«№2 лицей» кмм 2013-2014 оқу жылына ОҚу-тәрбие жұмысының ЖҰмыс жоспары


Лицейдегі тәрбие жұмысының талдауы



бет43/48
Дата06.02.2022
өлшемі2,39 Mb.
#75752
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
1.10. Лицейдегі тәрбие жұмысының талдауы.
«Кең құзыреттілікке, мықты әлеуетке ие, оны қызмет саласының кең диапазонында жүзеге асыруға қабілетті тұлға қалыптастыру» мақсатында, біз 2013/2014 оқу жылына тәрбие жұмысын жоспарладық. Тәрбие жұмысының негізгі міндеті тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау: патриотизм, белсенді азаматтық ұстаным, рухани-эстетикалық жүзеге асыру. Міндеттерді жүзеге асыру тақырыптық бағыттар арқылы жүзеге асырылды.
Осы бағыттардың әрқайсысының талдауына жүгінейік.
Патриоттық тәрбие
Өткен оқу жылында патриоттық тәрбие шеңберінде іс-шаралар кешені өткізілді. Былтырғы жылдың негізгі Мемлекеттік мерекелердің бірі- Тұңғыш Президент Күні болды. Осы мерекеге барлық сыныптарда «Біз-Қазақстанның балаларымыз», «Патриоттық сана», «Президент тұлғасы», Президент бағыты- еліміздің жолы» атты патриоттық тақырыптарда сынып сағаттары өтті. Тұңғыш Президен Күніне және Тәуелсіздік Күніне орай 7 және 8-сынып оқушылары Жас ұлан қатарына қабылданды, барлығы-40 оқушы. 11-сынып оқушылары жетінші сынып оқушыларына үшін сынып сағаттарын өткізді, 10-сыныптарда «Президенттің үлкен ойыны» атты деректі фильмін көру және талқылау арқылы дөңгелек столдар өтті, мереке қарсаңында ОГ.Ким 8В сынып оқушыларымен салтанатты жиналыс өткізіді.. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне, «Наурыз» мейрамына арналған тақырыптық іс-шаралар да сәтті өтті. Бұнда «Дастархан» дәстүрлі конкурсы өткізілді және бұл іс-шараға барлық сыныптардың оқушылары белсенді қатысты.
Азаматтық-патриоттық тәрбие шеңберінде маңызды ісшаралардың бірі- Отан Қорғаушылары Күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне арналған, жыл сайын өткізілетін «Патриот» әскеи-патриоттық айлығы. Биылғы жылы бұл айлықтың ең жарқын іс-шараларының бірі- лицейдің театрлық тобының «Біздің міндетіміз-есте сақтау» атты әдеби-музыкалық компазициясымен өнерлерін көрсетуі болды; сәуір айының соңында М.Г.Огневамен бірлесе отырып, 9-сынып оқушылары қалалық конкурсқа қатысу үшін, «Батыр халық есінде» атты бейне фильм дайындады. Фильм оқушылардың Ұлы Отан соғысы ардагері Серафима Григорьевна Пономаревамен кездесуі жайында түсірілген. 28, 30- сәуірде тарих мұғалімі А.О. Шильдебаева 10-сыныптарда Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған сабақтар өткізді. Кездесу барысында оқушылар соғыс тақырыбында өлеңдер оқып, әндер айтты. Оқушылар дәстүрлі түрде қамқорындағы соғыс ардагерлерін мерекелерімен құттықтарп қайтты. 8-мамыр күні Мәңгілік алудың жанында лицеистерды, оқытушылар мен ата-аналардың қатысуымен салтанатты жиын өтті.
Патриоттық тәрбие шеңберінде келесі оқытушылардың сапалы еңбегін атап өткен жөн: Шильдебаевой А.О., Кабдыманановой А.Н., Ким О.Г, Огневой М.Г., сонымен қатар, 9-сынып оқушыларын Чернобыль АС жарылысын жоюға қатысушылармен және ҰОС ардагері С.Г.Пономаревамен кездесу ұйымдастырған БӘД оқытушысы И.К Науменконы ерекше атап өту қажет.
Осы бағыт бойынша жұмыстың оң жақтарымен қоса, мәселелі жақтары да бар: сынып жетекшілерінің кейбіреуі дұрыс деңгейде сынып сағаттарын өткізбеді, 7А, 8Б, 10А, 10В топтарында сынып сағаттарын өткізу барысында, балар аз тартылды, ал басқа топтарда бұндай іс-шаралар оқушылардың күшімен өткізіледі, бұл бастамашылықтарын дамытады, өзіні-өзі басқаруға және ынтымақтастыққа тәрбиелейді.
Алдағы уақытта:
- Мемлекеттік мереклерге арналған іс-шаралар өткізуді жалғастыру. Жас ұлан отрядына 8-сыныптардан 40 оқушы қабылдау.
- 9-мамыр мерекесіне дайындалуға ерекше көңіл бөлу, оқушыларға ҰОС ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру.
- Сынып жетекшілері осы бағыттағы іс-шараларды топтарда стандартты емес нысандар мен амалдарды, бейне материалдарды пайдалана отырып, жоспарлау. Сынып сағаттарын оқушылардың өз күштерімен өткізу, орлардың өздігінен ізденулерін, бастамашылықтарын дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет