20 балдық Бронхтық обструкция синдромының этиопатогенезі туралы түсіндіріңіз



бет39/83
Дата31.01.2022
өлшемі3,84 Mb.
#130301
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83
Байланысты:
Ішкі аурулар ЭТАЛОН

Экссудатты перикардит үлпершектің тотальды зақымдануынан, осыған байланысты сұйықтықтың сіңірілу бұзылысынан болады. Кардиомегалия синдромы үлпершекке экссудаттың жиналуынан болады. Ең алдымен экссудат – ірі тамырлардың жүрекке жалғасқан жеріндегі физиологиялық қалталарға, кейiн диафрагманың үстiне, жүрек пен омыртқа жотасының аралығына, содан сон жүрек ұшының маңына жиналады. Сұйықтық көбейе келе үлпершектiң бүкiл қуысын толтыруы мүмкін, бұл жағдайда жүректін ұшы "калкып" жогары көтеріледі де, жүректiң қалпы горизонтальдi болады. Жүректің енi ұлғайып, кейде ұзындығынан басым болады. Нағыз тұйықтықтың енi ұлғаяды және жүректің контуры бiртiндеп шар тәрiздi домалақтанады. Сұйықтық аса кеп жиналғанда жүрек аймағы сәл iсiнiп, томпаяды.

Кеуденің сол жағы тыныстан калынкы. Диафрагманың төмен ығысуынан эпигастрий аймағы томпаяды және тыныс қимылына қатыспайды. Журектiң артына жиналған экссудаттан сол жақ жауырынның астында тұйық дыбыс, әлсiз везикулалық тыныс немесе бронх тынысы пайда болады. Науқасты төрт аяктатып тұрғызса, сұйықтық алдыңғы жаққа кетедi де тұйык дыбыс жойылады және демдi бiр-екi терең алған соң өкпе жазылады да, әдеттегi везикулалык тыныс пайда болады, кейде сонымен бiрге ұсак кепiршiктi сырылдар естіледі (Пен белгiсi). Жүректi тексергенде - жүрекұшы түрткісінің әлсiздiгi байкалады, кейде оның 3-4-ші кабырғааралыққа дейiн көтерiлуi анықталады. Сұйықтық аса мол жиналса журекұшы түрткісі анықталмайды, оның жойылуы әсіресе жатқан жағдайда байқалады. Шала тұйыктыктың шегi солга - қолтық асты сызықтарына, оңға - бұғана орта сызығына дейiн кеңуi ықтимал.

Журек тондары әлсiзденедi, кейде жүректiң қысылуынан, митральді қақпақтын өтпелi пролапсi пайда болып, қысқа систолалык шу естіледі. Экссудат азайғанда пролапс та, шу да жойылады.

Кардиомегалия-алкогольдік кардиомиопатияның ерте клиникалық белгісі, перкуторлы жүрек шекаралары солға қарай кеңейеді. Аускультация кезінде жүрек дыбыстары үнсіз немесе саңырау, тахикардия, жиі жүрек ырғағының бұзылуы. Аритмия, әсіресе атриальды фибрилляцияның пароксизмі аурудың алғашқы клиникалық көрінісі болуы мүмкін. Жүрек қуыстарының едәуір ұлғаюымен жүректің жоғарғы жағындағы систолалық шу естіледі (митральды регургитация көрінісі) немесе ксифоидты процесс аймағында (салыстырмалы трикуспидті жеткіліксіздікке байланысты).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет