2. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: М. Х. Дулатидің, Қ. Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы


«Тарих – и Рашиди» – Хайдар Дулатидің есімін əлемге мəшһүр еткен ең басты шығармасы



бет3/6
Дата22.12.2021
өлшемі116,93 Kb.
#127495
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тарих 12 семинар

«Тарих – и Рашиди» – Хайдар Дулатидің есімін əлемге мəшһүр еткен ең басты шығармасы

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих–и Рашиди» («Рашидтің тарихы») атты еңбегі екі дəптерден тұрады.

Бірінші дəптерде (кітапта) Моғолстанды жəне Қашқар елін билеген Шағатай ұрпақтарының əулеті тарихы баяндалады. Мұнда автор Тоғлық — Темір билік жүргізген кезден (1347–1348) бастап хан тағына Əбу ар-Рашид (Əбдірашид хан) отырған кезеңге дейінгі тарихи мерзімді қамтыған.

Екінші дəптердің (кітаптың) көлемі, біріншісіне қарағанда, төрт еседей көп. Бұл дəптер көбінесе дерлік ақынның өз көзімен көрген оқиғалар бойынша жазылған. Екінші дəптерді ғұмырнамалық шығарма деуге болады.

Екінші дəптер мемуарлық сипат ұстағанмен, онда сұлтан Саид ханның Моғолстандағы өкімет үшін күресі, оның 1514 жылы Дулат əмірлерінен жаулап алып, Моғолстан мемлекетін құрғаны, Шағатай əулетінің Моғолстанның бұрынғы аймағы — Жетісу мен Тянь — Шаньдағы өкімет билігін өз қолдарына алмақ болған əрекеттері, моғол хандарының Шайбани əулетімен жəне қазақ хандарының қарым-қатынастары əңгімеленеді. Шығарма ХV–XVI ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістанда болған тарихи оқиғаларды да қамтиды. Автор еңбегіне моғолдар арасына кең тараған Дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, мемлекеттік ресми құжаттарды, əсіресе тарихшылар: Йакут, Жамал Қарши, Жувейни, Рашид əд-Дин, Казвини, Абд əр-Раззақ Самарқанди, Шараф əд-Дин Əли Йездидің еңбектерін арқау еткен

Автордың айтуынша, шығарманы «Тарих-и Рашиди» деп атауға үш себеп басшылыққа алынған:

«...Біріншісі, Тоғлық–Темір хан ислам дінін маулана Аршададдиннің ықпалымен қабылдады... Екінші себебі, Тоғлық–Темірге дейін-ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек хан қабылдаған еді. Алайда осы хандар дəуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен дұрыс жол таба алмады. Ал құдіретті де мəртебелі Тоғлық–Темір хан мен бақытты моғол ұлысы исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет бұрды. Үшіншіден, қазіргі уақытта моғол ханы Əбдірашид хан болғандықтан, бұл тарих соған арналып, оның құрметіне құрастырылып отыр. Осы үш себептен бұл тарих «Тарих-и Рашиди» («Хақ жолындағылар тарихы») деп аталынды»

«Тарих–и Рашидидің» басқа мағлұматтардан ерекшелігі, мұндағы оқиғаның көбін автор өз көзімен көріп жазған. Жəне мұнда басқа түрлі тарихи жазулар сияқты ешбір шұбалаңдық жоқ, бұл тек белгілі бір дəуірді алып, соны əдемі тілмен айқын суреттеген.

Белгілі ғалым Немат Келімбетовтың пайымдауынша [9; 404], жанрлық тұрғыдан келгенде«Тарих-и Рашидиді» ғылыми еңбек əрі түркі тілдес халықтардың шынайы шежіресі, сондай-ақ тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды деуге болады:

«Тарих-и Рашиди — көне түркі, шағатай, араб, парсы, латын, ежелгі грек, үнді тілдерінде жазылған, есімдері əлемге мəшһүр Шығыс пен Батыс ғұламаларының тарихи зерттеулеріне негізделіп жазылған нағыз ғылыми еңбек.

Хайдар Дулати еңбегі сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ауызша айтылып келген тарихи деректерді, аңыз-əфсаналарды, хандар мен сұлтандардың генеалогиясын (ататегін) өз ішіне қамтыған шынайы шежіре кітап деуге болады.

Қазақ зиялылары шежіре кітаптарды тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды ретінде таныған. Тіпті алғашқы ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре мəтінін тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындыға айналдырып жіберетін болған.

Міне, Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегін жазу барысында осы жайттарды мықтап ескере отырып, оны жоғарыда айтылған үш талапқа да жауап беретіндей етіп жазған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет