Атаулы ЖҰӨ – бұл осы жылғы ағымдағы бағалармен есептелген ЖҰӨ көлемі.
Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын және базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі.
Атаулы ЖҰӨ-ді нақты ЖҰӨ-ге келтіру үшін екі индекс қолданылады:
Тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ);
ЖҰӨ дефляторы.
ЖҰӨ-ді есептеудің кейбір қиыншылықтары бар. Мысалы, егер жеке адам көлік сатып алса, онда С болады, ал фирма сатып алса І болады. ТБИ-ды анықтау үшін «тұтыну қоржыны» пайдаланылады.
ТБИ=ағымдағы жылғы «тұтыну қоржынының» бағасы / базалық жылғы «тұтыну қоржынының» бағасы
ТБИ мен ЖҰӨ дефляторының арасындағы айырмашылық:
ТБИ – нақты тұтыну тауарларының құнын анықтайды. Яғни, «тұтыну қоржынының» құрылымы өзгермейді (мысалы: қант, шәй, нан және т.б.). Ал ЖҰӨ құрамына кіретін өнімдер көлемі алуан түрлі әрі көлемі де өзгеріп отырады. Мысалы, бидайды көп өндірсек, онда ЖҰӨ құрамында оның үлесі жоғары болады. ЖҰӨ дефляторы экономикада өндірілетін барлық тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгерісін есепке алады (мысалы, құрылыс объектілеріне баға өзгерісін, шикізат бағаларын және т.б.).
ТБИ құрамына импорттың бағасы кіреді, ал дефлятор тек сол елде ғана өндірілген тауарлар бағасына байланысты анықталады.
Баға индекстерінің осы түрлері Ласпейрес, Пааше және Фишер индекстеріне негізделеді.
Ласпейрес индексі тауарлар мен қызметтер құрылымы өзгермейді және базлық жылғы тауарлар мен қызметтер көлемін негізгі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |