.
Көптеген ата-аналармен өзара іс-әрекеттің негізгі нысаны болып, ата-аналар жиналыстары табылады.
Биылғы оқу жылында педагогтар мен ата-аналардың өзара іс-әрекетінің мәселелерін қарағанда, отбасымен жұмыстың нәтижелері, қорытылған тұжырымдары, сонымен қоса мәселелері есепке алынған:
1. ата-аналарды педагогикалық сауаттандыру үшін психологты, кітапханашыны, медициналық қызметшіні, ІІД қызметкерлерін тарту;
2. отбасылық тәрбие саласында отандық дәстүрлерді және қазіргі заманғы тәжірибені пайдалану, басқа мектептермен ынтымақтастықта болу;
3. ата-аналардың денсаулық мәдениетіне, салауатты өмір салтына тұрақты көзқарастарын қалыптастыру;
4.ата-аналарды лицейді басқаруға тарту.