1) оқытудың негізгі құралы ретінде айқын, жанды сөзді, ырғақ, табиғи материал, ойынды, шығармашылық әрекетті таңдау;
2) өздерінің «Я»-сын түсіну және дамытуды ынталандырушы ретінде балалардың жеке-дара ерекшеліктеріне, олардың ішкі жан күйзелісіне арқа тұту;
3) балаларда сезім, шығармашылықпен құру, табиғатты танып білу, мәдениет пен өнерді қабылдау қабілеттерін дамытуға бағыт ұстану;
4) оқытуда баға қоймау, өйткені педагог оқушылармен бірге қойылған сұрақтардың жауабын іздейді;
4) оқытуда баға қоймау, өйткені педагог оқушылармен бірге қойылған сұрақтардың жауабын іздейді;
5) еркін қарым-қатынас жасау мақсатында оқушыға кеңес-пікір білдіру түрінде көмек беруге тырысу.
Өткен ғасырдың 20-30 жылдары Францияда атақты француз педагогы және философы, Ванс ауылдық жердің мұғалімі Селестен Френе (1896–1966) провинциялдарда (ауылдық жерлер)бастауыш мектептің педагогикалық жүйесін құрды.
С.Френе негізінен «еркін тәрбие», «еңбек мектептері», ХХ ғ. басындағы «өзін-өзі басқару идеяларын» қолдады. Оның пікірінше бала өзінің тұлғасын өзі жасауы міндетті, шығармашылықпен өзін дамытуы қажет, өзінің потенционалдық күшін өзі ашуы және өзін-өзі жүзеге асыруы тиіс деп санады. Ал педагогтың қызметі балаға өзіне тән дүниелерді ашуға және дамытуға көмектесу. Осыған сәйкес Френе тұлғаның білім алатын және өзін-өзі дамытатын ортасын құруға аса көңіл бөлді.