ЖҰӨ = W (C+S)+R+r+T+A мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) және жинақтауға (S) кететін халықтың жалақы түріндегі табыстары.
R – рента және арендалық төлемақылар түріндегі табыстар.
r – жинақтаудан түсетін пайыз.
T – кәсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалардан алынып мемлекетке түседі.
A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да, қайтадан қайтарылады.
Ұлттық есепшоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық әрекеттердің бір жыл ішіндегі және сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалармен) есепке алынған нәтижелерін сипаттайды, сондықтан бұл көрсеткіштер атаулы мәнге ие болады.
ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен әсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді номиналды (атаулы) және нақты деп бөлеміз.