2-тақырып. Моңғол кезеңіе дейінгі Орталық Азиядағы түркі ілдес этностардың этномәдени интеграцияы кезеңдері. Сұрақтар



бет9/35
Дата16.11.2022
өлшемі246,35 Kb.
#158532
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
Лекция тарих
1575911337 (1), Корыктар
Археологиялық ескерткіштері
Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.
Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.
Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.
Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасында жер ошақ болған.
Шаруашылығы
Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өңдейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы — сол замандағы тұрғындардың егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. ІлеШуТалас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б.з.б. 1 ғасырда, әсіресе б.з. 3-5 ғасырда егіншілікпенбау-бақшажеміс-жидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Байлар киімдерін жібек пен биязы жүн матадан, кедейлер жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.Шу, Іле бойындағы елді мекендердің орнынан күйдірілмеген кірпіштен қаланың, таға тәрізді жасалған жер ошақтар, тік бұрышты тұрғын үйлер табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет