Митральды қақпақша тарылуы кезінде екі жармалы тесіктің қатты тарылғанында ғана гемодинамика бұзылады, қалыпты жағдайда тесіктің көлденең көлемі 4-6 см болса, ол 1,5 см-ге дейін кішірейеді. Диастола фазасында қан сол жақ қарыншаға тар жерден уақытында өтіп үлгермейді, сол жақ жүрекшеде қан қалып қояды.
- систолиялық АҚ төмендеуі ;
- жүрек ұшы түрткісінің әлсіреуі;
- жүрек ұшында диастолалы діріл;
- жүрек ұшында шапалақты І тон;
- жүрек ұшында пресистолалық акцентпен максимальды естілетін диастолалық шу;
- өкпе артерия үстінде ІІ тон акцентінің екі еселенуі, жүректің ІІІ және ІV тондарының пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |