1.9. Лицейдің психологиялық қызметі жұмысының талдауы.
Лицейдің психологиялық қызметі білім беру жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Оқыту үрдісі оқушының тұлғалық дамуына оң әсер ететін психологиялық-педагогикалық жағдайда жүзеге асырылады.
Лицей оқушыларын психолгиялық қамтамасыз ету жұмысы психолгиялық диагностиканың жалпықалалық мониторингына және педагог-психолог жұмысының жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Психологиялық қызмет үлгісін құрудың негізінде психологиялық ғылымдардың кандидаты М.Битянованың авторлық идеялары жатыр.
Лицейдің психологиялық қызметінің мақсаты - лицейде баланы жетістікті оқытуға, зияткерлік және шығармашылық қабілетін дамуытуға, психикалық дамуына әсер ететін әлеуметтік-психологиялық жүйе құруға жәрдемдесу.
Мақсатқа сәйкес, міндеттер анықталған:
әр оқушыға барлық оқу мерзімінде тұлғалық-бағыттылықпен қарауды қамтамасыз ету үшін оқушының тұлғасын психологиялық зерделеу;
оқушының өзін тұлға ретінде тануы арқылы, әр жас кезеңінде толыққанды тұлғалық дамуы үшін жәрдемдесу;
оқушының мектепте жетістікті бейімделуін қамтамасыз ету;
жеке бейімдерін, қабілеттерін, мүдделерін, біліктерін және мүмкіндіктерін анықтау негізінде, орқушыларға болашақ кәсібін таңдау мәселелерін дұрыс шешуге қол ұшын беру;
мектеп әкімшлігімен, педагогтармен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Қойылған мақсаттар психолог жұмысының негізгі бағыттары арқылы жүзеге асырылады:
психодиагностика;
дамыту және психологиялық түзету қызметі;
педаготарға, оқушыларға және олардың ата-аналарына кеңестер беру.
Жұмыстың негізгі әдісі – балалардың әлеммен және өз өзімен қарым-қатынас жүйесін өздігінен шығармашылық меңгеруіне, сонымен қатар әр баланың тұлғалық маңызды таңдауын жетілдіру үшін жағдай жасауға қолдау көрсету.
Лицейдің психологиялық қызметінің үлгісі психологтың негізгі жұмысының мақсаттарына, міндеттеріне, негізгі бағыттарына және әдістеріне сәйкес, нақты нысандармен және мазмұндармен толықтырылады. Лицейде «Жетістікке жеткім келеді!» жас деңгейі сатыларын психолгиялық қолдаудың бағдарламасы іске аырылады. Бірінші саты - «Жетістікке қалай жету және қателіктер жібермеу керек» (7 сынып). Оның мақсаты бейімделу кезеңінен өтуге қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Екінші саты – «Мен кіммін?» (8-9 сыныптар), мақсаты жасөспірімдердің өзін өзі тануы арқылы тұлғалық рефлексиясын дамыту, өзін өзі талдауға жағдай жасау олып таылады. Үшінші саты – «Мен – ерекше және қайталанбас тұлғамын!» мақсаты оқушылардың өзін өзі қабылдауға, өздерінің қадыр-қасиетін және кемшіліктерін қабылдауға, өзінің бағасын және ерекшелігін, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, сонымен қатар тұлғалық және кәсіби өзін өзі анықтауына жағдай жасау болып табылады.
Оқушылардың психодиагностикасы оқу-тәрбие үрдісін ақпараттық қамтамасыз етуіне бағытталған. Мониторинг режимінде негізгі психологиялық өлшемдері жүйелі түрде қаралып отырады – лицеистердің уәждемесі, оқытудың жаңа жағдайларына беймделуі, зияткерлік қаілеттері, кәсіби бағыттылығы. Диагностика нәтижесі бойынша психолог түзету-дамыту жұмыстарының нысаны анықталады. Басымды бағыты – оқушының тұтас психолгиялық дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдай жасауға бағдарланған дамыту қызметі (психопрофилактика).
Достарыңызбен бөлісу: |