Тақырыптың мазмұны. Ұлттық экономиканың көрсеткіштерін статистикалық тұрғыдан есепке алмай, макроэкономикалық үрдістерді тиімді жүргізу және реттеу мүмкін емес. Макроэкономиканың пәні мен әдісінің ерекшелігін микроталдауда қолданылмайтын түсініктер мен категорияларды қолдануды талап етеді.
Ұлттық экономиканы макродеңгейде сипаттау үшін қолданылатын негізгі стандарт – ол ұлттық есепшоттар жүйесі (ҰЕЖ) – ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгалтерлік есепшот нысанындағы кестелер кешені. ҰЕЖ-нің негізгі мақсатыүдерістерін кешенді әрі жан-жақты талдау үшін, экономикалық саясатты жүргізу мен үлгілерді құру және болжау үшін, қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету. Қазіргі ҰЕЖ экономикалық үрдістер мен экономикалық үрдістер мен экономикалық операцияларды бейнелейтін көрсеткіштер жиынтығын құрайды.
ҰЕЖ терминін алғаш рет макроэкономикалық ғылымға голланд экономисі Ван Клифф енгізген болатын және ол халық шаруашылығының шеңберлі айналымы үлгісіне негізделеді. ҰЕЖ шет мемлекеттерде қолданыс тапқан және осы уақытқа дейін тек батыстық статистикада қолданылып келді. ҰЕЖ-ны құрудың алғашқы талпыныстары мен тәжірибелері Ұлыбританияда 1946 жылы, АҚШ-та 1947 жылы, Францияда 1949 жылы қолданылды. Ал қазіргі заманғы ҰЕЖ-нің соңғы үлгісін ағылшын экономисі, Нобель сыйлығының иегері Ричард Стоун жасады және осы жаңа стандарт 1993 жылы Біріккен Ұлттар ұйымында мақұлданып, жүзден астам мемлекеттерде қолданылып келеді.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ұлттық есепшоттар жүйесі арқылы көрсетіледі.
Ұлттық есепшоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін:
Жалпы ұлттықөнімді (ЖҰӨ);
Жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ);
Таза ұлттық өнімді (ТҰӨ)
және де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін:
Ұлттық табысты (ҰТ);
Жеке табысты (ЖТ);
Қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.
ЖҰӨ – бұл кез келген азаматтардың өз елі ішінде және басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. Мысалы,жапондық «Тайота» фирмасы өз өнімін Қазақстан нарығында сатса, онда сатылған өнімнің құны жапон елінің ЖҰӨ-нің құрамына кіреді де, олардың ЖІӨ құнына кірмейді. Бірақ Қазақстанның ЖІӨ-не кіреді, ал ЖҰӨ құрамына кірмейді. Сол сияқты Жапонияда жұмыс істейтін қазақ азаматының табысы Қазақстанның ЖҰӨ көрсеткіші құрамына кіреді де, ЖІӨ құрамына кірмейді, ал Жапонияның ЖІӨ-не кіреді де, ЖҰӨ-не кірмейді.
ТҰӨ – тозған құрал-жабдықтардың орнын толтырғаннан кейін тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің жиынтығы. Ол ЖҰӨ-нен амортизацияны (А) шегеру арқылы анықталады: