2 тақырып: Практика бойынша сұрақтар. №2 тақырыптың сұрақтары


) ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ



бет4/4
Дата25.12.2021
өлшемі90,94 Kb.
#104916
1   2   3   4
Байланысты:
№2 ПС Шадыбек Елжас
ЖБ 3 сынып БЖБ, ТАПСЫРМА 1 ТАЖ, ТАПСЫРМА 1 ТАЖ, Рентгенологиялық зерттеудің негізгі әдістері, №1 БӨЖ Шадыбек Елжас, 1 Күн Қ тарих 150 сұрақ, 6М050300 каз, 1768ea44f42e76400d83044a41cddcca5912c02529193, 1768ea44f42e76400d83044a41cddcca5912c02529193, test-psihologiya, 3Алгоритм проведения гигиенического душа, 1 тақырып Шадыбек Елжас 115 ом, 2 курс мей. аралык бакылау, 2 курс мей. аралык бакылау
5) ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ: Сыртқы түрі, иісі, дәмі, мөлдірлігі, түстілігі, тұнбаға түсуі. Санитарлық талаптар негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 – 100 ммоль болуы керек.

ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ: Судың температурасы.

СУДЫ ХИМИЯЛЫҚ қасиеті : рН реакциясы, нитриттерді, нитраттарды, хлоридтер мен сульфаттарды, темірді, кермектілікті, құрғақ қалдықтарды, судың тотыққыштығын, еріген оттегіні анықтау. 

Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7 – 1,5 мг/л-ден төмен болуы – флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы – көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 – 150С аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс.
6) СУДЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

Адамның сумен байланысы өте жоғары - ол ішу мен гигиеналық және сауықтандыру мақсатында қолданылады. Су арқылы организмге әртүрлі ауру қоздырғыштарының, улы және химиялық заттардың пайда болуы мүмкін. Сондықтан судыңсапасы белгілі бір талаптарға сәйкес келуі керек.

Судың бұл талаптарға сәйкестігі органолептикалық, физикалық, химиялық,

бактериологиялық, гельминтологиялық және радиометрлік сияқты лабораториялық зерттеулердің көмегімен анықталады. Лабораториялық зерттеулер судың тексерген кездегі жағдайын сипаттайды, бірақ су көзі мен оның ластану себебі туралы толық мәліметті бермейді. Осы жағдай су қоймасына жергілікті тексерулер жүргізіп, оның ластану көздерін, тұрақтылығын анықтауды және болашақта ластану көздерін жоюды талап етеді. Кейбір жағдайларда су көзін жергілікті тексеру суды бағалаудың бір ақ мүмкіндігі болып табылады. Су көздерін санитарлық тексеруге жатады: а)санитарлық - топографиялық тексерулер б) су көзінде судың сапасын және оның дебитін анықтау в) су көзі орналасқан аудандарда халықтың және кейбір жануарлардың бар жоғын қарастыру қорғау




7) Су арқылы берілетін аурулар көп, оларды бірнеше топтарға бөлуге болады: табиғаты бактериалды ішек жұқпалы аурулары, вирусты аурулар, лептоспироз, бактериалды зоонозды жұқпалы аурулар,протозойлы инвазиялар, глисті инвазиялар. Табиғаты бактериалды ішек жұқпалы ауруларына тырысқақ, іш сүзегі, А және Б паратифтер, дизентерия, әртүрлі энтериттер мен энтероколиттер жатады. Бұл аурулардың дамуының басты себептері: ұйымдастырылмаған суды тұтыну, жеткіліксіз су мөлшері, олардың дамуына қоршаған ортада қолайлы жағдайдың болуы, суды алу және суды тазарту қондырғыларында, су құбырларында техникалық ақаулардың болуы, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамау.

8) Судың химиялық құрамы инфекциялық емес аурулардың қауіп факторы ретінде

Инфекциялық емес ауру - бұл адамнан адамға таралмайтын, жұқпалы емес денсаулық жағдайы. Ол сондай-ақ ұзақ уақытқа созылады. Бұл созылмалы ауру деп те аталады.

Генетикалық, физиологиялық, өмір салты және қоршаған орта факторларының жиынтығы бұл ауруларды тудыруы мүмкін. Кейбір жұқпалы емес аурулар басқаларға қарағанда жиі кездеседі. Жұқпалы емес аурулардың төрт негізгі түріне жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары және қант диабеті жатады.

Адам организмі өзін қоршаған ортамен үнемі алмасуда болады. Су органикалық орта дами алмайтын қоршаған ортаның бір элементі болып табылады. Адам денесінің 60-70 % судан тұрады: Организмнің тіршілікке маңызды процестері: ассимиляция, диссимиляция, осмос, диффузия, сорылу, сүзілу судың қатысуымен жүреді. Тәулігіне адамның суға деген физиологиялық қажеттілігі орташа есеппен 2,5 л. құрайды. Бұл қажеттілік нормасы адамның

қызметіне, жасына, климаттық-географиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.

Инфекциялық емес аурулардың қауіп факторы ретінде ауыз судың сапасына қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар: органолептикалық қасиеттері бойынша дәмі және иісі 2 баллдан, мөлдірлігі Снеллен шрифті бойынша 30 см, түсі платинді кобальт шкала бойынша 20 – 35 0С – тан, тұнба әлсіз ғана байқалатын температура 7-12 0С – тан аспауы қажет. Химиялық құрамы бойынша: РН 6,5-8,5, хлоридтер 350 мгл аспайды, сульфаттар 500 мгл – ден аспайды, темір 0,3 мгл – ден аспауы қажет. Йод пен фтордың микроэлемент ретінде гигиеналық бағасы мен физиологиялық маңызы эндемиялық зоб және флюороз сияқты ауруларды тудырушы ретінде зерттеледі. Бактериологиялық қасиеттері бойынша қойылатын талаптар: ауыз суында эпидемиологиялық жағдай бойынша ауру қоздырушы микробтар болмауы қажет. Жалпы микроб саны 100 – ден аспайды. Коли – титр 300 мл – дегі микроб санынан аспауы қажет.

9) Суды тұтыну нормалары.

Жауабы:Су пайдалану – сумен қамтамасыз ету жүйелері мен су объектілерінен суды пайдалану. Су тұтынуды нормалау – суды тұтынуды оның сапасына сәйкес жоспарлау және жоспарланған өнім бірлігіне жұмсалатын су тұтыну нормасын белгілеу мен орындалуын бақылау.Нормалаудың негізгі мақсаты – су ресурстарын барынша тиімді пайдалану үшін өндіріс пен жоспарлаудағы техникалық және экономикалық жағынан дәйекті су тұтыну мен сумен қамтасыз ету жолдарын жоспарлау. Нормалаудың негізі болып су тұтыну мен су пайдаланудың меншікті нормасы саналады.

Нормалауға кіреді:

1. Өнім бірлігін шығаруға кететін керекті жалпы су көлемі;

2. Таза ауыз су тұтынылуы:

3. Техникалық судың тұтынылуы;

4. Қайта, кері немесе дәйектіпайдаланылатын суды тұтыну;

5. Тұтынушыдан шығатын ағын сулар көлемі.

10) Жер үсті су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау және олардың санитарлық-техникалық, эпидемиологиялық жағдайларын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралардың бірі-шаруашылық қызмет аумағындағы ерекше режиммен жағалаулар бойынша арнаулы су қорғау аймағы мен белдеулерін құру болып табылады.

Су қорғау аймағына шаруашылық немесе басқа да қызмет түрлерінің арнаулы режимі белгіленген, өзен, көл, су қоймасының және өзге де жер үсті су объектілерімен жалғасқан аумақтар жатқызылады.Су қорғау аймағы шегінде табиғатты пайдалануға қосымша шектеулер енгізілген, ерекше қорғау режимімен су қорғау белдеулері ажыратылады. Бұл су қорғау аймағы шегінде шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленген, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына іргелес, ені 35 метрден кем емес, (ҚР Су кодексіне сәйкес) аумақ.

Су қорғау аймағы мен белдеулерін белгілеу, судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмауға, сонымен қатар су айдындарындағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің тіршілік ету ортасын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған

11) Суды тазарту схемасы. Судың сапасын жақсарту әдістері.

Жауабы:Ауыз суды тазалау деп суды тазалауда адамның суды ішуінің қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз етуші деңгейіне дейін әртүрлі қаспалардың концентрацияларын төмендету, яғни гигиеналық нормативтерге дейін жеткізуді түсіну керек. Судың сапасын жақсарту әдістері екі үлкен топқа бөлінеді:

1. Жақсартудың негізгі әдістері.

2. Суды өңдеудің арнайы әдістері.

Жер беті су көздерінен алынатын суды тазартудың негізгі әдістеріне жататындары;

1. суды мөлдірлендіру

2. түссіздендіру

3. заласыздандыру.

Жер беті су көздерінен алынатын суды тазартудың негізгі міндеті - ол суды қалқымалы заттардан толығымен тазарту (мөлдірлендіру) және оның түсін көзге көрінбейтіндей деңгейге дейін төмендету. Судың сапасын жақсарту әдістері мен тәсілдері және су құбырын тазалау қондырғыларының құрамы су көздеріндегі судың қасиеттеріне байланысты алынады.Суды мөлдірлендіру деп оның құрамынан қалқымалы заттарды шығаруды түсіну керек. Суды түссіздендіру- ол оның құрамындағы шынайы еріген заттарды және коллоидтарды шығару.Бірқатар жағдайда арнайы әдістерді қолдануға тура келеді, оның мақсаты судың құрамынан қандайда-бір нақты химиялық қоспаларды шығару немесе, керсінше - адамның организмге қажетті элементтерді суға қосу болып табылады.

Суды тазартудың негізгі әдістерінің қондырғыларының құрамына келесі құрылымдар кіреді:

1. коагуляциялауға арналған қондырғылары мен сыйымдылықтары (резервуар)

2. тұндырғыштар

3. сүзгіштер

4. хлорлауға арналған қондырғылары мен сыйымдылықтары

Суды алдын-ала, фито және зоопланктоннан тазартудың маңызы зор, себебі олар тазалау қондырғыларында өсіп-өніп, олардың жұмысын қиындатады. Суды алдын-ала планктондардан және ірі қоспалардан тазарту үшін микросүзгіштер және барабанды торлар қолданылады.Суды мөлдірлендіру үшін қолданылатын, әдетті механикалық тұндыру және сүзу әдістері арқылы өлшемдері 0,1мкм жоғары қалқымалы заттарды ұстауға болады. Судың құрамынан коллоидты заттарды шығару үшін, алдын-ала олардың құрамын бұзу және коагуляциялау қажет.Су құбырының тазалау қондырғыларында судағы қоспаларды коагуляциялау.Судағы қоспаларды коагуляциялау деп бөлшектердің молекулярлық тартылу күштерінің әсерінен олардың бір-біріне жабысу нәтижесінде өтетін, коллоидты және дисперлирленген бөлшектерінің ірілену процессін айтады.

12) Коагуляциялау Коагуляциялау – деп судың коллоидты және жұқа дисперсті қоспаларды ірілету , агрегациялау процесі деп түсіну керек . Бұл процесс - олардың молекулалық бір - біріне тартылу күштерінің әсерлері арқылы өзара жабысу нәтижесінде жүреді де , көзге көрінетін агрегаттардың - үлпектердің құралуымен аяқталады . Коагуляциялау процесінің өзі 2 сатыда жүреді :

Бірінші сатыда - судағы қоспалардың агрегаттық тұрақтылығы бұзылып , олар бір - біріне жабысады .

Екінші сатысында - коагулянттың үлпектері түзіліп , олардың беттерінде қоспалардың дисперсті және коллоидты бөлшектері сорбцияланады .

Суды коагуляциялау

Суды коагуляциялау - судағы өте ұсақ үлпек – бөлшектердің пайда болу процесінен бастап , олардың – ірі ұлпекке айналып , тұнба түрінде шөгуі .

Суды коагуляциялаудың 2 фазасын ажыратады .

1 - фаза - коллоидты бөлшектер мен сузпенсияның ( жүзінді ) электр зарядын бейтараптандыруы .

2- фаза – ірі үлпектердің пайда болуы , яғни , коллоид пен суспензия қосылып өте ірі жылдам шөгетін үлпекке айналуы . Коагуляция ретінде күкіртқышқылды алюминийді пайдаланады .

Коагуляциялық құрылғы-ПВО - КГ

Мөлдірлендіру Мөлдірлендіру – суды майда қалқып жүрген заттардан тазалаудың ең негізгі әдісі болып табылады , ал мөлдірлендірудің негізгі операциясына тұндыру жатады . Тұндыру тек ірі қалқып жүрген заттардың тұнуы үшін қолайлы , ал коллоидты және майда қалқып жүрген заттардың тұнуы үшін өте көп уақыт керек , сондықтан осы заттардың тұну жылдамдылығын арттыру үшін коагулянттар , яғни , реагенттер қолданылады .

13. Судың фильтрациясы. Сүзгілердің түрлері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Қатты бөлшектерді ұстап қалатын, ал сұықты өткізіп жіберетін кеуекті бөгеттер жәрдемімен суспензияларды ажырату, сүзу процесі деп аталады. Сүзу процесінің мәні құрамында қоспалары бар сұйықтықты сұйықтық үшін өте алатын және қатты бөлшектер үшін өткізе алмайтын сүзуші материал арқылы өткізу. Көп жағдайда сүзу суды өңдеудің қорытынды сатысы болып табылады және суды тұндырғыштарда немесе мөлдірлеткіштерде алдын ала өңдегенен кейін жүргізеді.

Сүзгіш материалына байланысты сүзгілердің жіктелуі:

1) Маталы немесе торлы сүзгілер;

2) қаңқалы сүзгілер;

3) түйірлі сүзгілер (құмды, керамзитті);

Сүзгіш материал ретінде жиі қолданылатындар:

1. кварц құмы

2. құм


3. қиыршық тас, антрацит, керамзит

Сүзу материалы ретінде қолданылатын затқа Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты болуы керек. Сүзгілердің жұмыс тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіш – сүзу жылдамдығы болып табылады. Сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде әр түрлі құрылымдағы сүзгі қолданылады.

Түйірлі сүзгілер өзінше былай жіктеледі:

1) сүзу жылдамдығы бойынша

- баяу сүзгі (V = 0,1 - 0,3 м/сағ);

- жедел сүзгі (V = 5,0 - 12,0 м/сағ);

- жүйрік сүзгі (V = 36,0 - 100,0 м/сағ).

2) қысымына байланысты

- ашық немесе арынсыз сүзгі;

- арынды сүзгі.

3) ағынның бағытына байланысты

- бір ағынды;

- екі ағынды.

4) сүзгіш материалдың ірілігіне байланысты

- майда түйірлі;

- орташа түйірлі;

- ірі түйірлі.

5) сүзгіш қабаттың санына байланысты

- бір қабатты;

- екі қабатты;

- көп қабатты.

Баяу сүзетін сүзгінің өнімділігі төмен болғандықтан, кішігірім су құбырларында, ауылды елді мекендерде ғана қолданылады. Ол бетоннан немесе кірпіштен жасалған резервуар болып табылады, ішіне қабат-қабатпен, бөлшектердің өлшемі жоғары қарай біртіндеп азаятындай, ұсақтас, малтатас, қиыршықтас, құм, (0,81,0 метр) салынады. Сүзгінің түбінде темір-бетон плиталарынан немесе саңылаулары бар түтіктерден тұратын дренажды жүйе орнатылады. Су, сүзгі арқылы баяу, сағатына 0,1-0,3 м жылдамдықпен өткізіледі. Баяу сүзетін сүзгі арқылы суды тазарту бірнеше фактор кешенінің әсерінен жүзеге асырылады: араласқан заттардың механикалық ұсталуы адсорбция, тотығу (суда еріген оттектің химиялық әсер етуі).

Ірі су құбырлары станцияларында жылдам сүзгілер қолданылады. Олардың сүзу жылдамдығы, баяу сүзгілерге қарағанда, 50 есе жоғары, алайда, бұндай сүзгілерден өтетін судың мөлшері көп болғандықтан, олар тез ластанып, оқтын-оқтын, төменнен жоғары қарай бағытталған, сумен жуып тазартуды қажет етеді. Қазіргі кезде суды тазарту үшін санитарлық практикада, сүзу жылдамдығы 10-12 м/сек болатын, кварцты-антрацитті сүзгілер қолданылады. Сүзу нәтижесінде су толық мөлдірленеді және микроағзалардан, шамамен, 99% тазарады .

Суды сүзу, бірбірімен принципі бойынша айрықша келетін, екі әдіспен жүргізіледі.

1.Қабықты сүзу. Ол сүзуші толтырғыштың жоғарғы қабатында судан ұсталған қоспалардан пайда болған қабық арқылы сүзу. Биологиялық қабық баяу сүзгіштердің жұмысында шешуші рөлді атқарады. Өте ұсақ қалқыма бөлшектерді ұстаудан басқа, бұл қабық бактерияларды ұстап (олардың санын 95-99% азайтып), судың тотықтануын (20-40%-ке) және түсін (20%-ке) төмендетеді. Баяу сүзгіштердің суды сүзу жылдамдығы 0,1-0,3м/сағат.

2. Көлемдік сүзу. Ол жедел сүзгіштерде жүргізіліп, физико-химиялық процесс Болып табылады. Коагуляцияланған Және тұндырғыштан Немесе мөлдірлеткіштен өткен су сүзгішке түседі. Сүзгіштің бетіндегі су қабатының биіктігі 2 метрден кем болмау керек. Сүзу кезінде сұықтықты тесікшелері, бар материалсүзгіден өткізеді. Сүзгіш материалдар ретінде кварц құмы, асбест, шыны-мақта, фосфор пластинкалар(Гуч ыдысы),

нығыздалған шыны (Шот ыдысы), текстильді маталар, мақта, қағаз сүзгілер қолданылады. Сүзілетін сұйықтықтың қасиетіне байланысты әртүрлі материалдан жасалған сүзгілер қолданылады.

Лабораторияда көбіне қағаз сүлгілер қолданылады. Олар қарапайым және қатпарлы болады. Егер Сүзілген тұнба әрі қарай пайдаланылатын болса, қарапайым сүзгі қолданылады. Қарапайым сүзгіні құйғыштың өлшемдеріне сәйкес, шаршы қағазда дәл ортасынан бүгіп, сүзгінің жиегі құйғыштың жиегінен 0,5 см. Төмен түсіп тұратындай етіп бүктелген шаршының жиегін доға етіп қайшымен қию арқылы даярлайды.

Төрт бөктелген сүзгінің бір бөлігін ашып, құйғышқа салады да, бір саусақпен басып тұрып дистеленген сумен сулайды. Суланған сүзгі құйғыштың қабырғаына жабысып тұруы қажет. Бұл сүзгіні даярлау қарапайым сүзгі сияқты, бірақ шаршы қағазға бірнеше рет бірдей бөліктерге бүктеу арқылы жасалады. Оңай сүзілетін сұйықтықтырды-қалыпты қысымда, қиын сүзілетіндерді вакуум арқылы сүзеді. Тұтқыр және қаныққан ерітінділер ыстықтай сүзіледі.

Жедел арынсыз сүзгілерді алдын ала мөлдірлеген (тұндырғыштарда, мөлдірлеткіштерде, түйістіруші префильтрларда) суды тазартудың екі сатылы схемасында және ауыз суы сапасындағы суды алу үшін реагенпен өңделген алдын ала мөлдірленбеген суды тазартудың бір сатылы схемасында қолданады. Жедел арынды сүзгілер әсіресе техникалық мақсатта (ауызсуы мақсаты үшін) қолданылатын суды алу үшін реагенпен және реагентсіз өңделген алдын ала мөлдірленбеген суды тазартудың бір сатылы схемасында кең қолданылады.


14.) Суды залалсыздандыру түсінігі, әдістері, көрсеткіштері.

Суды залалсыздандыру — су құрамындағы ауру жұқтыратын бактерияларды жою тәсілдері. Суды залалсыздандырудың мынадай негізгі төрт әдісі бар: термиялық (қыздыру), өте күшті тотықтыру, физикалық (ультрадыбыстық, радиоактивті сәулелендіру және т.б.) және олигодинамия әдістері. Суды зарарсыздандырудың көп тараған түрі — хлорлау.

Залалсыздандыру реагентті және реагентсіз болып бөлінеді.

Суды тазартуға және залалсыздандыруға арналған қондырғылар – судың сапасын қажетті талаптарға дейін жеткізуге және судың құрамындағы жұқпалы ауру қоздырғыштарын жоюға арналған қондырғылар: тұндырғыштар, сүзгілер, хлораторлар.

Суларды тазарту – құрамындағы заттарды, сондай – ақ патогенді микроорганизмдерді жоюға немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі.

Суды залалсыздандыру — су құрамындағы ауру жұқтыратын бактерияларды жою тәсілдері. Суды залалсыздандырудың мынадай негізгі төрт әдісі бар: термиялық (қыздыру), өте күшті тотықтыру, физикалық (ультрадыбыстық, радиоактивті сөулелендіру және т.б.) және олигодинамия әдістері. Суды зарарсыздандырудың көп тараған түрі — хлорлау.


15. Судың сапасын жақсартудың арнайы әдістері.

Судың сапасын жақсартудағы қарапайым әдістермен қатар, ауыз судың сапасын стандарттарға жеткізетін арнайы әдістер қолданылады.

Судың арнайы өңдеу әдісі дегеніміз- судың құрамындағы белгілі бір химиялық заттың мөлшерінің нормадан көп немесе нормадан аз болған жағдайда, оны нормаға дейін жеткізуін айтамыз. Оларға келесі әдістер жатады: суды жұмсарту, суды тұщыландыру, суды фторлау, суды дефторлау, суды темірлеу, темірсіздендіру.

Суды жұмсарту- суға кермектілік беретін кальций және магний қосылыстарнан тазарту.

Суды тұщыландыру -табиғи судың құрамындағы тұз мөлшерін азайту; теңіз суы немесе тұзды грунт суы құрамындағы тұздың деңгейін суды технологиялық пайдалануға немесе ауыз су үшін тұтынуға қажетті деңгейге дейін тұндыру.

Суды фторлау – суда фтор жетіспеген жағдайда, оған фтор қосу.



Суды фторсыздандыру – суда фтордың мөлшері көп болған жағдайда, оның мөлшерін азайту.

Суды темірсіздендіру - судан темірді кетіру аэрация, суға әк аралыстыру, коагуляция, катиондау арқылы іске асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет