2 Практикалық бөлім


Borland C++ Builder бағдарламалау тілі



бет2/10
Дата08.02.2022
өлшемі2,37 Mb.
#98824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қызметкерлердің жұмыс орнын құру

Borland C++ Builder бағдарламалау тілі

С++ тiлi BCPL және B тiлдердiң негiзiнде құралған және Си тiлiнен дамыған. BCPL тiлi компилятордан жазуға және операциялық жүйенi бағдарламамен қамтамасыз етуге арналған. Бұл тiлдi 1967 жылы Мартин Ричард ойлап тапқан. Кен Томпсон В тiлiнiң көптеген мүмкiндiктерiн BCPL дубликатында және В тiлiн UNIX операциялық жүйелерiнiң алғашқы версияларын құру үшiн 1970 жылы Bell Laboratories-те DEC PDP-7 компьютерiнде қолданылды. BCPL және В тiлдерi қолдануға тиiмсiз болды. Онда мәлiметтiң әрбiр элементi жадыда бiр сөздiң орнын алады және мәлiмет элементтерiн өңдеуде бағдарламашыларға ауыртпалығын тигiздi.


Си тiлi В тiлiнiң негiзiнде дамыды. Си тiлiн Bell Laboratories-те 1972 жылы Деннис Ритчи DEC PDP-11 компьютерiнде жасады. Си BCPL және В тiлдерiнiң көптеген маңызды концепцияларын және мәлiмет типтерiн және басқа да қасиеттерiн қолданды. Си тiлi UNIX операциялық жүйесiн өңдеудегi тiл ретiнде кеңiнен танымал болды. Қазiргi таңда барлық операциялық жүйелер Си және Си++ тiлдерiнде жазылған. Соңғы он жылдықта Си тiлi көптеген компьютерлерде қолайлы болды.
Си++ Си тiлiнiң кеңейтiлген түрi. Оны 1980 жылдың басында Бъерн Строустроп Bell Laboratories-сында өңдеп шығарған. Си++ тiлi Си тiлiнiң бiрқатар қасиеттерiн реттеудi қамтамасыз етедi және ең маңыздысы объектi-бағдарланған бағдарламалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл бағдарламамен қамтамасыздандыру әлемiндегi революциялық идея болып табылады.
Басқада бағдарламалық тiлдер көптеген қажеттi эффект бере алмағандықтан, Си++ алғашқыда ең жоғарғы деңгейдегi нақтылы оқиғалар үлгiлерiн өңдеу мақсаты үшiн құрылған тiл болды.
Си++ тiлiн құруда Си тiлiнiң сәйкестiгiн сақтап қалуға ерекше көңiл бөлiндi. Си++ тiлiнiң көмегiмен кең көлемдi бағдарламалық проектiлер құруға болады. Си++ тiлiнiң арқасында берiлген мәлiметтер типтерiне бақылауды күшейтуге және көптеген қосымша эффектiлердi жеңе алатын болдық. Си++ тiлiнiң ең маңызды табысы объектi-бағдарланған бағдарламалау болып табылады. Си++-тiң барлық жеңiлдiктерiн пайдалану үшiн негiзгi объектiлердi және олармен байланысқан операцияларды анықтап алу керек.
Borland C++ Builder – Borland компаниясы арқасында жақында шығарылған, жылдам жұмыс істейтің бағдарлама, яғни С++ Builder тілінде бағдарлама жасауға мүмкіндік беретін, соған қарамастан Delphi бағдарламасының компоненттерін қолдана отырып жұмыс істеуге болады. Өйткені көп айырмашылықтар жоқ. Си бағдарламалау тілі Bell лабораториясында жасалған. Бұл тілді ассемблердің орнына қолдану үшін шығаруды жоспарлаған еді. Си – бұл жалпы тағайындаудың тілі, ол өзінің үнемділігімен, тиімділігімен және тасымалданғыштығымен ерекшеленеді. Аталған ерекшеліктер арқасында Си тілі арқылы бағдарлама өнімдерінің кез келген түрін жасауға болады. Си тілі құралдық тіл ретінде қолданғанда, жедел және тұтас бағдарламаларды құрастыруға болады.Бұл курстық жобада біз C++ Builder бағдарлама тілінің ортасын және интерфейс ортасын қарастыратын боламыз [1].
Borland C++ Builder ортасы көп терезелі жүйе тәрізді. Оны жүктеу үшін
Пуск/программы/ Borland C++ Builder командасы қолданылады. Жүктелгеннен кейін экранда 4 терезе пайда болады.
Borland C++ Builder ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады. Олар:
1. Негізгі терезе (Project1).
2. Компоненттердің иерархиялық ағашы (Object TreeView).
3. Обьектілер инспекторының терезесі (Object Inspector).
4.Форма конструкторының терезесі (Form1).
5. Кодтар редакторының терезесі (Unit1.cpp).
1. Негізгі терезе (Project1). Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Borland C++ Builder ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Borland C++ Builder - ны жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады. 
Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады . 
C++ Builder жұмыс істеу ортасы
C++ Builder SDI-бағдарламасын қолданады, басты терезе аспаптар панельсінің (сол жақ) және палитра компоненттерінің (оң жақ) ұстайды.Бұдан басқа ,C++ Builder бағдарламасын іске қосқанда объекттілер инспекторы терезесі (сол жақ) пайда болады және жаңа бағдарлама формасы ашылады (оң жақ).Форма терезесінің астында редактор кодының терезесі бар.Ол 1.1-суретте қарастырылған.
1.Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған. Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады (Сурет 1.1). 





Сурет 1.1 Borland C++ Builder ортасының жұмыс істеу ортасы


Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Borland C++ Builder программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Borland C++ Builder -ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша, компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады.
2. Компоненттердің иерархиялық ағашы (Object TreeView). Бұл терезе объекттер ағашы. Бұл терезеде формадағы барлық компоненттердің тізімі тұрады. + немесе – белгісі бұл компоненттің ішкі класында екінші компоненттің бар екендігін білдіреді. Егерде компоненттін аты ерекшеленген болса онда бұл компонент формада екпінді болғанын анықтайды(Сурет 1.2) [2].



Сурет 1.2 Object Inspector терезесі


3.Обьектілер инспекторының терезесі (Object inspector).Бұл терезе объекттер инспекторы болып, мұнда объекттің негізгі параметрлері енгізіледі. Оқиғалар тізімі жазылады. Мұны View/obgect inspector немесе F1 клавиші арқылы экранға шығамыз. Obgect inspector терезесі екі жапсырмада тұрады .


Propertits ( қасиет )
Events (жағдай)
Propertits ( қасиет ) терезе қасиеттері
Action қасиеті – TAction объектін анықтайды. Бұл объект
ActiveControl – дәл осы кезде енгізу фокусын иемденетін
Align – экранда қалыптың түзетілуін анықтайды. Бұл қасиет
alBottom – астыңғы шеті арқылы;
alClient – қолданушының барлық аймағы;
alCustom – түзетілу аналық объектінің тәсілін шақыру арқылы
alLeft – сол шеті арқылы; 
alNone – түзетілусіз; 
alRight – оң шеті арқылы; 
alTop – үстіңгі шеті арқылы. 
AlphaBlend – қалыптың мөлдірлігін қосады немесе өшіреді. 
AlphaBlendValue – қалыптың көріну дәрежесі: 0 – қалып
Anchors – қалыпқа компоненттердің байланыстырылуының бағытын анықтайды. 
AutoScroll – қалыпта орын жетпегенде автоматты түрде айналдыру
AutoSize – қалыпта орналасқан элементтердің позицияларына сәйкес қалыптың
BiDiMode – элементтің екіжақты көрінуін айқындайды. Жазудың бағыты
BorderIcons – терезенің тақырыбында көрініс табатын батырмаларды айқындайды:
biSystemMenu – терезенің жүйелік мәзіріне (Alt+Space пернесімен шақырылатын)
biMinimize – терезені минимизациялау батырмасы; 
biMaximize – терезені жаю батырмасы; 
biHelp – көмек шақыру батырмасы. 
BorderStyle – терезе шекараларын және терезенің жалпы типін
bsDialog – диалогтік терезе (тақырыбында тек «Жабу» батырмасы);
bsNone – «таза парақ» (терезенің шекаралары мен тақырыбы);
bsSingle - өлшемдерін өзгертуге тыйым салынған қарапайым терезе; 
bsSizeable - өлшемдерін өзгертуге болатын қарапайым терезе (үнсіз); bsSizeToolWin – тақырыбы кішірейтілген оңайлатылған терезе;
bsToolWindow - өлшемдерін өзгертуге тыйым салынған тақырыбы кішірейтілген
BorderWidth – терезе енінің пикселдердегі өлшемі. 
Caption – қалып тақырыбында көрініс табатын мәтін. 
ClientHeight, ClientWidth – қалыптың қолданушылық аймағының өлшемі. 
Color – қалып түсі. 
Constraints – қалыптың пикселдердегі ені мен ұзындығының максимал
Ctl3D – қалыптың 3D- көрінісін анықтайды. 
Cursor – тышқан курсорының форма аумағында орналасқандағы түрін
DefaultMonitor – қалып қай мониторда көрініс табатынын анықтайды
DockSite, DragKing и DragMode – Drag&Drop операциясын орындағанда
Enabled – қалыптың белсенділігін анықтайды. 
Font – қалыпта қолданылатын шрифттті анықтайтын қасиет. 
FormStyle – қалыптың стилі. Бұл қасиет келесідей мәндерге
fsNormal – қарапайым қалып (үнсіз келісім бойынша қойылады); 
fsMDIChild – бағынышты қалып
fsMDIForm – басты қалып;
fsStayOnTop – қалып басқа терезелердің үстінде орналасады. 
Height – қалыптың биіктігі. 
HelpContext, HelpFile, HelpKeyword, HelpType – қалыптың *.hlp форматындағы
HorzScrollBar – көлденең айналдыру жолағын анықтайтын қасиет. 
Icon – қалып тақырыбының сол жақ бұрышында көрінісі
Left – қалыптың сол жақ үстіңгі бұрышының позициясы.
Name – қалыптың объектілік аты. 
PopupMenu – қалыптың контексттік мәзірін таңдауға мүмкіндік беретін
Position – қалыптың экрандағы бастапқы орнын анықтайды. Бұл
poDesigned – design-time-да көрсетілген орында пайда болады; 
poDesktopCenter – жұмыс үстелінің ортасында;
poScreenCenter – экранның ортасында;
poMainFormCenter – қосымшаның басты қалыбының ортасында 
PrintScale – қалып баспаға жіберілгендегі оның өлшемдерін анықтайды.
ScreenSnap. Егер бұл қасиет True мәнін иеленсе, онда
TransparentColor – қалыптың берілген түсінің мөлдірлігін қосатын қасиеті.
VertScrollBar – тік айналдыру жолағын анықтайтын қасиет. 
Visible – қалыптың экрандағы көрінуін анықтайтын қасиет. 
Width – қалыптың енін анықтайды. 
WindowState – қалыптың келесі күйлерінің бірін анықтайды:
wsNormal – қарапайым күйі (экранның бір бөлігінде орналасады); 
wsMinimized – терезе минимизацияланған
wsMaximized – терезе барлық экранға көрсетіледі.
4.Форма конструкторының терезесі(form1). Біздің болашақ программа жобасының терезесі. Алғашынды форма терезесі бос күйінде болады. Форма бетінде ұсақ координаталық нүктелер болады, ол тек жұмыс барысында болады.
5.Кодтар редакторының терезесі (Unit1.cpp). Терезесі кодтар редакторының терезесі болып табылады. Бұл терезеде формаға қойылған компоненттердің тізімі, компоненттердің оқиғалар тізімі және сол оқиға сәйкес командалар жазылады.
Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Borland C++ Builder -де тек қана бір уақытта жасауға болады.
Borland C++ Builder -де құрылғының қосымша проекті түрінде жиналған бірнеше элементтерден тұрады. Олар:
Проект коды (BPR кеңейтілген мен берген формада сақталады)
Форма сипаттамасы (DFM)
Форма модулі (CPP)
Модулдер (CPP)
Объектілерпараметрі (ОРТ)
Ресурстарсипаттамасы [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет