2-тақырып. Моңғол кезеңіе дейінгі Орталық Азиядағы түркі ілдес этностардың этномәдени интеграцияы кезеңдері. Сұрақтар



бет18/35
Дата16.11.2022
өлшемі246,35 Kb.
#158532
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
Лекция тарих
1575911337 (1), Корыктар
Ғұндар мемлекетінің гүлденуі
Б.з.д. ЫЫЫ ғасырдың соңғы онжылдығында Ғұндар мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Сыма Цянь ғұндардың күшті тайпа бірлестігі құрылғандығы туралы былай дейді:



''Ол кезде дунхулар (Маньчжурияда мекендеген монғолдардың арғы атасы, "дун" — шығыс, "ху" — тағы, жабайы деген мағына береді) әлі де күшті, ал юэчжилер гүлдену дәуірін басынан өткізуде еді. Ғұндарда Тоуман төңірқұты болатын".



Оның екі әйелінен туған екі так мұрагері болған еді. Тоуман екі баласының біреуі Мөдеден құтылу үшін юэчжилерге аманат ретінде жұмсайды. Мұны сезген Мөденің юэчжилер арасында жүріп калай билікті қайтарып алуға дайындалғандығын дерек көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен ғұндардың басында юәчжилерге тәуелді болғандығын, юэчжилерге аманат ретінде тәңірқұты ұлдарын жіберіп тұрғандығы байкалады.
Осындай аманатта жүріп, Мөде юэчжилерден қашып шығады. Әскер жинап, катаң тәртіп енгізіп, билікті басып алады. "Маодунь (Мөде) өз жауынгерлерін үйрете отырып, оларға өзінің "ыскыратын жебесін" (ғұндардың тесігі бар сүйектен жасалған жебелері) қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды. Жүздеген ысқырған жебелер жаудың зөресін ұшырып, олардың аттарын үркітті... Ол өз қосынындағы оқ атпағандардың басын шабуға бұйырды. Сонда ғана барлық жауынгерлер онымен бірге оқ атуды үйренді. Маодунь уакыттың таянғанын түсінді".
Осылайша төңкеріс жолымен б.з.д. 209 жылы Мөде тәңірқұты билік басына келеді. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталды. Мөде батыстағы юәчжи тайпаларын бағындыру үшін әскери жорықтар жасады. Ол 203201 жылдары Саян Алтайы мен Жоғары Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті. Ендігі негізгі карсыластары — Қытай ментюэчжилер еді.
Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді.
Өзінің шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д. 200 жылы Қытай империясы ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашкы қақтығыстан кейін Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскері жауды қудалай, ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте императордың езі де бар еді.
Ғүндар шегінуін тоқтатып, тертке бөлінген атты әскер белімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жеті күн қоршауда қалған император ғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Ол шарт бойынша, император қытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) жіберіп тұруға уәде етеді. Хань императоры Гаоцзудың осы "тыныштық пен туыстық" туралы шартқа кол қоюуы, оның ғұндардың күштілігін мойындағандығын көрсетеді.
Сейтіп, 40 жылға ғұн мен Хань әулеті арасында тыныштық орнайды. Меде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Бүдан кейінгі ғұндардың тарихы Шығыс Түркістандағы аса бай қалалар үшін Хань империясымен күреске толы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет