№2 тaқырып. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті.
Талқылау сұрақтары:
Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде.
Педагог қызметінің ерекшеліктері мен қиыншылықтары, педагогтың әлеуметтік маңызды еңбегі.
Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық әрекеті.
Тәжірибелік сaбaқтың тaпсырмaлaры
«ПОПС» формуласы. Берілген тақырып бойынша мынадай сұраққа жауап беріңіз: «Педагог қызметінің қиыншылықтары» дегенді қалай түсінесіз?
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, педагог мамандығы ең кереметтілігімен қатар қиыншылығы мол қызмет.»;
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін шәкіртке тәрбие бере отырып, білім нәрімен сусындату ең маңызды дүниенің бірі.Ал педагог тек білімге ғана емес, баланың тәрбиесі үшін де жауапты бірден-бір тұлға. Ал балалардың барлығы бірдей емес. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды.»;
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын. Мысалы, педагог еңбегінің басты қиыншылығы оңы мен солын танымайтын, бірге бірді қосып сөйлей алмайтын бірі ерке, бірі момын баланы үйретеді. Өйткені ата-ана баланың болашағын мұғалімге сеніп тапсырады.Ал бұл дүниенің оңай еместігі бәрімізге мәлім.»;
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім педагог мамандығы қызығымен бірге қиыншылығы мол мамандық.».
«Педагогтың әлеуметтік маңызы» тақырыбына қатысты «Пропущенное слово» құрастыру (wordwaall программасы арқылы).
«Бір минуттық әңгіме» тәсілі. Студенттер қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, бүгінгі тақырыпқа қатысты жұптық әңгіме жүргізеді.
Бақылау сұрақтары
Мұғалім мамандығын түсіндіріңіз?
Педагогикалық қызметтің әдістері?
Педагог деп кімді айтамыз?
Ұсынылатын әдебиеттер
Ж.А.Жүсіпова «Педагогикалық шеберлік» оқулығы.
Педагогикалық шеберлік: https://stud.kz/referat/show/75107
https://wordwall.net/
https://youtu.be/hjRgWFztG6Q
Ш. Х. Құрманалина, Б. Ж. Мұқанова. Педагогика: Астана,
2007.
Н. Берікұлы. Педагогика. Оқу құралы, 2004
Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2002
Зязюн. Основы педагогического мастрества М., 1989
Сластенин В.А. Формирование личности учителя советской
школы в процессе профессиональной подготовки. М., Просвящение,
1976
Қ. Сейталиев. Педагогиканың жалпы негіздері. Ақтөбе, 2004.
Б. А. Молдағалиев. Мектеп мұғалімінің анықтамалығы. Орал,
2005.
Кондратеньков А .В. Труд и талант учителя: факты, мысль. М.,
1989
Ж. Әбиев Педагогика. Алматы., 2004.
Рыданова И. И. Основы педагогики общения. Мн.:Беларуская
навука,1998.
Достарыңызбен бөлісу: |