балалардың тәрбиелік әрекеттерін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық және жеке-дара формаларының өзара ықпалдастығы және әрекеттестігінде үйлесімділіктің болуы;
балалардың әртүрлі ұжымдары мен бірлестіктерінің жан-жақты әрекетінің болуы.
7. Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мазмұнының проблемалары.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту мәселесі Білім беру және ғылым министрлігінің, білім беру субъектілерін басқару және барлық типтегі мекемелердің басты бағыттарының біріне айналуда.
Осыған байланысты қоғамының барлық салаларында жаңа үлгіге (модель) өту мәселесі білім беруде тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты детерминациялау жағдайына байланысты қарастыруда, білім берудің мазмұнын реформалауда да аса қажеттілік тудырды. Тәрбиенің ұлттық құндылыққа негізделген қазақстандық үлгісін жасау, оның мақсатын және стратегиялық бағытын анықтау, барлық деңгейдегі білім беру жүйесіндегі оқушылар үшін тәрбиенің бағдарламасын құру өзекті мәселеге айналуда.