2. Тәрбие жүйесі: мәні, құрылымы және негізгі компоненттері



бет4/66
Дата24.04.2020
өлшемі428,5 Kb.
#64611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
12 тапсырма

Ішкі қарама-қайшылықтың үшінші түрі – сыртқы қарама-қайшылықтың ықпалы мен тәрбиеленушілердің ішкі талпынысы арасындағы қарама-қайщылық. Егерде бұл қарама-қайшылықты ескермесек, онда тәрбиешінің жұмысында формализим орын алады. Мәселен, тәрбиеші тәрбие процесін мақсатты процесс ретінде нақты түсінеді, бірақ та оны балалардың ықыласынсыз, қызығушылығын, тілегін ескермей жүзеге асырады

  • Ішкі қарама-қайшылықтың үшінші түрі – сыртқы қарама-қайшылықтың ықпалы мен тәрбиеленушілердің ішкі талпынысы арасындағы қарама-қайщылық. Егерде бұл қарама-қайшылықты ескермесек, онда тәрбиешінің жұмысында формализим орын алады. Мәселен, тәрбиеші тәрбие процесін мақсатты процесс ретінде нақты түсінеді, бірақ та оны балалардың ықыласынсыз, қызығушылығын, тілегін ескермей жүзеге асырады
  • Сыртқы қарама-қайшылықтың ықпалы тәрбие процесінің нәтижелілігіне зор әсер етеді. Ол тәрбие процесінің жағымды немесе жағымсыз өтуі үшін жағдай тудыруға қабілетті. Оған мысал ретінде мектепте мақсатты ұйымдастырылған тәрбие процесі мен қоршаған ортаның стихиялық ықпалын, мектеп пен қоғамның арасындағы (қазіргі жастардың өмір сүретін ортасының әлеуметтік портреті), бұқаралық ақпарат құралдары (елдің саяси өмірі), мемлекеттің өткен тарихы, қоғамның мұраты), мектеп пен отбасының, тәрбие барысында сөз бен істің, тұлғаны дамытуда қоғамның талаптары мен оған оқушылардың нақты даярлау деңгейінің сәйкес келмеуі (кейбір жағдайда бұл талаптар мүлде ескерілмейді) арасындағы қарама-қайшылықтарды келтіруге болады.
  • Тәрбие процесінің ерекшелігі бұл процестің қыйыншылығымен сипатталады. Мәселен,
  • 1. Ең алдымен, бұл мақсатты процесс (тәрбиенің мақсаты баланың жүрегіне жақын әрі түсінікті болуы міндетті).
  • 2. Тәрбие процесінің жан-жақтылығы. Өйткені оған жанұя, мектеп, қоғам, жекелеген тәрбиешілер, мектептен тыс мекемелер қатысады. Дегенменде, бұл процесте олардың бала тәрбиесіндегі әрекеттерінде үйлесімділік барлық жағдайда бірлікте бола бермейді.
  • 3. Тәрбиелеушінің әрекеті, оның бала тәрбиесіндегі жетістігі тек оның тәрбие саласындағы біліміне ғана емес, сонымен бірге оның шеберлігіне де байланысты болады. Өйткені, тәрбие бұл - өнер.
  • 4. Бұл процестің нәтижесі оқыту процесіне қарағанда әрқашанда сезіле бермейді, олар көзге онша көрінбей өтіп отырады.
  • 5. Бұл процесс әр кезде тұрақты болдамйды, керісінше динамикалық, яғни өзгермелі, қозғалмалы жағдайда болады.
  • 6. Бұл процес ұзақ мерзімді қамтиды. Өйткені тәрбие адамның туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмірін қамтиды. Соған орай бала адам өміріндегі оның әлеуметтік тәжірибесін (білімі, мінез-құлқы, көзқарасы, сенімі, мұраты, ұстанымы және т.б,) бойына сіңіріп өтеді. Нәтижесінде оның жеке басы әлеуметтенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет