«№2 лицей» кмм 2013-2014 оқу жылына ОҚу-тәрбие жұмысының ЖҰмыс жоспары



бет9/48
Дата06.02.2022
өлшемі2,39 Mb.
#75752
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Әдітемелік жұмыс



  • Әдістемелік қызметтің құрылымын, нысандарын және әдістерін жетілдіру мақсатында, лицейде әдістемелік кеңестің жұмысы ұйымдастырылған.
    Әдістемелік кеңес отырыстарында қаралған негізгі мәселелер:
    1. Дарынды балалармен жұмыс.
    2. Жаңа ұрпақтың федералдық білім беру стандарттарын енгізу жағдайында оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалаық қызметтерін ұйымдастыру.
    3. Мұғалімнің және оқушылардың портфолиосы.
    4. Педагогикалық ұжымның тексеріс органдары тарапынан болатын бақылауына дайындық ахуалы.

    Педагогтар өз жобаларымен жұмыс жасады, оқу пәндері және арнайы курстар, оқулықтар, сабақтардың әдістемелік әзірлемелері бойынша жұмыс жоспарларын әзірледі. Мұғалімдердің табысты жұмысы компьютерлік кабинеттердің техникалық толық жабдықталуымен қамтамасыз етілді. Кабинеттерде аудио және видео құралдары бар, Интернетке қолжетімді, мемлекеттік саясаттың негізін құратын және регламенттейттін барлық қажетті құжаттар бар. Барлық қажетті құралдарды, білімдерді иелене отырып, бізідің лицейдің педагогтары өз педагогикалық тәжірибелерін белсенді таратпайды, өз кәсібиліктерін жарияламайды. Осы факторлардың барлығы қаланың білім беру ұйымдарының рейтингтерінде бізідің оқу орынының беделін түсіреді. Осыған орай келесі оқу жылында осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.


    «Бейіндеуді ескере отырып, жеке білім беру бағытын қалыптастыру» политехникалық цикл пәндері;

  • «Ғылыми-жаратылыстану кафедрасында бейіндік оқытуды ұйымдастырудың нысандары» ғылыми-жаратылыстану цикл пәндері;

  • «Кәсіптік оқытудың үлгісін құрудағы тілдік пәндерді меңгертудің құзыреттілігі» тіл пәндері кафедрасы;

  • «Бейіндік оқытуға көшу жағдайында гуманитарлық цикл пәндері оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту» гуманитарлық цикл пәндері.

Педагогикалық ұжымда мұғалімдердің білімін арттыру бойынша мәселелер болған жоқ. Әкімшілік мұғалімдердің курстық дайындықтардан өтуіне, қалалық пәндік ӘБ, қалалық және облыстық семинарларға қатысуларына қатаң бақылау жүргізіп отырады. Мұғалімге әдістемелік көмек берудің ең тиімді нысаны- лицей әкімшілігінің олардың сабақтарына, сабақтантыс іс-шараларына қатысып, талдау жасау болып табылады. Сабақтарға қатысып, соңынан талдау жүргізу лицейішілік бақылау жоспары бойынша өткізілді.


Тексеріс барысында анықталғаны:
• барлық оқу кабинеттерінің санитарлық ахуалы СанПин талаптарына сәйкес келеді;
• оқушылармен сабақтар қатаң сабақ кестесі бойынша өткізіледі;
• сабақты себепсіз босату мәселесі 9 және 11 сыныптарда байқалды; 
• мұғалімдердің жұмыс жоспарлары барлық талаптарға сәйкес келеді, оқу жоспарының барлық пәндері бойынша мемлекеттік бағдарламалары орындалған;
• лицей мұғалімдерінің көбі сынып журналдарын жүргізуге жауапкершілікпен қарайды, біріңгай орфографиялық режимді сақтайды.
Сонымен қоса лицей мұғалімдерінің бір қатары сабақтарды дәстүрлі нысанда өткізу басым екенін атап өткен жөн. Заманауи педагогикалық технолггиялар элементтері өте баяу меңгерілуде; көптеген мұғалімдер оқытудың репродуктивтік нысандарын қолданады, бұл оқу нәтижесіне тікелей әсер етеді ( оқушылардың 41% қанағаттанарлық білімге ие). Оқушылардың үй жұмысының көлеміне жеткіліксіз бақылау жасалуда, саралай оқыту жеткіліксіз колданылады.
Тұжырымдамалар мен ұсыныстар:

1. Әдістемелік жұмыс шеңберінде нәтижені болжау, мониторинг жүргізу, тәуекелдер мен оң сәттерді есептей білу қажет .


2. Әдістемелік міндеттерді жүзеге асыру барысында келесі мәселелер анықталды:
- «Жыл мұғалімі» конкурсының лицейлік кезеңі өткізілмеген;
- 2 басылым жұмысы ғана ұсынылған;
- оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің жеткіліксіз құзіреттілігі;
- Мұғалімдердің инновациялық режимде, эксперимент режимінде жұмыс істеуге дайындығын зерттеудің нақты көрінісі жоқ;
3. Құзіретті педагогика аясында заманауи сабақты жобалай білуді үйрену;
4. Өздігінен талдау және өзін-өзі бағалау арқылы сабақ мониторингы әдістерін меңгеру;
5. Оқудың барлық сатылары оқушыларының оқу уәждемесін арттыру бойынша педагог қызметін жетілдіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет