Тақырыбы: Дүние жүзілік мұхит
(1 сағат)
Жоспар: 1.Дүниежүзілік мұхит – біртұтас табиғат кешені
2. Дүние жүзілік мұхиттың бөліктері
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996
2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.
3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.
4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.
5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.
6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.
7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.
8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.
9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.
10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.
б) қосымша
11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.
12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.
13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.
14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.
15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.
16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.
Лекция мәтіні:
Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты — әлемдік мұхит алып жатыр. Оның ауданы 361 млн км 2 тең немесе планетамыздың 71%бөлігін құрайды және бұл су айдынында бүкіл гидросфераның шамамен 96%-і шоғырланған (1,34 млрд км3).
Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен өзіндік жеке су және атмосфера айналымы бар,айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхиттар дейміз. Кейде мұхиттар мұхит алаптарына бөлінуі мумкін. Негізінен мұхиттарды теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөліп қарау қалыптасқан.
Теңіз - мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бір бөлігі. Теңіз мұхиттан өзіне тән, геологиялық, гидрологиялық және басқа да сипаттарымен ерекшеленеді.
Келтірілген анықтамаларға сүйенсек теңіздердің гидрологиялық режимінің әлемдік мұхит бөліктерінің айтарлықтай сипаттамалық белгісі болып табылатындығын көреміз. Мұхиттар мен теңіздердегі гидрологиялық процестер жер бетіндегі су объектілерінде өтіп жататын табиғи процестердің маңызды бір бөлігі және оларды игеру барысында керекті шарт
Әлемдік мұхит шартты түрде келесі бөліктерге: Ты-
нық, Атлант; Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттарға
бөлінеді. Алып жатқан ауданына және суының көлеміне қарай мүхиттардың ең үлкені және тереңі (орташа
және шекті өлшем бойынша) — Тынық мұхит, кейде
оны «Ұлы мұхит» деп те атайды . Оның ең
терең жері (әлемдік мұхиттың да) 11022м; Ол жер
Мариан шұңғылында орналасқан (1957 ж. советтік ғылыми-зерттеу экспедициясы «Витязь», кемесінде өлшеген).
Мұхиттардың бөліктері - теңіздер — құрлыққа қатысты орналасуына қарай ішкі (құрлық іші және материкаралық),. шеткі және араларалық деп үш топқа бөлінеді.
Ішкі теңіздердің, мұхиттармен байланыстары тар бұғаздар арқылы болуы себепті өте нашар жүреді. Сондықтан да олардың гидрологиялық режимі мұхиттың іргелес аудандарының гидрологиялық режимінен біршама ерекшеленеді. Ішкі теңіздердің екі түрге бөлінуі олардың аттарынан-ақ көрініп тұр. Материкаралық теңіздер материктер арасында орналасса (оған мысал Жерорта теңізі), ал құрлықішілік теңіздер — бір құрлықтың ішінде орналасады (Азу, Балтық, Ақ теңіздері)
Мұхиттардың негізгі морфометрнялық сипаттамалары
Сипаттамалар
|
Мұхиттар
|
Атлант
|
Үнді
|
Солтүстік мұзды
|
Тынық
|
Әлемдік
|
Бетінің ауданы, млн.км2
Көлемі млн.км3
Орташа тереңдігі, м.
Ең үлкен тереңдік, м.
Ең терең жердің геогра-фиялық координаттары
Ендік
Бойлық
|
91,66
329,66
3597
8742
190361С
680201Б
|
76,17
282,65
3711
7209
100181О
1100231Ш
|
14,75
18,07
1225
5527
790111С
020421Ш
|
178,68
710,36
3976
11022
110191С
1420071Ш
|
361,26
1340,74
3711
11022
110191С
1420071Ш
|
Шеткі теңіздер мұхиттан аралдар арқылы немесе құрлыққа сұғына кіріп орналасады және мұхитпен еркін байланыста болады. Сондықтан бұл теңіздердің гидрологиялық режимі мен мұхиттың іргелес аудандарының гидрологиялық режимдері көп ұқсастыққа ие. Шеткі теңіздерге Баренц, Чукот және т. б. теңіздерді жатқызуға болады.
Араларалық теңіздер үлкен аралдардың немесе архипелагтардың арасында орналасады, мысалы, Фиджи
және Банда теңіздері.
Теңіздерді, олардың шекарасын, мөлшерін және тіпті аттарын белгілеу әлі де толық бекітілмеген, тіптен , теңіздердің саны жөніндегі әр түрлі ғалымдардың мәліметтері өзара едәуір айырмашылықпен сипатталады: 17-ден (Маркус, 1930) 84-ке шейін (Вюст, 1936). Халықаралық гидрографиялық бюроның (ХГБ) және ЮНЕСКО-ның үкіметаралық мұхиттану, комиссиясының (МОК) мұхиттану материалдарымен халықаралық дәрежеде алмасуды тәртіпке келтіру мақсатында қабылданған бөлшектеуіне сәйкес 59 теңіз бар. Олардың көпшілігінің, морфометриялық сипаттамалары кестеде келтірілген. .
Әлемнің бірқатар теңіздерінің негізгі морфологиялық сипаттамалары
Теңіз
|
Ауданы, мың км3
|
Су көлемі, мың км3
|
Орташа тереңдігі, м
|
Ең үлкен тереңді, м
|
Беринг
Охот
Жапон
Сары
Шығыс Қытай
Оңтүстік Қыт-ай
Банда
Корелл
Тасман
|
Тынық
2315
1603
1602
416
836
3537
714
4068
3336
|
мұхит
3796
1316
1631
16
258
3623
1954
10038
10960
|
1640
821
1536
38
309
1024
2737
2468
3285
|
4097
3251
3699
106
2719
5560
7440
9174
5466
|
Кариб
Мексика шығанағы
Солтүстік
Балтық
Жерорта
Қара
Азов (Азу)
|
Атлант
2777
1555
565
419
2505
422
39
|
мұхиты
6745
2366
49
21
3603
555
0,3
|
2429
1522
87
50
1438
1315
7
|
7090
3822
725
470
5120
2210
13
|
Қызыл
Араб
Арафур
|
Үнді
460
4832
1617
|
мұхиты
201
14523
189
|
437
3006
186
|
3039
5803
3680
|
Гренланд
Норвег
Ақ
Бареицев
Қар
Лаптевтер
Шығыс Сібір
Чукот
Бафин
|
Солтүстік
1195
1340
90
1424
883
662
913
595
530
|
мұзды
1961
2325
6
316
98
353
49
42
426
|
мұхиты
1641
1735
67
222
111
533
54
71
804
|
5527
3970
350
600
600
3385
915
1256
2414
|
Мұхиттар мен теңіздерде жоғарыда келтірілген бөліктермен қоса олардың сырт бейнесімен, табанының
бедерімен және гидрологиялық режимімен ерекшеленетін жекелеген бөліктерді және аудандары бөліп қаралады. Олар: шығанақ, бухта, лиман, лагуна, фиорд және бұғаздар.
Шығанақ — мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына кіріп жатқан және ашық теңізден немесе мұхиттан әлсіз түрде ерекшеленетін бөлігі. Сондықтан да шығанақ режиміне қарай мұхиттың немесе теңіздің іргелес жатқан аудандарынан ерекшелігі аз. Мысал ретінде Атлант мұхитындағы Бискай және Гвиней, Тынық мұхиттағы Аляска Үнді мұхитындағы Бенгал шығанақтарын келтіруге болады.
Жоғарыда айтқан, терминологиялық біркелкіліктің жоқтығынан карталардан бірқатар қателіктерді кездестіруге болады. Мысалы, Парсы, Гудзондар шығанақтарын теңіздер қатарына жатқызып, ал Бафорт теңізін шығанақ деу дұрысырақ болған болар еді.
Бухта — мұхиттан, теңізден аралдар немесе мүйіс-
тер арқылы мықтап бөлінген кішігірім шығанақ, әдетте желден жақсы қорғалған және порттар құруға жиі-
рек пайдаланылады. Әрбір бухта өзіндік ерекше гидродргиялық режимге ие. Мұндай су объектілеріне Қара
теңіздегі Немесс бухтасы (Новороссия айлағы). Жапон
теңізіндегі Алтын мүйіз (Владивосток айлағы) және
сол аудандағы Находка айлағы жатады.
Лиман - теңізден құм қайырымен бөлінген шығанақ. Лиман теңізбен тар бұғаз арқылы жалғасады, әдетте өзен аңғарының теңізге іргелес, жақын бөлігінің(атыpay) су басқан бөлігі (мысалы, Қара теңіз жағалауындағы Днепр, Днестр лимандары). Лиманның гидрологиялық режиміне оған келіп құятын өзеннің, ықпалы өте зор. Бұл су объектілерін кейде . көлдерге жатқызамыз, ал көпшілік жағдайда (біз де қосыламыэ) өзендердің атырау аймағына жатқызылады.
Губа (ерін) — Ресейдің солтүстігінде кең тараған шығанақтың аты, Ол құрлыққа тереңдей кіріп жатады, оған өзендер келіп құяды (Баренц теңізіндегі Чех, Кар теңізіндегі Обь губасы). Бұл су объектілерін де өзендердің атырау аймағына жатқызған дұрыс деп ойлаймыз.
Жағалауы биік (әдетте мұздықтың табаны болған) өзі тар әрі терең теңіз шығанағын фиорд деп атайды (мысалы Норвегия теңізіндегі Согнефиорд).
Бұғаз деп құрлықтың екі үлескісін екіге бөліп жатқан және жеке мұхиттар мен теңіздерді немесе олардың бөліктерін жалғастыратын су кеңістігін айтамыз. Мысалы, Тынық мұхит пен Солтүстік Мұзды мұхитты жалғастыратын Беринг бүғазы (ол Азия мен Америка
материктерін бөліп жатыр), Еуропа мен Африканы бөліп, Жерорта теңізін Атлант мұхитымен жалғастыратын
Гибралтар бұғазы, Сахалин және Хоккайда аралдарын
бөліп, Охот және Жапон теңіздерін жалғап жатқан
Лаперуз бұғазы. Бұғаздың ені деп бөлінген екі құрлықтың екі үлескісінің арасын, ал ұзындығы деп негізгі
су объектілерінің арақашықтығын атайды. Бұғаздар
түрлі сипатты болып келеді, олар өздері жалғастырып
жатқан мұхиттар мен теңіздердің гидрологиялық, режимдерінің қалыптасу барысында айтарлықтай рөл
атқарады және маңызды зерттеу объектісі болып табылады. Мұхиттану пәнінде ерекше бағыт — бұғазтану
ілімі қалыптасты.
№7 лекция.
Тақырыбы: Мұхиттар мен теңіздердің табанының бедері және шөгінділер
(1 сағат)
Жоспар: 1. Әлемдік мұхиттың табанының бедері
2. Түптік шөгінділер
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996
2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.
3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.
4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.
5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.
6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.
7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.
8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.
9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.
10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.
б) қосымша
11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.
12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.
13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.
14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.
15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.
16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.
Лекция мәтіні:
Жер мантиясының заттық газсыздануы планетамыздағы судың ең басты көзі болып табылады. Сонымен қатар мұхит табанының қалыптасуы туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Геотектоникаға жататын бірнеше ғылыми гипотеза бар.
Құрлықтар астында орналасқан жер қыртысының қалыңдығы айтарлықтай—100...120 км, ал орташа көрсеткіші 30...40 км. Мұхиттар астындағы жер қыртысының қалыңдығы — 5..10, және оның табаны құрлықтар астына қарағанда жоғары жатыр.
Жер қыртысы жоғарыдан төмен бірнеше қабаттан тұруы м-үмкін: шөгінді, кристалды (гранит), магмалық (базальт).Материктер астындағы шөгінді қабатының қалыңдығы орта - есеппен 5000 метрге жетеді, гранит қабаты—10000...15000 м, базальт; қабаты—15 000 метр. Ірі тау сілемдерінің астындағы қабаттардын қалыңдығы өсе түседі.
Мұхит түбіндегі шөгінді қабаттың қалыңдығы едәуір
аз —небәрі 100... 1000 м. Гранит қабат жоқ, ал шөгінді
қабаты жауып жатқан мұхит табаны тек қана ерекше
мұхиттық базальт қабатынан тұрады. Жер қыртысының мұхит астындағы жалпы қалыңдығы 6000м шама-
сында, яғни құрлықтар астындағы жағдайға қарағанда 5 еседей аз. ' . ' .
Әлемдік мұхит табанының бедері жайлы ғалымдардың алғашқы көзқарастары жербеті бедеріне деген көзқарасқа қарама-қарсы қалыптасты. Мұхит табаны бедерсіз,таусыз, ойпатсыз, бірыңғай тегістік ретінде суреттеліп
келді.
Әлемдік мұхиттың табанының бедерінің және шө-гінділердің таралу сипатының біркелкі еместігі жөніндегі алғаш жүйеленген деректер бұдан 100 жылдан аса уақыт бұрын, ағылшынның «Челенджер» атты ғылыми-зерттеу кемесінің жер шарын айнала жүзу сапары кезінде (1872—1876 ж.ж.) алынды. Мұхитты зерттеудің даму барысында, әсіресе эхолоттың кең түрде пайдаланылуы нәтижесінде XX ғасырдың ортасында мұхитқа деген көзқарас түпкілікті өзгерді. Қазір мұхит табанының бедері едәуір дәрежеде зерттелген және құрлық бедерінен күрделі еместігін көрсетіп отыр.
Жер шарындағы биіктік деңгейлерінің (құрлықтағы) және мұхит табанының тереңдігінің жалпы түсінігін гипсографиялық қисық береді (мұхит табаны үшін батиграфиялық қисық).
Жер шарының гипсографиялық қисығы.
Гипсографиялық қисықта келесі сипаттамалар жақсы ерекшеленеді: құрлықта — аз аудан алатын таулар және кең алқапты алып жатқан ойпаттар; мұхитта — теңіз жағалауына іргелес, ауданы, аз таяз бөлігі, орташа терендіктегі аса кең мұхит табаны және ауданы өте аз, аса терең шүңғылдар. Батиграфиялық қисықтың, көмегімен мұхит табанының бедерінің басты элементтерін ерекшелеуге болады.
материктердің су асты шеті (мұхит табанының ауданының 22%-і), шельфті немесе материктік қайраңды (100..200 м), материктік беткей (200...2000 м) және материктік етекті (2000...2500 м) қосады;
мұхит табаны (2500...—6000 м), мұхит түбінің, бедерінің ерекше түрі — мұхит шұңғылдарын қоспағанда, қалған бөлігін түгелдей дерлік алып жатыр;
мұхит шұңғылдары (6000 м-ден терең), бар жоғы мұхит табанының 1,3%
Суретте штрихпен құрлықтың әр түрлі биіктік сатылары мен мұхит түбінің тереңдіктерінің таралуы көрсетілген. Онда екі максимум айқындалған: құрлық-та — 0-ден 1000 м-ге дейін және мұхит табанында— 4000 м-ден 5000 м-ге дейін, . '
Материктік қайраң (шельф.)—материктердід су басқан шетінің (етегінің) жоғарғы саяз бөлігі (тереңдігі орта есеппен 200 м-ге дейін, кейде 400 м). Шельф материктер мен аралдарды қоршап жатады. Шельфтің ең енді бөлігі Еуразияның солтүстік жағалауымен шектелген, мұнда оның сыртқы шекарасы. Солтүстік мұзды мұхитқа жүздеген шақырымға сұғына кіріп жатыр. Ол Атлантиканың Еуропа мен Америка жағалауларында да өте енді және Патогенияда да сондай. Шельфтің ең енсіз бөлігі Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауының бойын алып жатыр Шельф материктердің су асты шетінің 40% бөлігін алса, басқа, одан үлкен бөлігін материктік беткей мен материктік етек алып жатыр.
Материктік беткей — шельфтің сыртқы шекарасынан басталып, кейде 3500 м тереңдікке дейін созылады. Бұл материктік дененің қайсыбір қапталдық қыры болып табылады. Беткейдің еңістігі айтарлықтай (орта есеппен 4—7°, ал кейде 30°-ке дейін). Мұхиттың кейбір үлескілерінде материктік беткей терең су асты шатқалдарымен тілгіленген болып келеді. Олардың пайда болу себептеріне деген көзқарас әр түрлі: бұл шатқалдардың бір бөлігі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесі болса, көпшілігі — қойыртпақ тұнба (суспензиялық) ағыстардың беткейді «аралау» әрекетінің нәтижесінде қалыптасуы мүмкін. Кейбір шатқалдар су басқан ірі өзен арналары мен аңғарлары болып табылады.
Материктік етек кейбір жерлерде 4000 м тереңдіктерге дейінгі кеңістікті алып жатыр. Мұнда жоғарыда айтылған шатқалдардың конустық шөгінділері кездеседі. Оларды «терең су асты шөгінділер конустары» деп атайды. Жалпы алғанда бұлар құрлықтардағы тау алқымдарындағы (етектеріндегі) шөгінді конустарына ұқсас шөгінділер тізбегі болып табылады.
Етектен соң, мұхит тереңіне қарай (4000...4500 м-ден тереңірек) мұхит табаны орналасқан. Оның бедері біркелкі емес. Мұхит табанының бедерінде көтеріңкі (оң) және ойыс (теріс) формалар кездеседі.
Көтеріңкі (оң) формадағы бедерге: мұхит ортасы тay -жоталары, су асты тегістігі, жекелеген су асты таулары—гайоттар (оның ішінде су асты жанартаулары) жатады.
Мұхит асты тау жоталары мен мұхит табаны, шельф,
материктік беткей және материктік етек тәрізді құрлық
құрылымдарымен бір қатардағы таксонометриялық
рангалы, бірақ екі есе үлкен ауданды алып жатыр. Әрбір мұхитта меридиандық бағытта орналасқан су асты
тау жоталары кездеседі. Бұл тау жоталарының оңтүстік ұштары Антарктида мен Оңтүстік Америка, Афри
ка, Австралия материктерінің арасында ендік бағытта
орналасқан су асты тау жоталарымен жалғасады. Бұл
Жер шарының аса ірі тау жүйесі. Сондықтан да оны
мұхит ортасы тау жоталарының планеталық жүйесі
деп атайды. Жүйенің жалпы ұзындығы 60000 шақы-
рымнан асады. Таулар жүйесі мұхит түбінің 15%-тен
көбірек бөлігін алып жатыр, геологиялық құрылымы
өте күрделі. Тау жоталарының шыңдарын бойлай рифтік аңғарлар орналасқан, жоталарды көптеген кесе
көлденең жарықтар кесіп өтеді. Әлемдік мұхиттың тү-
бінде ең айқын көрініске ие тау жотасы — Орталық
Атлант жотасы. Ол өзге тау жоталарына қарағанда ке-
ңірек зерттелген. ' '
Мұхит түбінің теріс (ойыс) формалы бедеріне, қазаншұңқырлар, ойыстар және мұхиттық шұңғылдар ,(6000 м) жатады.
Мұхиттық терең шұңғылдар — тар және созылыңқы аралдар доғасының және кейбір материктердің шетін бойлай (жағалай) орналасқан, әдетте доғаша иілгең депрессиялар. Шүңғылдардың ендері 1...3 шақырымнан бірнеше ондаған шақырымға жетсе, ал ұзындығы— жүздеген шақырымға созылады. Бұл шұңғылдарда қалыптасқан гидрологиялық, гидробиологиялық процестердің ерекшеліктеріне байланысты, олар аса көп жерде алып жатпаса да, мұхит түбінің ерекше объектісі ретінде геологтар мен гидрологтар тарапынан ерекше назарға ие болып отыр.
Сонымен бірге мұхит түбінде рифтік аңғарлар, опы-рылыстар және жер қыртысының геотектоникалық структурасының басқа да элементтері ерекшеленеді. Мұндай құрылымдарға Курил, Мариан, Кіші Антил секілді аралдар доғасы жатады.
Түптік шөгінділер. Оқулықтың алғашқы , тарауларында айтқанымыздай, табиғат суларының, әсіресе, мұхит суының құрамында көптеген қоспалар
кездеседі (еріген заттар, коллоидтар, жүзбе тасындылар,
тірі ағзалар және адамзат әрекетінің нәтижелік заттары). Мұхит айдыны аса ірі тоспа ролін атқаруы себепті
қоспалар біртіндеп мұхит түбіне шөгіп, онда түптік
шөгінділер қалыптасады. Бұл шөгінділердің беткі қабаты мұхит түбінің, грунтын құрайды. Ол мұхит астын-
дағы литосфераның беттік қабаты болып табылады.
Материалдық құрамының шығу тегіне сәйкес түптік
шөгінділер екі негізгі типке бөлінеді: терригенді және
органогенді немесе биогенді. Сұрыптау көпшілік жағдайда шартты болып келеді, себебі мұхит табиғатында
шөгінділер кеңістікте қатаң түрде сұрыпталып жатпайды.
Терригенді шөгінділерге құрлықтардың жуып-шаю өнімдері — өзендер ағызып әкелген жүзбе тасындылар, мұхит жағалауының бұзылуынан пайда болған өнімдерді (абразия) жатқызуға болады. Бұл шөгінділер мұхиттың құрлыққа жақын, түптік кеңістігінің шамамен ширек бөлігін алып жатыр.
Органогендік (биогенді) шөгінділер суда өмір сүретін планктон ағзаларының өлген қалдықтарынан (қаңқалары, қабықтары т. б.) құралады.
Бұлармен қатар түптік шөгінділер құрамына, (аз мөлшерде) эолдық (құрлықтан желмен әкелінген), пи-рокластикалық (жанартаулық), хемогендік (әр түрлі тасберіштер (конкрециялар) және мұхитқа ғарыш кеңістігінен келіп түскен шаң-тозаң мен магниттік шариктерден тұратын ғарыштық материалдар кіреді.
Әлемдік мұхитқа өзендер арқылы әр жыл сайын шамамен 16-109 тонна тасынды әкелінеді. Желдер мен жанартаулардың әрқайсысының үлесіне шамамен 2-109 тоннадан тисе, ал ғарыштық материяның бар жоғы жылына 10 млн. тонна ғана. Егер өзендердің биогенді және хемогенді ағындыларын қоса есептесек онда әлемдік мұхиттың, түптік шөгінділерінің мөлшері әр жыл сайын 25-109 тоннадан астам көрсеткішке ұлғайып отыратынын көреміз. Мұхит шөгінділерінің қалыптасу жылдамдығы өте баяу, әр 1000 жылға миллиметрмен өлшенеді және түрлі материалдар үшін өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы, қызыл саз балшық үшін — 1...5 мм /1000 жыл, органогендік шөгінділер үшін — 60 мм/ 1000 жыл, Теңіздердегі шөгінді жиналу жылдамдығы мұхитқа қарағанда бір-екі дәрежеге жоғары.
Терригенді тасындылар мұхиттар мен теңіздерге жетісімен су қозғалысының (ағыстың) әсерімен ірілігіне қарай сұрыпталады. Жағалауға жақын маңда ең ірі фракциялар (қойтастар, малта тас, құм), одан майда (ұсақ) фракциялар — құм, тозаң (алеврит) және саз,балшық (пелит) ағыстардың ықпалымен үлкен тереңдіктерге жеткізілуі мүмкін.
Әлемдік мұхит түбіндегі терригенді шөгінділердің негізгі массасын лай (ил) құрайды. Мұхит түбінде химиялық құрамы және түр-түсі ерекше лайлар қалыптасады. Мысалы, жоғары ендіктерде көгілдір лай, Тынық және Үнді мұхиттарында — көк, Оңтүстік Америка жағалауларында — қызыл (өзендер тасындыларының түсімен айқындалады), Қара теңізде—қара (H2S әсері), мұхиттың өзге аудаңдарында — сұр, ақ, қоңыр лайлар кездеседі.
Мұхит түбіндегі органогендік шөгінділер әр түрлі ағзалардың қалдықтарынан тұрады. Ең көп тараған органогендік шөгінділер — әк тасты және кремний шө- гінділері. Біріншісі екі түрден тұрады: глобигеринді (мұхит табанының 3% бөлігін алып жатыр) және птериподты лайлардан, ал екіншісі — диатомды (полярлық
және, қоңыржай ендіктерге тән) және экваторлық ен-
дікке тән радиолярийлі лайлар.
Жанартаутекті шөгінділер мұхитқа жанартау әркеттерінің нәтижесінде (құрлықтағы және мұхит түбіндегі жанартаулар) түскен лавалар, күлдер, шаң-тозаңдардан тұрады.
Хемогендік шөгінділер — мұхит түбіндегі және мұхит түбі су қабатында өтетін биохимиялық процестердің нәтижесі. Олардың ішінде темір-марганец тасберіштер және оларды қалыптастыратын биохимиялық процестер әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Темір-марганец тасберіштері полиметалл кенінің байытылған концентраты ретінде үлкен экономикалы қызығушылық тудырып отыр. Оларды алудың технологиясын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Мұхит түбінде фосфорит тac-беріштері де кездеседі. . Кейбір жағажайлық құмды аудандарда қымбат минералдардың шоғырлануы байқалады. Кішігірім, жағаға жақын теңіз алқаптарында құрғақ, климаттық жағдайда кейде глауберов және ас тұзы секілді өзі шөккіш тұздар су түбіне құлайды.
Ғарыш текті шөгінділер мұхит түбінде негізінен ғарыштық тозаң, «ғарыштық түйіршіктер», метеориттермен сипатталады.
Мұхит түбіндегі, тектері әр түрлі шөгінділердің бір мезгілде қалыптасуына байланысты, олар күрделі сипатқа ие болады. Құрамы аралас, күрделі теңіз шөгінділеріне мысал ретінде терең су асты қызыл саз балшықты келтіруге болады. Бұл шөгінділер жанартау, ғарыш материалдарынан және органикалық алюмосиликаттардан тұрады, ауқымы мұхит табанының 25%-тен көбірек бөлігін алып жатыр.
Түптік грунттарды зерттеу көптеген ғылыми, қолданбалы мәселелерді шешу үшін керек. Теңіз биологиясы үшін бұл биотоп, түптік ағзалар (бентос) ,өмір сүретін орта болса, ал теңіз, немесе жалпы геология үшін тау жыныстарының қалыптасуының басы (диагенез процестері) геохронология. Су түбінің геоморфологиясы грунттың сипатымен тығыз байланыста. Грунтты зерттеу теңіздік, кәсіптік флот үшін (су түбін тралдауға, кемені зәкірге қоюға, кеменің грунтқа отырғызылуы мүмкін болған жағдайларға байланысты), мұхит түбінен пайдалы қазба байлықтарды алу үшін зор мәнге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |