2.2-сурет 2.2.-суретте меншікті байланыс энергиясының А массалық санға тәуелділігі көрсетілген. 2.1.2. Есеп шығару үлгілері
Атомдық ядролардың негізгі қасиеттері.
1. Атомдық ядролардағы заттың тығыздығын бағалаңыз.
Шешімі: Массалық саны А ядроның радиусы:
формуласымен анықталады.
Мұндағы, , Ф – ферми-ядролық физикада қолданылатын ұзындық бірлігі, ол бір фемтометрге тең (1 фм =10-15 м). Осы формуланы ескеріп, ядроның көлемін табамыз:
. Егер протон мен нейтронның массаларындағы айырмашылықты елемесе, онда ядро массасын:
формуласымен анықтауға болады.
Демек, атомдық ядролардағы заттың орташа тығыздығы:
2. Нуклонның массасы 1,67·10-27 кг. 1) Ядролық материяның тығыздығын табыңыз; 2) егер Жер өзінің нақты массасымен (5,98·1024 кг) ядролық материяның тығыздығындай тығыздыққа ие болса, онда Жердің радиусы қандай болар еді?
Берілгені: М= 5,98·1024 кг; mH = 1.67·10-27 кг.
Шешімі: 1) Атомдық ядроны сфера пішінді деп есептеп, ядролық материяның тығыздығын: (1) формуласымен анықтауға болады.
– ядроның радиусы (есептеу үшін R0= 1,3 фм = 1,3·10-15 м). Ядроның радиусы үшін өрнекті (1) формулаға қойып, ядролық материяның тығыздығын табамыз: (2) кг/м3 2) Жердің массасы:
(3)
мұндағы,ρ – оның тығыздығы (есептің шарты бойынша ол ядролық материяның тығыздығына тең); R1 – Жердің радиусы.
Жердің радиусы осы берілген шарттар және (3) формула бойынша мынаған тең болады: (4) м. Жауабы: ρ = 1,82·1017 кг/м3; R1 = 199 м.
3. Әр атомында Z=79 электроны бар атомдар кинетикалық энергиясы Ек=5 МэВ α–бөлшектермен атқыланады, атом ядросының мөлшерін табыңыз.
Шешімі: Ең алдымен, α – бөлшектердің атом ядросына мүмкін болғанша жақындай алатын ең аз кіші Rmin қашықтығын табайық. Rmin арақашықтықта α – бөлшектердің кинетикалық энергиясы электростатикалық тебілу потенциалдық энергиясына айналады.
Электростатикадан екі нүктелік зарядтың әсерлесуінің потенциалдық энергиясы мынадай теңдеумен анықталатыны белгілі:
Есептей келе, Rmin ≈ 10-14 м шығатынын көреміз, яғни, α – бөлшектердің радиусы мен атомның радиусының қосындысы Rmin ≤ 10-14 м болады, ендеше атом ядросының диаметрі 10-14 м- ден кіші екендігі шығады.
4. Бейтарап уран атомының қанша пайызын оның электрондық қабықшасы құрайды? Уранның салыстырмалы атомдық массасын массалық санға тең деп есептеу керек.