2. Пәнді оқыту бағдарламасы – syllabus


Эскиздеу этаптары (кезеңдері)



бет3/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,75 Mb.
#26754
1   2   3   4   5   6   7

Эскиздеу этаптары (кезеңдері).

1. Тетікбөлшектің пішінімен танысу.

2. Тетікбөлшек кескіндерінің жеткілікті санын анықтау.

3. Эскиз орындалатын пішімді таңдау.

4. Таңдап алынған пішімді эскиз салуға дайындау.

5. Кескіндерді қағаз бетіне алдын-ала орналастыру.

6. Тетікбөлшектің көріністерін жіңішке сызықтармен салу.

7. Тетікбөлшек кескіндерін салуды аяқтау.

8. Шығару және өлшем сызықтарын жүргізу.

9. Сызбаға түсірілетін тетікбөлшектің барлық өлшемдерін өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдаланып анықтайды.

10. Тетікбөлшек эскизін салуды аяқтау.

Тетікбөлшекті өлшеу тәсілдері.

Эскизге тетікбөлшектің өлшемдерін түсіру үшін, оны өлшеу керек.

Өлшенетін бөлшектің көлемі мен формасына және өлшемді анықтауға қойылатын дәлдікке байланысты арнайы өлшеу аспаптары қолданылады. Бөлшектің жәй өлшемі темір сызғышпен, кронциркульмен, нутромермен, ал дәл өлшемдер – штангенциркульмен, микрометрмен және басқа аспаптармен орындалады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Қарапайым өлшеуіш құралдарын ата және оларды пайдаланып, өлшеу тәсілдерін көрсетіңіз.

Кронциркуль деп қандай құралды айтады?

Нутромердің құрылысы қандай?

Бұранданың адымын қалай анықтайды?

Эскиз деп қандай конструкторлық құжатты айтады?

Эскизде кескіндер қалай салынады?

Техникалық бөлшектерді эскиздеу.

Эскиздеу тақырыбын қайталау.

Әдебиет: 1. Василенко Е.А. и др. Методика обучения черчению. М., Просв., 1990. Стр.31-34.

2. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр.96-107.

3. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1966. Стр. 318-337.

4. Ботвинников А.Д. Вышенепольский И.С. Черчение в средней школе. М., Просв., 1989. Стр. 81-85.

5. Эйдельс Л.М. Дерябин А.С.Методика преподавания черчения. М., Просв., 1968.
12 апта

Кредит сағат 23.

12 дәріс

Тақырып: «Басты көріністі таңдау» тақырыбын оқыту әдістемесі.

Дәрістің мазмұны:


  1. Проекциялар туралы түсінік.

  2. Басты көріністі таңдау.

  3. Өзара перпендикуляр екі және үш проекция жазықтығына проекциялау.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін, техникалық сурет туралы жалпы түсінік, техникалық суретті орындаудың кезеңдерін үйрету.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұрыштар, остік сызықтар, координаттар жүйесі.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

1) Техникалық сурет туралы жалпы түсінік.

Техникалық сурет – аксонометрия ережелері бойынша, пропорцияны көз мөлшерімен сақтай отырып, қолдан орындалатын кескін. Техникалық суретті орындағанда да аксонометриялық проекцияларды салғандағы ережелерді сақтау керек; осьтерді сондай бұрыштар жасай орналастырады, ал өлшемдерді осьтер бойына немесе оларға параллель етіп түсіреді.

2) Техникалық суретті орындау тәсілдері.

Конструкторлар жаңа машинаның проектілерін жасауда техникалық суреттерді кеңінен қолданады. Техникалық суретті салу бірнеше кезеңге бөлінеді:

1-кезең.Тетікбөлшекті тік бұрышты натурал координаттар жүйесімен байланыстырады.

2- кезең. Шеңберлер эллипстерге кескінделеді.

3- кезең. Табылған нүктелері бойынша эллипстерді жүрізеді.

4- кезең. Сыртқы эллипстерге ортақ жанамалар жүргізіледі.

5-кезең. Тетікбөлшектің көлемділігін көрсету мақсатында оның көлеңкелерін салады.

3)Жазық фигуралардың, геометриялық денелердің,

бөлшектердің техникалық суретін орындау әдістері.

Жазық фигуралардың және олардың аксонометриялық проекцияларын орындау үшін алдымен остік сызықтарын, сосын қабырғаларының ұзындықтарын белгілейді. Техникалық суретті орындағанда да аксонометриялық проекцияларды салғандағы ережелерді сақтау керек; осьтерді сондай бұрыштар жасай орналастырады, ал өлшемдерді осьтер бойына немесе оларға параллель етіп түсіреді.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Техникалық сурет дегеніміз не?

Техникалық сурет пен аксонометриялық проекциялар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтар туралы айтып бер.

Техникалық суретті салудың негізгі кезеңдері қандай?

Нәрсенің көлемділігін суретте қалай көрсетуге болады?

Бөлшектердің техникалық суретін орындау.



Әдебиет: 1.Методика обучения черчению. Под. ред. Е.А. Василенко М., Просв., 1990.Стр.102-115.

2. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв.,1977.Стр. 196-206.

3. Есмухан Ж.М.Сызу. 9кл.Алматы, Мектеп, 2005. Стр.88-94.

4. Есмухан Ж.М. Сызу. 9кл. Әдістемелік нұсқаулар. Алматы, Мектеп. 2005.Стр.50-55.


13 апта

Кредит сағат 25.

13 дәріс

Тақырып: Оқушылар үлгерімін есептеу..

Дәрістің мазмұны:

Сұрақ- жауап әдістері: жеке, фронталь және аралас.



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін үйрету, тісті берілістердің түрлері мен олардың қолданылатын орны туралы түсінік беру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: цилиндрлік, конустық, червяктік, түзу тісті, қиғаш тісті, рейкалы.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Қозғалысты бір механизмнен екінші механизмге жеткізу үшін керекті тетікбөлшектер жиынын беріліс деп атайды.



Тісті берілістер бөлшектерінің шартты кескіндері.

Тісті дөңгелектің негізгі ерекшелігі – оның тістері. Тістер санын z әрпімен белгілейді. Тісті екі бөлікке бөледі: тістің жүзі және түбі. Тісті дөңгелекті орап тұратын цилиндр жүргізсек, ол цилиндр тістерді дөңестері деп аталатын беттері бойынша жанайды. Тістердің түбі арқылы өтетін шеңбер диаметрін ойықтар диаметрі деп атаймыз. Тісті дөңгелектің негізгі параметрін модуль деп атайды. Модуль миллиметрмен өлшенеді және оның мәні есептелген.



Механикалық берілістердің түрлері.

Механикалық берілістердің түрлері: қайысты, шынжырлы, үйкелісті және тісті берілістер.

Тісті берілістер классификациясы:

1) қозғалыстағы бөлшектер остерінің өзара орналасуына қарай: параллель, қиылысқан және айқас ості берілістер.

2) тісті дөңгелектердің бір-біріне қатысты орналасуына қарай: цилиндрлік тісті берілістерде іштей және сырттай ілінісу берілістері.

3) тіс сызықтарының сипатына қарай: түзу тісті, қиғаш тісті, қисық сызықты винттік, спираль тісті берілістер.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тісті берілістердің атқаратын қызметі қандай?

Тісті берілістен басқа қандай берілістерді білесіз?

Тісті дөңгелектің сызбасында бөлгіш, дөңес, ойық шеңберлері қандай сызықтармен көрсетіледі?

Тісті дөңгелектің модулі мен тістерінің өлшемдері арасындағы байланыстар қандай?

Әдебиет: 1. Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко. М., Просв., 1990. Стр. 68-71.

2. Основы методики обучения черчению. Под ред. Ботвинникова А.Д.М., Просв., 1966. Стр. 337-343.

3. Ройтман И.А. , Эйдельс Л.М. Методика преподавания черчения М., Просв., 1983. Стр. 71-76.
14 апта

Кредит сағат 27.

14 дәріс

Тақырып: Сызудан факультативтік сабақтар және олардың өткізілу әдістемесі.

Дәрістің мазмұны:


  1. Факультативтік сабаққа топтар құру формасы.

  2. Факультативтік сабақтар өткізу жиілігі.

  3. Білімді бағалау жүйесі.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін үйрету, құрастыру бірліктері, құрастыру сызбаларының орындалу ережелері мен олардың қолданылатын орны туралы түсінік беру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: құрастыру бірліктері, сипаттізім, бөлшектеу.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Бұйымдардың құрастыру сызбалары. Бұйымдарды жасау үшін олардың жобаларын есептейді, тексереді және бекітеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бұйымның конструкторлық құжаттары дайындалады. Құрастырылған бұйымды оның құрамына енетін тетікбөлшектерді және құрастырылған кішірек бұйымдарды бірін- біріне біріктірудің нәтижесінде алады. Машиналардың немесе басқа бұйымдардың кескіндері және оларды құрастыруға, тексеруге қажетті мәліметтер көрсетілген конструкторлық құжаттарды құрастыру сызбалары деп атайды.

1) Құрастыру сызбаларында қолданылатын шарттылықтар мен ықшамдаулар.

Құрастыру сызбаларында тетікбөлшектерді ықшамдап, шартты түрде кескіндеу кең түрде қолданылады. Машина тетікбөлшектерінің ұсақ дөңестері мен ойықтары, фаскалары, галтельдері, саңылаулары көрсетілмейді.

Құрастыру сызбаларында подшипниктерді шартты белгілермен ықшамдап көрсетуге болады. Шартты белгіде подшипниктің контуры жуан негізгі сызықпен, ал оның ішінде тұтас жіңішке сызықпен диагональдары жүргізіледі.

2) Бұйымның құрам бөліктерінің реттік номерлерін сызбаға енгізу.

Құрастырылған бұйымға кіретін тетікбөлшектерді нөмірлейді. Оларды тіркеу ретінің нөмірлері деп атайды да, шығару сызықтарының сатыларына жазады, ал шығару сызықтарының тетікбөлшек кескіндеріне барып тірелген ұшына нүкте қойылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Құрастыру сызбасы деп қандай конструкторлық құжатты айтады?

Құрастыру сызбасында кескіндерді қандай әдіспен алады?

Кескіндердің түрлерін қалай атайды?

Тетікбөлшектерді қалай ықшамдап көрсетуге болады?

Әдебиет: 1. Методика обучения черчению. Под ред.Е.А.Василенко.

М., Просв.,1990. Стр. 79-85.

2. Дембинский С.И., Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр. 300-30

3. Основы методики обучения черчению. Подред. Ботвинников А.Д. М.,Просв., 1956. Стр.497-502.

4. Виноградов В.Н. Методика факультативных занятий по черчению. М., Просв., 1978.
15 апта

Кредит сағат 29.

15 дәріс

Тақырып: Сызу пәнінен сыныптан тыс жұмыстар.

Дәрістің мазмұны:


  1. Сызу үйірмесі.

  2. Тақырыптық кештер.

  3. Сызудан олимпиадалар.

  4. Экскурсиялар.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін үйрету, құрылыс сызбалары мен олардың орындалу реті, көріністерді алу жолдары туралы түсінік беру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: баспалдақ, қасбет, тілік, план, іргетас, қабырға, төбе, еден, қабатаралық жаппалар, шатыр т.б.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Құрылыс сызбалары. Зауыттарды, фабрикаларды, жолдарды, әлеуметтік құрылыстарды (мектеп, театр, аурухана, бала бақша т.б.) және тұрғын үйлерді олардың жобалары бойынша тұрғызады.

1) Құрылыс сызбалары туралы жалпы мәлімет. Жобалау нәтижесінде жоғарыда аталған құрылыстардың кескіндері мен өлшемдері қағаз бетіне түсіріледі, яғни құрылыс сызбалары салынады. Мазмұнына қарай құрылыс сызбалары үш топқа бөлінеді: архитектуралық-құрылыс – тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік ғимараттар;

инженерлік-құрылыс – жолдар, көпірлер, плотиналар, туннель, каналдар;

топографиялық – жер бетінің және оның үстіндегі жер бедері, табиғи және жасанды объектілер кескіні.

2) Құрылыс құжаттарының түрлері. Құрылыстағы техникалық құжаттар: техникалық жоба, жұмыс сызбалары. Техникалық жоба құрамына қасбет, план, тілік сметалық финанстық есеп, түсіндірме жазбасы, құрылыс конструкциясы мен инженерлік жабдықтар кіреді.

Бекітілген техникалық жоба негізінде бас план мен жұмыс сызбалары жасалады. Жұмыс сызбалары екі түрге бөлінеді: жалпы архитектуралық құрылыс және бөлшектеу.

3) Құрылыс сызбаларын оқу. Құрылыс сызбаларын оқу оның масштабын анықтаудан басталады. Планда кескінделген объектілерді, олардың өзара орналасуы, жолдар, өткелдер, көгалдандырулар т.б. анықталады. Құрылыстан толық мағұлмат алу үшін жұмыс сызбасын оқуға көшеді.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Құрылыс сызбаларын мазмұнына қарай қандай топтарға бөлінеді?

Жұмыс құрылыс сызбаларының қандай түрлері бар?

Құрылыс сызбаларында кескіндер қалай алынады және олар қалай аталады?



Әдебиет: 1.Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко М., Просв., 1990. Стр.85- 91

2. Виноградов В.А. Внеклассная работа по черчению. М., Просв., 1964.

3.Дембинский С.И., Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв.,1977.Стр. 143-171
6. СЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ.




Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Жалпы білім беретін мектептегі сызу пәні бағдарламасына талдау.

1. Материалды дидактикалық принциптерге байланысты жіктеу.

2. Сызбаларды оқыуға және орындауға үйрете отырып, олардың шеберлігі мен дағдысын арттыру.



1

1.Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко. М., Просв,1990 Стр. 51-55.

2. Дембинский С.И. Кузмченко В.И.Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просвещ..,1966 Стр. 17-21.

3. Основы методики преподавания черчения. Подред. Ботвинникова А.Д. М., Просв., 1966 Стр. 17-21.

4. Программа черчения. РК Алматы. Рауан., 1999г.



2

Мектептегі сызу оқулығының құрылымы.

1. Сызу пәнінен әдістемелік нұсқаулар.

2. Міндетті графикалық жұмыстар.



2

1) Есмухан Ж.М. Черчение. Алматы., Мектеп, 2005г.

2) Кузьменко В.И., Косолапов М.А. Методика преподавания черчения. М., Просвещ., 1981г. Стр. 41-47.

3) Ботвинников А.Д., Виногреев В.Н., Вышнепольский И.С. Черчения, учебник М., Просвещение, 1980.


3

Сызбаларды безендіру және сызба құралдарымен жұмыс жасау әдістемесі.

1. Сызбаларды безендірудегі шарттылықтар.

2. Сызу сабағында сызу құрал-жабдықтарының жетіспеушілігі.




3

1.Методика обучения черчению. Под ред. Василенко Е.А. М., Просвещение, 1990. Стр.96-102.

2. Дембинский С.И., Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв.,1977. Стр.180-185.



4

Геометриялық тұрғызулар.

1. Доғалар мен шеңберлерді тұрғызуда циркульді пайдалану тәсілдері.

2. Кескіндерде тік және көлбеу сызықтарды жүргізудегі кейбір олқылықтарды жібермеу.



4

1.Есмухан Ж.М. и др. Обязательно графические работы по черчению для 9 класса. Дидактические материалы, Алматы, Мектеп, 2005г.

2. Методика обучения черчению. Под ред. Василенко Е.А. М., Просв., 1990.Стр. 115-117.

3. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977. Стр. 193-196.


5

Сызбаға арналған құрал-жабдықтармен сынып тақтасында жұмыс жасау әдістемесі.

1. Сынып тақтасына конструктивтік безендірілуі әртүрлі сызықтарды салу.

2. Мектептегі оқу құрал-жабдықтарына арналған МЕСТ.




5

1.Есмухан Ж.М. и др. Обязательно графические работы по черчению для 9 класса. Дидактические материалы, Алматы, Мектеп, 2005г.

2. Методика обучения черчению. Под ред. Василенко Е.А. М., Просв., 1990.Стр. 115-117.

3. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.


6

Сызбаға өлшемдер түсіруге арналған тақырыпты өткізу әдістемесі..


1. Сызбаға өлшемдер түсірудің қажеттілігі.

2. Сызықтық өлшемдер.

3. Бұрыштық өлшемдер.

4. Сызбаға өлшемдер түсіруде кездесетін қателіктер.




6

1. Борисов Д.М. Черчение М., Просвещение, 1987.Стр.10-17.

2. Методика обучения черчению. Под. ред.. Василенко Е.А. М., Просв., 1990.Стр. 100-102.

3. Есмухан Ж.М. и др. Міндетті графикалық тапсырмалар. черчению для 9 класса. Дидактические материалы, Алматы, Мектеп, 2005г.

4. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.



7

Жазықтыққа проекциялау әдістері. 2 және 3 проекция жазықтығына проекциялау.


1. Проекциялау әдістері.

2. Тік бұрыштап проекциялау.




7

1. Борисов Д.М. Черчение М., Просвещение, 1987.Стр.9-97.

2. Дембинский С.И. Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр. 196-200.

3.Есмухан Ж.М. Черчение, 9кл. Обязательные графические работы Алматы, Мектеп, 2005г. Стр.30-40.


8

Сызу курсындағы модельдеу және жаттығуға арналған тапсырмалар.


1. Сызуды оқыту курсындағы модельдеу.

2. Модельдеуде қолданылатын материалдар.

3. Модельдерді орындау реті.


8

1.Владимиров Я.В. Моделирование изображений по черчению. М., Просв., 1966.

2. Воротников И.А. Занимательное черчение. М., Просв., 1990.

3. Ботвинников А.Д. Основы обучения черчению. М., Просв., 1966. Стр. 343-346.

4. Дембинский С.И. Моделирование в черчений. М., Учиздат, 1957г.



9

Сызу пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспардың құрылуы

1. Күнтізбелік – тақырыптық жоспардың формасы.

2. Күнтізбелік – тақырыптық жоспардың құрылымы.

3. Күнтізбелік – тақырыптық жоспарда қарастырылатын сұрақтар.


9

1. Василенко Е.А. и др. Методика обучения черчению. М., Просв., 1990. Стр.59-65.

2. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр.76-94.

3. Есмухан Ж.М. Учебник по черчению для 9 класса. Алматы, Мектеп, 2005г.

4. Есмуханов Ж.М. Черчение.9 кл. Методическое руководство. Алматы, Мектеп, 2005г. Стр.10-12.



10

Сызудан сабақ конспектісін құру.

1. Сызу пәнінен сабақ конспектісін құруда қойылатын талаптар.

2. Сабақ типін таңдау.




10

1. Василенко Е.А. и др. Методика обучения черчению. М., Просв., 1990. Стр.59-65.

2. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1966. Стр. 388-395.

3. Дембинский С.И. Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в общеобразовательной школе. М., Просв., 1977.Стр.73-74

4. Ройтман И.А., Эйдельс Л.М. Методика преподавания черчения. М., Просв., 1983.Стр. 106-110.

5.Черчение. Пособие для студентов пединститутов. Подред. А.В. Буровцева. М., Учиздат, 1967г. Стр.83-86.


11

Сызудан сабақтың конспект жоспарын құру.

1. Конспект жоспардың сабақ конспектісінен айырмашылығы.

2. Конспект жоспардың мазмұны.




11

1. Методика обучения черчению Подред. Е.А. Василенко М., Просв., 1990. Стр.59-66.

2. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр.90-94.

3. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1966. Стр. 388-399.


12

Проекциялық сызуға арналған тапсырмаларды орындау.

1. Проекциялау тәсілдері.

2. Тік бұрыштап проекциялау жүйесіндегі сызбалар.




12

1. Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш., 1984.Стр.72-85.

2. Есмухан Ж.М. и др. Сызу. 9 кл. Стр.30-65. Алматы., Мектеп, 2005. Міндетті графикалық тапсырмалар..

3. Есмухан Ж.М. Нәби Ы.А. Сызу. 9кл. Әдістемелік нұсқаулар. Алматы., Мектеп, 2005.Стр.50-55.


13

Сызудан әзірлік сабағын өткізу және талдау.


1. Сабақтың мақсаты мен мазмұны.

2. Сабақтағы көрнекіліктер.

3. Сабақты жоспарлау.


13

1. Дембинский С.И., Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр.76-94

14

Сызудан әзірлік сабағын өткізу және талдау.


1. Сабақтың мақсаты мен мазмұны.

2. Сабақтағы көрнекіліктер.

3. Сабақты жоспарлау.


14

1. Методика обучения черчению. Под.ред.Е.А.Василенко.

М., Просв.,1990. Стр. 79-85.

2. Дембинский С.И., Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр. 300-303.


15

Сызудан әзірлік сабағын өткізу және талдау.


1. Сабақтың мақсаты мен мазмұны.

2. Сабақтағы көрнекіліктер.

3. Сабақты жоспарлау.


15

1. Методика обучения черчению. Под.ред.Е.А.Василенко.

М., Просв.,1990. Стр. 79-85.

2. Дембинский С.И., Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр. 300-303.



7. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

1 апта

Кредит сағат 2.

1 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі сызу пәні бағдарламасына талдау.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Материалды дидактикалық принциптерге байланысты жіктеу.

2. Сызбаларды оқыуға және орындауға үйрете отырып, олардың шеберлігі мен дағдысын арттыру.

Әдістемелік нұсқаулар: Өткен жылдардағы сызу бағдарламаларын қазіргімен салыстыру.

Әдебиет: 1.Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко. М., Просв,1990 Стр. 51-55.

2. Дембинский С.И. Кузмченко В.И.Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просвещ..,1966 Стр. 17-21.

3. Основы методики преподавания черчения. Подред. Ботвинникова А.Д. М., Просв., 1966 Стр. 17-21.

4. Программа черчения. РК Алматы. Рауан., 1999г.


2 апта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет