Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі – бұл жүрек ақауында жарты айшық тәрізді жапқыштар қолқа саңылауын диастола кезінде жаппайды, осының зардабынан қолқадан қан кері сол жақ қарыншаға қайта ағады. Жүрек шекарасы солға қарай ығысады. Аускультацияда І дыбыс жүрек ұшында әлсіз. Оң жақ ІІ қабылғааралықта және Боткин нүктесінде продиастолалық әлсіз шу естіледі. Аорта нүктесінде ІІ тонның әлсіреуі немесе жойылуы.
Қолқа сағасының тарылуы –сол жақ қарынша жиырылғанда қан қолқаға кедергіге тап бола отырып өтеді. Тесіктің тарылуы қалыпты жағдайда 3см2 –ден 1,0-0,5 см-ге дейін болса, сол қарынша қаннан түгел босай алмайды. Жүрек ұшында бірінші дыбыс әлсіз болады. Қолқада ІІ дыбыс бәсеңдейді.