2 тәжірибелік сабақ. Тақырыбы



бет8/51
Дата26.02.2022
өлшемі159,96 Kb.
#133474
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
2тәжірибелік сабақ

Тұлға теориясы. Адам – жер бетіндегі тірі ағзаның жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байла-нысты тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдасты-рудың нақты мазмұны мен әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы маңызды мәселе.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологияда басты категорияның бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың да-муы деп түсіндірсе, педагогтарадамның дамуына мақсатты түрде бас-шылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі фактор-лардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық өзгеріске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты. Оның басты са-лалары мыналар: денесінің өсуі – бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы дамиды. Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.; әлеуметтік жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу т.б.
Есте сақталған пәндер мен құбылыстар, тану барысында жүзеге асқан белгілі бір іс-әрекеттің бейнесі негізінде түсінік қалыптасады. Бұл құбылыс пәндер мен құбылыстардың жалпылама белгілерінің бөлінуі мен жүйеленуін білдіреді.
Педагогикалық сөздіктерде: «Тұлғаға бағдарлану тұғыры – қа-зіргі педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, баланың дара, шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу» деп анықтама берілген. Тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданылып, тұлғаның рухани және зияткерлік сапаларының қалыптасуына бағытталады. Тұлғаға бағдар-лану тұғыры – баланың субъектілі тәжірибесіне, өмірлік жеке тәжі-рибесіне сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға жағдай жасауды білдіреді. Бүгінгі таңда педаго-гикада оқытудың түрлі үлгілері мен технологиялары жасалуда, олар-дың әрқайсысы «тұлғаның дамуы», «оқыту тұғыры», «тұлғаға бағдар-лы білім беру» ұғымдарын өздігінше түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет