2-Зертханалық жұмыс Тақырыбы: «Асинхорнды қозғалтқыштар»


Асинхронды электр қозғалтқыш статоры орамасында индукциялатын электр қозғаушы күштері



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі118,9 Kb.
#120196
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ахметқалиев Қуаныш 19-08гр 2лаб Асинхорнды қозғалтқыштар

3.Асинхронды электр қозғалтқыш статоры орамасында индукциялатын электр қозғаушы күштері


Бізге Э.Т.Н курсынан белгілі, үш фазалы симметриялы электр желісіне қосылған үшфазалы орама магнит өрісі амплитудасының біржарым еселік мәніне тең шамасы өзгермей бірқалыпты айналатын бір фазалы маг-нит ағынын жасайды (5). Магнит ағыны өз айналасында ста-тор орамасы фазасының катушкасына мөлшерінің өзгеруіне косинусойдалы тәуелділікпен енеді және онда синусойдалы түрдегі ЭҚК индукцияланады. Индукцияның шамасы стандартталғандықтан, ал магнит ағынын анықтау үшін магнит кедергісінің мөлшерін есептеп шығару керектігінен сонда ЭҚК теңдеуін индукция арқылы көрсету тиімді:
(7)
мұндағы Q-статор темірінің ұзындығы мен ені шектелген ауа саңылауының қимасы. Статор орамасында трансформатордағы сияқты негізгі магнит ағынымен қоса шашыраңқылық магнит ағыны бар  электр тізбектері теориясына сәйкес кешенді түрде мына түрде көрінеді:
(8)
мұндағы статор орамасындағы шашырату индукциялығы, сан мәні темір өзекшесіз, ораманың индуктивтігіне тең; статор орамасы фазасының индуктивті шашырау кедергісі оны ЭТН курсынан белгілі өрнекпен есептеп шығарады:
(9)
Шашыраудың индуктивті кедіргісі асинхронды қозғалтқыштың жұмыс тәртібіне тәуелсіз, тұрақты шама деп саналады.
Асинхронды қозғалтқышы роторының орамасында индукцияланатын электр қозғаушы күші. Асинхронды қозғалтқыш роторының орамасында статор орамасындағы сияқты негізгі мағнит ағылнынан және ротор тоғы мен түзетін шашыраңқы ағыннан индукцияланатын ЭҚК болады. Негізгі магнит ағыны -ке қарағанда ротор орамы кейбір сырғанаумен айналатындықтан, онда негізгі магнит ағынынан индукцияланған ЭҚК тың жиілігі 2 желінің жиілігінен ерекшеленіп қана қоймай сырғанаудың (жүктеменің) өзгеруіне қарай өзгеріп те отырады. Негізгі магнит ағынынан ЭҚКтің әрекеттегі мәнін мына теңдеумен көрсетуге болады:
(10)
мұндағы w-мен k02 орама саны мен ротор орамасының орамалық коэффициенті f2  ротор орамасындағы статор орамасының жиілігіне байланысты ЭКК-тің жиілігі, мына өрнекпен өрнектеледі:
(11)
негізгі магнит ағынының сырғанау функциясына тәуелділігі былай жазылады:
(12)
ЭҚК, бұл кезде асинхронды қозгалтқыш кернеу трансформаторына ұқсайды. өрнекте магнит ағыны Ф-ны индукциямен ауыстыру тиімді, себебі оның шамасы стандартгталады, сондықтан ЭҚКтің Е2 сандық мәнін анықтау айтарлықтай жеңілдейді:
(13)
мұндағы Q -ротор темірінің ұзындығымен және енімен шектел-ген ауа саңылауының қимасы, ротор орамасында шашырау магнит ағынымен индукцияланатын өзіндік ЭҚК статор орамасындағы өзіңдік ЭҚК теңдеуі мен бірдей болады:
(14)
мұнда: (15)
мұнда  ротор орамасындағы сырғу шамасына тәуелді шашырау кедергісі; — ротор орамасының шашыранды индукциялануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет