2-тақырып. Моңғол кезеңіе дейінгі Орталық Азиядағы түркі ілдес этностардың этномәдени интеграцияы кезеңдері. Сұрақтар



бет21/35
Дата16.11.2022
өлшемі246,35 Kb.
#158532
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
Лекция тарих
1575911337 (1), Корыктар
Түрік қағанаты
Түрік қағанаты ( ) — Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі.[1]
Түрік қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Манчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Қапқаз аумақтарына иелік еткен.[2]

Түрік этнонимы
«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй кінәздігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты. Қытайлар түріктерді сүнну-ғұндар деп атаған. Түрік этнонимі ежелгі Көк түріктеріне тән. Оны түркиялық түріктермен шатастырмау керек. Оларды Осман түріктері деп атаған жөн. Ал бүгінгі күндегі кең қолданылып жүрген түркі сөзі - жасанды сөз. Ресей ғалымдары көк түріктерді осман түріктерімен шатастырмау үшін тюрк сөзін ойлап тапқан. Кейіннен қазақ ғалымдары да ресейлік әріптестерінен қалыспай тюрк сөзін өздерінше түркі деп аударып алады.
Тарихы
Қалыптасуы
Ұлы қоныс аудару дәуірі (ЫЫ — В ғасырлар) ҚазақстанныңОрта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси қартасын едәуір дәрежеде өзгертті. В ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанады, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жеткен.
ВЫ ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түркі тайпасының әулеттік Ашина руынан шыққан Түркі қағанатының билігіне түсті. Түркі этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде ГәңсуШығыс Түркістан және Алтай аудандарында ЫЫЫ ғасырдан ВЫ ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасқан.
Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужандарға қарсы шығып, тәуелсіз мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужандар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпасының Ашина руы жужандарға қарсы күресті басқарады. 551 ж. батыр Бумын Қытайдағы Батыс Вэй патшалығымен бірігіп, жужан мемлекетін талқандайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет