2.Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру және жүргізу.
1.Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға,сымдарға, розеткаларға,штепсельдің айырына,штекерге тиісуге тыйым салынады.
2.Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3.ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
4.Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
5.Үстелге, ДК-дің жанына сұмке,портфель,кітап қоюға болмайды.
6.Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
7.Компьютер сыныбында жүгіруге,ойнауға,жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға,бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1.Корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып,олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз 1.ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің жеткізу керек.
2.Жұмыс кезінде оларға оларға тие бермеу үшін,сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
3.Жұмыс орнын пайдалануды алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1.ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек.Мүмкін қашықтық – 50 см.
2.Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұрудың қажеті жоқ.
3.Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4.Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін білуі керек.
5.Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1.ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда,түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып,аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2.Қажет болса,өртті сөндіруге көмектесу керек.
3.Қажет болса,электр тоғымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
4.Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек.Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті қолдануға болады.
5.Егер зақымданған адам электртогының әсерінде болса,оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек.Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігін талаптары:
1.Аппаратураның оқытушының нұсқауымен өшіру қажет.
2.Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды алу журналына белгі қою керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету:
Электр тогымен зақымданғанды көмек көрсету:
1.Тоқты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2.Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қоластындағы материалдарды пайдалану босату;
3.Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;
4.Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жердем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек көрсету:
1.Ауруды сездімейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин,валерьянка);
2.Күйген жеріне май жағу (ванилин);
3.Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап суық судың астына ұстау;
4.Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жердем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету:
1.Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2.Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жердем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1.Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек,егер ары кетіп қалған қалған болса,қолмен орнына келтіру;
2.Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жердем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Достарыңызбен бөлісу: |