Басқа ағын сулар (жылғалар, бұлақтар, өзендер) келіп құятын, әрі өзі көлге немесе теңізге құятын өзенді негізгі (басты) өзен дейміз, ал оған құятын өзендердің оның салалары деп атайды. Басты өзенге тікелей келіп құятын өзенді бірінші дәрежелі сала, оның саласын — екінші дәрежелі және т. б. деп атайды. Салалардағы былайша жоғарыдан төмен сұрыптау нобайы, яғни бел-гілеу дәрежесі басты өзеннің бастауынан оньң сағасына қарай кішірейте жүргізілуі гидрографиялық сипаттамалар жасауда кеңінен қолданылады. Бұл нобайдың елеулі кемістігі — ірі өзендер мен жылғалардың бір қатарға қойылу мүмкіндіктерінде болып табылады.
Американдық гидролог Хортон салаларды белгілеудің өзгеше жоғарылау (төменнен жоғары) нобайын ұсынды. Бұл нобай бойынша гидрографиялык желінің ең жоғары буыны бірінші дәрежелі салаға жатқызылады, ал бірінші дәрежелі екі саланың қосылуынан екіяші дәрежелі сала басталады және т.б.. Бұл нобай бойынша негізгі өзен ең үлкен дәрежеге ие болады.
Өзен желісінің морфологиялық сипаттамалары мен құрылымы: о — өзен желісінің нобайы; э — салыстыриалы тереңдік (В/һ) . пен орташа ағындының (Qo). салалардың реттік санына {Ы) тәуелділігі. І...ІХ — табиғи салалардын рет саны.
Мөлшері шамалас екі өзеннің. қайсысы бас өзен, қайсысы оньң саласы екенін анықтау үшін олардың, суының, көлемі, ұзындығы, су алабының аудандары және даму тарихи қарастырылуы тиіс. Басты өзен саласы туралы тарихи қалыптасқан түсініктің шьндыққа қайшы келуі өмірде жиі кезедеседі. Мысалы, Енисейдің саласы болып есептелетін Ангара өзенінің суы Енисейге қарағанда 2,5 есе көп; суы жөнінде Еділ өзенін Кама өзенінің он саласы деп есептеу дұрыс болған болар еді, сонымен бірге Кама өзені Еділден (қосылған жерге дейін есептегенде) 194 км-ге ұзынырақ.
Өзен желілерін (көрінісі) сүлбесіне қарай бірнеше түрге бөлуге болады: а) ортаға ұмтылушы — негізгі өзеннің салалары радиус бойынша орталыққа бағытталған;
б) ағаш бұтақтарына ұқсас — өзен желісінің сүлбесі ағаш бұтақтарын еске түсіреді; қауырсын көрінісі — қауырсынның құрылымына ұқсайды. Өзен желілерінің бұдан өзге сүлбелері де кездеседі.
І.Өзеннің бастауы, жоғарғы. орта және теменгі ағысы. Атырау. Кез келген өзеннің басталатын жері, яғни бастауы болады. Өзеннің бастауы жер астынан қайнап шығатын бұлақ, батпақ, көл, мұзарқ немесе екі саланы қосылатын орны болуы мүмкін._Көлден басталатын өзендердің басталуынан айқын
көрінісі бар. Бұған Байкал көлінен бастау алатын Ангара өзені немесе Ладогадан басталатын Нева өзені мысал бола алады. .
Жазық аудандарда өзендер әдетте батпақтардан бастау алады. Оған Пин батпақтарынан ағып шығататын Днепр мен Висла өзендерінің салалары жатады.Екі өзеннің қосылу жағдайында бастау болып үлкен өзен, ал
екі өзеннің ұзындығы тең болса, онда бастау бетінде сол жақ саласы қабылдануға тиіс. Әдетте ірі өзендерді жоғары, орта және төменгі ағыс үлескілеріне бөледі. Бұл бөлу ағын судың молдығына, жердің орографиялық жағдайына, ағыс жылдамдығына, көліктік-шаруашылық пайдаланылуына және басқа да сипаттарына қатысты жүргізіледі.
Өзендердің жоғарғы ағысы ағыстың үлкен еңістігімен және жылдамдығымен, тайыздығымен, айтарлықтай жуып-шаю және тасымалдау әрекетімен сипатталады.
Өзендердің орта ағысында олардың арнасы ұлғайып, ені кеңейеді, үлкен салаларының есебінен суы молаяды, еңістігі мен ағыс жылдамдығы кемиді,сонымен бірге жуып-шаю әрекеті нашарлайды.
Ал, төменгі ағыста өзеннің жуып-шаю әрекеті нашарлап, еңістігі кемиді, арнасы кеңейеді. Еңістігінің кемуіне байланысты төмендегі ағыста жуып-шаю шикізатының, шөгіндіге түсуі күшейеді, осылардың бәрі өзен арнасының кең атырауға бөлінуіне әкеп соғады.
Өзеннің басқа өзенге; көлге (бөген) немесе теңізге құятын жерін өзеннің сағасы деп атайды. Өзендердің сағаларында көл, теңіздердің өзендермен өзара әсерінің нәтижесінде жер бедерінің күрделі формалары мен тарамдары (жеңдер), яки атырау пайда болады.
Өзен атыраулары әдетте екі типке: дельта мен эстуарийге бөлінеді.
Дельта деп тарамдалып кеткен, теңіздің тайыз бөлігіне келіп құятын өзеннің тасып әкелген шөгінділерінің нәтижесінде пайда болған атырауды айтады.
Эстуарий деп өзеннің теңіз жағына қарай кеңейе беретін воронка тәріздес (терең) сағасын айтамыз, ол теңіздің толысуымен қайтуы болатын жағалауларға тән. Салалар әсеріне ұшырамаған эстуарийді лиман деп атайды.
Өзеннің атырау аймағы элементтерге — атырау алды, сағалық және сағалық теңіз кемеріне бөлінеді.
Атырау алды үлескісі өзенге тән режимге ие, оның жоғары шекарасы болып өзеннің-төменгі
ағысындағы,теңіз тасуының әсері жетпейтін, жері саналады, төменгі шекарасы — негізгі арнаның салаларға бөлінетін жері, ал эстуарийлерде — өзен суы мен теңіз суы араласатын белдем.
. Өзеннің, сағалық үлескі атырау алды үлескінің төменгі шекарасынан теңіз етегіне дейін, немесе эстуарийдің аралдық құрылымдарына дейінгі кеңістік. Теңіз етегі — шартты сызық, теңіз жақтан баспаған дельтаны немесе су асты қайраңын орай жүргізіледі..
Сағалық теңіз кемері сағалық үлескінің төменгі шекарасынан (теңіз етегі), өзен суының теңіз режиміне әсері тым әлсіз, бірақ судың тұздылығы тез өзгеретін аймаққа дейінгі кеңістік.
Өтіп жатқан процестердің сипатына әрі пландағы
типтік көріністеріне байланысты ірі өзендердің атыраулары төмендегідей типтерге жіктеледі: .
1) Бірсалалы (Риони, Амур және ірі өзендердің салалары); 2) воронка тәрізді (эстуарий — Обь, Енисей,Хатанга, Днепр); 3) аралды (Дон, Печора, Яна, Индигирка, Нева); 4) ескек тәрізді (Кура, Орал); 5) көпсалалы (Волга, Лена, Эмудария); 6) қоршалған (Кубань,Днестр, Батыс Двина) Қуаң, шөлді аудандарда өзендер кейде теңізге, көлге немесе басқа өзенге жетпей суалып қалады. Олар суларын буландырып, егін суарып, жерге сіңіріп жоғалтады. Мұндай атырауларды соқыр атырау деп атайды.
2.1.2. Өзен желісінің иректігі, ұзындығы және жиілігі. Өзендер планда әрқашан иректі көріністі болып келеді. Өзендердің иректігі олар ағьш өтетін жерден, жағдайына - өзен арнасы мен анғарын құрайтын тау жыныстарына, топыраққа және ағыстың динамикасына байланысты болады.
Өзеннің иректігі иректік коэффициентімен сипатталады, ол картадан анықталған өзеннің ұзындығының, L, оның бастауынан сағасына дейін (немесе үлескінің) жургізілген түзудің үзындығының қатынасына тең:
, X „■ = !//• (2.1.)
Өзеннің ұзына бойына оның иректігі өзгеріп отырады. Сондықтан, алғашында иректік коэффициенті өзеннің жеке үлескісі үшін анықталып, сонан соң жалпы иректік коэффициенті табылады.
Өзенннің ұзындығы деп оның карта бойынша өлшенген бастауы мен сағасының ара қашықтығын айтамыз. Өзеннің ұзындығын ірі масштабты карта бойынша немесе аэрофото түсірімдер арқылы өлшеу керек және өлшемді орын болғандықтан, сағасынан бастауына қарай жүргізу керек. Өзеннің үзындығы төмендегі формула бойынша анықталады:
L^Le -Кн (2І2)
Мұндағы Іө — өзеннің, өлшенген ұзындығы. V
Өзеннің ұзындығы ағын су өзінің. арнасы мен жағалауын жуып шаюының арқасында үнемі өзгеріп тұрайды. Бүрынғы КСРО шекарасында ұзындығы 0,5 км-ден кіші өзендерді, бұлақтарды, уақытша ағын су жылғалағарын қосқанда 2963400-дей өзен бар.
8. КСРОөзендерінің ұзындық сипаты
Өзендерінің шектері
|
Ұзындығы, км
|
Саны
|
Жалпы ұзындығы
|
Дана
|
%
|
км
|
%
|
Ең іші
Кіші
Орташа
Үлкен
Барлығы
|
≤25
26-100
101-500
≤500
|
2926561
32733
3844
280
2963418
|
98,8
1,1
0,1
0
100
|
7322820
1426288
669861
228895
9647814
|
75,9
14,8
6,9
2,4
100
|
Сонымен бірге ұзындығы 3 мың. км-ден ұзын 6 өзен бар . Ұзындығы бойынша бірінші орында Обь пен Ертіс өзендері тұр — 5570 км, одан кейін Лена (44б0) және Енисей (4090 км).
КСРО – ның негізгі өзендері (жылдық ағындысы 10 км3-ден көп)
Өзен
|
Сы алабы, мың км2
|
Ұзындығы, км
|
Жылдық орташа
|
Су қоры, км3/жыл
|
Су шығыны, мың км3/С
|
Ағындының модульі, л/с км2
|
Орташа
|
Ең жоғарғы
|
Ең төмен
|
Обь
Енесай
Лена
Амур
Волга
(Еділ)
Дунай
Колыма
Днепр
Хатанга
Дон
Индигирка
Солт
Двина
Печора
Нева
Яна
Орал
(Жайық)
Әмудария
Оленек
Анадырь
Кура
Пясина
Таз
Сырдария
Іле
Пур
Таймура
Неман
Бат.Двина
Анабар
Мезены
Пенжинка
Днестр
Алазея
Уда
Кубань
Онега
Нарва
Камчатка
|
2290
2580
2490
1855
1380
817
647
504
422
422
360
357
322
281
238
236
227
219
191
188
178
142
136
129
120
102
98,2
87,9
82,0
78,6
73,5
72,0
64,4
64,1
57,9
56,9
56,2
555,9
|
55701
59402
4470
40603
3090
28504
2600
2285
5105
1970
1790
13606
1790
74
1170
2530
26207
2415
1170
1515
680
780
28608
1380
509
636
640
1020
924
610
040
1410
1400
-
970
970
7,7
700
|
12,8
19,9
16,8
10,9
8,04
16,43
4,03
1,71
2,79
0,89
1,70
3,46
4,12
2,48
0,97
0,32
2,20
1,09
2,03
0,85
2,58
1,54
1,17
0,57
1,05
0,92
0,72
0,64
0,37
0,38
0,72
0,34
0,32
0,74
0,43
0,43
0,39
1,03
|
14,3
7,7
7,0
5,9
5,8
7,8
6,2
3,4
6,6
2,1
4,7
12,8
9,7
8,8
1,4
9,7
5,0
10,0
4,5
4,1
14,5
10,8
8,8
4,4
8,7
9,0
9,8
7,3
4,5
11,3
9,8
4,7
5,0
11,6
7,4
7,4
6,9
18,8
|
404
630
532
344
254
132
123
54
100
28,1
53
109
130
78,5
30,7
10,1
69,5
34,3
64,1
26,8
81,5
48,6
37,0
18,1
35,1
35,7
19,7
20,3
16,1
28,5
22,5
10,7
10,1
23,4
13,5
13,5
12,3
33,1
|
530
777
642
554
391
181
193
78
57
52
84
171
162
116
42,7
26
-
60,3
76,3
37,9
-
56,2
-
24,4
39,4
-
29,2
31,7
25,3
39,5
-
16,9
-
-
17,6
17,6
-
43,5
|
284
528
424
209
161
79
83
20,5
55
11,7
35,2
58
99
36,3
181
2,9
-
16,3
41,4
16,6
-
35,3
-
12,5
25,8
-
12,8
11,6
8,9
15,3
-
4,5
-
-
8,6
8,6
-
26,9
|
1) Ертістің бастауынан (Обътің өз ұзындығы 3680 км).
2) Селенга өз. бастауынан (Енисейден. өз. ұзындығы 3350 км).
Щилка өз. бастауынан (Амурдың өз. ұзындығы 2850 км).
КСРО-нын, аумағында 40 км үлескі.
Бастау ретінде КоТуй өзені алынды (Хатанганың. өз. ұзындығы 180 км-).
Сухона өз. бастауынан (Солт. Двинаның.өз. ұзындығы 730 км).
Вахджир өз. бастауынан (Әмударияның өз. ұзындығы 1460 км),
Нарын өз. бастауынан (Сырдарияның өз. ұзындығы 2140 км).
Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзен бар. Олар-дың 95 процентінің ұзындығы 10 км-ге жетпейтін кішігірім өзендер мен сай жылғалар небары 228 өзеннің ұзындығы 100 км-ден асса, ал тек 6 өзеннің ғана ұзындығы 1000 км-ден асады.
Кез келген жердің өзендерге қанығу дәрежесі өзен желісінің жиілік коэффициентімен (D) сипатталады. Ол келесі өрнекпен анықталады:
D = 2l/F, км/км2 (2.3).
мұнда 2/ — барлық өзендердің ұзындықтарының қосындысы,км;
Ғ — аймақ ауданы, км2. .. -
Бұндағы КСРО-да өзен желісінің жиілік коэффициенті нөлден (Орта Азия шөлдері) 2 км/км2-ге дейін (Кавказ және Карпат) өзгереді, ал орташа көрсеткіші: 0,42 км/км2-ге тең.
Қазақстандағы өзен желісінің жиілік көрсеткіші 0...
0,05 км/км2-ден (шөлейт және тегіс аймақтарда) 0,45 км/
км2-ге дейін өзгереді, ал республика үшін оның орташа:
көрсеткіші 0,08 км/км2-ге тең. ,
Өзен желісінің жиілік коэффициентімен судың беткейлік ағындысы деген көрсеткіш тығыз байланысты.. Беткейдің орташа ұзындығы (бет ) өзен желісінің жиілік. коэффициентімен (Ь) төмеңдегідей қатынасқа ие:
Ібет =1/2£» = Ғ/2Е/ " (2.4)
Тегістіктегі су ағу жолының ұлғаюына қарай беткейлік ағындының шығыны көбейеді, яғни оның эрозиялық қабілеті өседі. Сондықтан бет көрсеткіші эрозиялық процестердің зерттеу кезінде үлкен мәнге ие.
|
Лекция № 21
Тақырыбы: Өзен алабы (1 сағат)
Жоспар: 1. Жер беті өзен алабы
2. Алаптың морфологиялық спаттамалары
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996
2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.
3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.
4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.
5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.
6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.
7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.
8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.
9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.
10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.
б) қосымша
11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.
12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.
13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.
14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.
15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.
16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.
Лекция мәтіні:
Жер бетімен әрі жер асты (топырақ және тау жыныстары қабаттары арқылы) өзенге су жиналатын аймақты өзен алабы деп атайды. Әрбір өзен алабына жер беті және жер асты бу жиналу алаптары тән.
Жер беті өзен алабы дегеніміз жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі.
Жер асты жинау алабы — осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты. .
Әрбір өзеннің жер беті су жинау алабы басқа өзеннен суайрық арқылы бөлінеді. Суайрық көрші өзендердің ортасында орналасқан жер бедерінің биік нүктелері арқылы өтеді.
Суайрықтар жеке өзендердің алаптарын ғана емес, сонымен бірге ағындылары жеке теңіздер мен мұхиттарға құятын өзге де ірі аумақтарды шектейді. Жер шарының басты: суайрығы ағындыларды негізгі Атлант, Тынық мұхит аймақтарына бөледі.
Арал-Каспий теңіздері секілді ірі тұйық аймақтар да өзара суайрықтармен бөлінеді.
Жер беті және жер асты су жинау кеңістіктері өзара
сәйкес келмеуі, мүмкін, мұндай жағдайлар әдетте тау
жыныстарының орналасуына байланысты таулы аймақтарда жиі кезедеседі. .
2.2.Алаптың морфологиялық сипаттамалары. Өзен алаптары әдетте бір-бірінен мөлшерімен және сұлбасымен ерекшеленеді. Өзен алабының морфометриялық сипаттамалары топографиялық карталардан анықталады.
Өзен алабының негізгі сипатына, оның жер беті су жинау кеңістігінің ауданы жатады. Өзен алабының ауданы Ға (км2) болып осы жердін, шектеуші жақтауға (створға) дейінгі, суайрықпен шектелген көлбеу проекциясының ауданы есептеледі. Ол планиметрдің немесе палетканың көмегімен ірі масштабы картадан, алдын-ала суайрық шекарасың жүргізген соң аныкталады.
Алабының ауданының мөлшеріне байланысты өзендер шартты түрде ірі, орташа және кіші болып бөлінеді. Ірі өзендердің қатарына ауданы 50000 км2-ден үлкен жазықтық өзендері жатады.
Орташа өзендердің қатарына ауданы 2000-нан 50000 км2 дейінгі өзендер жатады. Кіші өзендерге ауданы 2000 км2-ден кем өзендер жатады.
Өзен алабының ұзындығы L„ (км) — өзеннің сағасынан алаптың ең шалғай нүктесіне дейінгі түзу қашықтық алынады.
Алаптың орта ені В 0 (км) — алаптың ауданы оның
ұзындығына бөлу арқылы аныкталады: -
P*=F-JLa (2.5)
Алаптьщ максимал ені В max алаптың ең кең жерінен оның ұзындығы анықталған түзуге жүргізілген перпендикуляр арқылы табылады.
Алаптың оң жақ және сол жақ (басты өзенге байланысты) беттерінің теңсіздігін сипаттайтын , көрсеткіш алаптың асимметрияльқ коэффициенті (а) келесі формуламен есептеледі. '
Мұнда Ғсол — алаптың сол жақ және Ғоя — оң жақ бетінің аудандары.
Суайрық сызығының өсу коэффициенті (ш) өзен алабынан тұлғасын (конфигурация) көрсетеді. Ол суайрық сызығының ұзындығының (5, км) ауданы алаптың ауданына тең шеңбердің ұзындығына ($', км) қатынасына тең, яғни
(2-7>
Аныктама бойынша шеңбердің ауданынемесе /?=уғ/я. Су алабының ауданы арқылы өрнектелген радиустың мәнін шеңбердің ұзындығының формуласына қойсақ, яғни.
• Демек,
Достарыңызбен бөлісу: |