20 балдық Бронхтық обструкция синдромының этиопатогенезі туралы түсіндіріңіз



бет76/83
Дата31.01.2022
өлшемі3,84 Mb.
#130301
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83
Байланысты:
Ішкі аурулар ЭТАЛОН

Диагнозды нақтылау:

Шағымдары: айқын сезілетін жалпы əлсіздік, бас айналу, “көз алдындағы тұман”, жүрек қағуы, төссүйек артындағы ауыру сезімі, тұншығу.

1. Шеткі қанайналым бұзылу симптомдары:

- сұр цианоз немесе бозғылт цианозды, “мəрмəр түсті”, ылғалды тері;

- акроцианоз;

- венаның жабылуы;

- суық алақан мен табан;

- шеткі қанайналымы жылдамдығының азаюы.

2. Естің бұзылуы: тежелу, қозу.

3. Олигурия (диурездің 20 мм/ сағ-тан төмендеуі, ауыр ағымда-анурия).

4. Систолалық АҚ-ның 90 – 80 мм с.б.-нан төмендеуі.

5. Пульстік АҚ-ның 20 мм с.б.- нан төмен түсуі.

Перкуссия бойынша жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі, аускультацияда жүрек тондары тұйық, аритмия, тахикардия, протодиастолалық шоқырақ ырғағы. (айқын байқалатын солқарыншалық жетіспеушілік). Тыныс алуы жиі, үстіртін.

Кардиогендік шоктың ауыр ағымы жүрек демікпесі мен өкпе ісінуінің дамуымен сипатталады. Тұншығу пайда болады, көбік қақырықты жөтел. Өкпе перкуссиясында төменгі бөліктерде перкуторлық дыбыс тұйықталған. Осы жерде крепитация жəне ұсақ көпіршікті сырылдар. Альвеолалық ісіну дамығанда сырылдар өкпенің 50%-тен жоғары бетінде естіледі.



ЕМДЕУ:

1.1. Ауырсынуды тыю.

1.2. Оксигенотерапия.

1.3. Тромболитикалық терапия.

1.4. ЖЖЖ коррекциясы, гемодинамикалық мониторинг.

2. Сұйықтықты көк тамырға енгізу.

3. Шеткері тамырлық кедергіні азайту.

4. Миокардтың жиырылуын күшейту.

5. Аортаішілік баллонды контрапульсация.

6. Хирургиялық ем.

Жедел көмекті кезең бойынша жүргізеді, алдыңғысынан əсер болмаса келесісіне көшеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет