Инструменталдық зерттеулер:
1. Спирография: ФЖЕЛ жəне ОФВ1 төмендеуі.
2. Көкірек клеткасы ағзаларының рентгенографиясы: өкпелік суреттің күшеюі немесе торлық деформациясы, өкпе эмфиземасының белгілері.
Лабораторлық зерттеулер
ҚЖА айтарлықты өзгеріссіз.
Қақырық анализі – макроскопиялық зерттеу. Қақырық сілемейлі немесе іріңді болуы мүмкін
Дифференциалды диагноз
Диагноз немесе ауру себебі
|
Диагноз пайдасына
|
Обструктивті бронхит
|
- Анамнезде демікпелік тыныс тек қана салқын тиюмен байланысты;
- Нəрестеде жəне жанұя мүшелеріндед емікпе/экзема/поллиноздың болмауы;
- Ұзарған тыныс;
- Аускультацияда – құрғақ сырылдар, əлсіздеген тыныс (егер айқын болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Бронхолитиктерге жақсы реакция;
- Көріністер демікпедегіге қарағанда негізінен аз айқын.
|
Демікпе
|
- Анамнездегі қайталамалы демікпелік тыныс, кейбір жағдайда;
- ЖРВИ байланыссыз;
- Көкірек клеткасының кеңеюі;
- Ұзарған тыныс;
- Аускультацияда – əлсіздеген тыныс (егер айқын болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Бронхолитиктерге жақсы реакция.
|
Бронхиолит
|
- < 2 жастағы нəрестенің демікпелік тынысының бірінші жағдайы;
- Бронхиолоитпен аурушаңдықтың мезгілдік арту кезеңіндегі демікпелік тыныс;
- Көкірек клеткасының кеңеюі;
- Ұзарған тыныс алу;
- Аускультацияда– əлсіздеген тыныс (егер айқын болса өте күшті – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Əлсіз реакция немесе бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.
|
Бөгде дене
|
- Тыныс жолдарының механикалық обструкциясының кнеттен дамуы (нəресте «түйілді») немесе стридор.
- Кейде демікпелік тыныс немесе кеуде клеткасының бір жағынан патологиялық кеңеюі;
- Перкуторлық дыбыстың күшеюімен жəне аралықтың ығысуымен ауаның тыныс жолдарында бөгеліп қалуы;
- Өкпе коллапсының белгілері: əлсіздеген тыныс жəне перкуторлық дыбыстың тұйықталуы;
- Бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.
|
Пневмония
|
- Жөтел жəне жиілеген тыныс;
- Көкірек клеткасының төменгі бөлігінің ішке кіруі;
- Қызба;
- Аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, сулы сырылдар, мұрын қанаттарының кеңеюі;
- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде).
|
Ем мақсаты:
- симптомдардың айқындылығын азайту;
- асқынулардың дамуын болдырмау;
- өкпенің оптималды функциясын ұстап тұру;
- күнделікті белсенділікті, өмір сапасы мен өмір сүруді арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |